Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





азақстан Республикасы азаматтарының негiзгi мiндеттерi.



 Қазақстан Республикасы азаматтарының негiзгi мiндеттерi.

  Азаматтардың негiзгi мiндеттерiне Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды сақтау, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, ар-намысы мен қaдip-қacиeтiн құрметтеу, салықтар мен алымдарды төлеу, т. б. жатады. Әр азамат Республиканың мемлекеттiк рәмiздерiн құрметтеугемiндеттi. Рәмiздерге: Мемлекеттiк Ту, Мемлекеттiк Елтаңба және Мемлекеттiк Гимн жатады. Әркiм Республиканың мемлекеттiк рәмiздерiн құрметтеуге мiндеттi. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасын мемлекеттiк емес ұйымдардың және олардың лауазымды адамдарының бланктерiнде және басқа реквизиттерiнде пайдалануына заңмен тиым салынған. Мемлекеттiк нышандарды қорлаушылық үшiн қылмыстық жауаптылыққа дейiнгi заңдық жауапталық белгiленген. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 317-бабында Мемлекеттiк Туды, Мемлекеттiк Елтаңбаны немесе Мемлекеттiк Гимндi қорлағаны үшiн, қылмыскер айыппен немесе бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Елдi сыртқы қарулы күш көрсетуден қорғау бүкiл халықтың басты қызметiнiң бiрi болып табылады. Сондықтан Қазақстан Республикасын қорғау әр азаматтың қасиеттi борышы мен мiндетi ретiнде конституциялық тұрғыда бекiтiлген. Мемлекеттi қорғау қызметi мән-мағынасы жағынан сол мемлекеттiң мiндетi. Бейбiт кезде елдiң қорғаныс қабiлетiн нығайту, қарулы шабуылдың алдын алу және Қазақстан Республикасына қарсы жасалуы мүмкiн шабуылды тойтару, сондай-ақ әскери ғылым мен техниканы дамыту үшiн мемлекет қажеттi шараларды жүзеге асырады. Әскери қнзметтiң тәртiбi мен түрлерi “Жалпыға бiрдей әскери мiндет және әскери қызмет туралы” 1993 жылғы 1 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледi. Жалпыға бiрдей әскери мiндетке: азаматтарды әскери қызметке дайындау; шақыру учаскелерiне тiркеу; әскери қызметке тiркеу; әскери қызметтi өтеу; запастағы әскери қызмет; запаста жүрген кезде оқу жиындарынан өту; соғыс кезiнде азаматтардың бәрiне бiрдей әскери бiлiм беру кiредi. Қазақстан Республикасының азаматтары жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiгiне қатысты мынадай санаттарға: әскерге шақыруға дайындар – шақыру пунктiне тiркелгенге дейiн 15 жастан бастап әскери қызметке әзiрлiктен өткен бозбалалар; әскерге шақырылатындар - шақыру пунктiне тiркелген тiркелген адамдар; әскерилер - әскери қызметте жүрген адамдар; әскери мiндеттiлер - запастағы адамдар; әскери мiндеттiлiк жүктелмегендер - әскери есепке алынбағандар немесе осы тiзiмнен алынғандар жатқызылады. Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи, мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қорғауға, табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға мiндеттi. Жоғарыда аталған мiндеттермен қатар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртiптi, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажеттi шамада және заңмен шектелуi мүмкiн. Бұл мәселе, мысалы, Республиканың бүкiл аумағында не бiр бөлiгiнде төтенше жағдай енгiзiлген кезде көрiнiс табады. Себебi, төтенше жағдай уақытша шара болып және азаматтардың, заңды құқығы бар мекемелердiң құқықтары мен бостандықтарын шектеудi белгiлейтiн айрықша құқықтық режим болып табылады.

1. Конституцияның 39-бабында саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қандай да бiр түрде шектеуге жол берiлмейтiндiгi туралы тұжырым бар.

   ҚР азаматтығына адамның мемлекет пен арасындағы өзара құқықтар мен бостандықтар жиынтығын білдіретін тұрақты саяси-құқықтық байланыс ұғынылады.

   «Азаматтық» ұғымы заң бойынша 3 элементтен тұпады: 1. Адамның мемлекетпен байланысы тұрақты болуы тиіс. 2. Адамның мемлекетпен байланысы саяси-құқықтық сипатта болады. 3. Мемлекет пен азаматтың арасында өзара құқық пен міндеттемелер белгіленеді.

   Қазақстан мемлекетінің демократиялылығы Конституцияның, тұтас алғанда халықтың, әлеуметтік, ұлттық fpi-4 мүдделерін, жекелеген адамдардың заңды мүдделерін қорғауға тілек білдірген, қабілетті өкілдерін өкілетті органдарға ұсынып, сайлауға мүмкіндік беретін демократиялық нормаларды белгілеумен көрінеді.

  Қазақстан мемлекетінің демократиялылығы референдумды демократиялық жолмен өткізуден де көрінеді.

   Ұлттық және халықтық егемендіктің орнығуы мемлекет демократиялығының көрінісі болып табылады.

  Ұлттық егемендік ұлттың өз тағдырына өзі ие болуынан, мемлекеттік, экономикалық және рухани салаларда өзін-өзі тануынан көрінеді.

  ҚР құқықтық мемлекетті орнықтыру жолына, құқыққа негізделген мемлекет құру жолына түсті. Мемлекеттің бірінші принципі заңның жоғары тұруы.                                

Заң талаптарын орындауға барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың бірдей міндеттілігі. Заңды мүлтіксіз орындауы құқықтық мемлекеттің негізгі принциптері.

  «Әлеуметтік мемлекет» ұғымы соғыстан кейінгі жылдардағы саяси ілімде адам құқығы жөнінде, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерін құру жөнінде, тұрмысы төмендерді қолдау, жанжалмен, қылмыскерлікпен және тағы басқалармен күрес жөнінде қамқоршы болуды білдіретін әлеуметтік саясатты жүзеге асыруға қабілетті шартты түрде тұрақты және дамыған экономикасы бар қазіргі демократиялық үлгідегі мемлекетті білдіреді.

Қазақстан мемлекетінің зайырлық сипаты онда ресми, мемлекеттік діннің болмайтындығынан – көптеген діни уағыздың бір де бірінің міндетті немесе басым болып табылатындығынан көрінеді.

Президенттік институты президенттік және парламенттік басқару республикаларында құрылып, қызмет етуде. Парламенттік басқару жүйесінде ел басшысы қызметін Президент атқарады, ал нақты атқарушылық билік Парламент алдында есеп беретін Үкіметтің қолында болады. Президенттік Республикада Президент кең өкілеттікті және ерекше жағдайды иеленеді. Президенттік республика мынадай қырларымен сипатталады: Үкімет Президент алдында жауап береді, Үкімет мүшелерін Президент өз қалауымен қызметке тағайындайды және босатады, Президент заңдар бойынша ұсыныс енгізуге, Парламент қабылдаған заңдарға қол қоюға немесе оларға тиым салуға құқылы, Президент өз қалауымен заң күші бар жарлықтар шығаруға құқылы, Президент лауазымы бойынша Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы болып табылады, Президент Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақыруға құқылы, Президент референдум өткізуге, төтенше жағдай енгізуге құқылы.

ҚР 1995 жылға Конституциясы мемлекеттік билік органдары жүйесінде бірінші органға президентті қойды. Сөйтіп, ҚР-да президенттік басқару жүйесі орнықтырылғаны туралы конституциялық қағиданы бекітті. Конституция Президенттің ерекше жағдайын тани келіп, Президенттің мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді түрде жұмыс істеуін және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ететіндігі орнықтырды.

   Парламент ҚР-ның Жоғарғы Кеңес деп аталған «бір буынды» өкілетті органының орнына келді. ҚР 1995 жылғы Конституциясы Парламентті заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган ретінде сипаттайды. ҚР Парламенті жоғары өкілді орган ретінде де, өкілді демократия органы ретінде де өмірге келді. Халық тікелей ғана емес, Парламент арқылы да өзінің саяси еркін білдіреді.

  Заң шығару қызметімен бірге Парламент, шектеулі көлемде болса да, атқарушы биліктің қызметінде бақылай алады. Парламент республиканың бюджетін және оның орындалуы жөнінде Үкімет пен Республикалық бюджеттің бақылау жөніндегі Есеп комитетінің есебін бекітеді, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.Палдамент Үкіметтің бағдарламасын мақұлдайды немесе қабылдамай тастауы және Үкіметтің қызметіне сенімсіздік білдіруі мүмкін. ҚР Конституциясы бірінші рет Парламенттің екі Палаталық (Сенат және Мәжіліс) құрылымын бекітті.  

Үкiмет - Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйeciн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Үкiмет өзiнiң бұл қызметiнде Республика Президентiнiң алдында жауап бередi.

Біздің елдегі сот төрелігін Конституцияның 75 – бабына, ҚР – ның 2000 жылғы 25 – желтоқсандағы      « ҚР –ның сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы » конституциялық заңына сәйкес тек сот қана жүзеге асырады. Сот жүйесін ҚР – ның Жоғарғы соты және жергілікті соттар құрайды.

        Жергілікті соттарға облыстық және оларға теңестірілген соттар және аудандық, сол сияқты оларға теңестірілген соттар жатады.

         Сот азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, ол бұзылған жағдайда оны қалпына келтіретін барынша ықпалды нысан болып табылады.

             Соттар қайсыбіреулерінің еркіне қарамастан тек Конституция мен Республика заңдарына сәйкес, өздеріне Республика атынан берілген билікті жүзеге асырады, іс жүргізу нысандарында белгіленген сот ісін қарауға процесс мүшелерінің барлығының да белсенді қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, істің ақиқатын ашады және ол бойынша заңды әрі негізделген шешім шығарады.

           Соттарға мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген. Сот азаматтық және шаруашылық істер жөніндегі шешімдер талапкер мен жауапкерді тиісті тәртіпке шақырады. Кінәліге қылмыстық жазаны тек сот тағайындай алады.

            Істі сот орындарында қарау мен шешу Конституцияның 77 – бабында аталған төменгі принциптерге негізделеді.

- адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;

- бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;

- өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды;

- сотта әркім өз сөзін тыңдауға құқылы;

- жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тастаса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады;

- айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;

- ешкім өзіне - өзі, жұбайына және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес;

- адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез – келген күдік айыпталушының пайдасына қарстырылады;

- заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды.Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес;

- қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.

Конституциямен белгіленген сот төрелігінің аталған принциптері Республиканың барлық соттары мен судьяларына ортақ және бірыңғай болып табылады.

ҚР – ның барлық соттарының судьяларының мәртебесі бірдей, ал бір – бірінен тек өкілеттерімен ғана ерекшеленеді. Оларға сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктер беріледі, ол өз міндеттерін тұрақты негізде орындайды және сот билігін жүргізуші болып табылады.

Жергiлiктi мемлекеттiк басқарудытиiстi аумақтаығы icтiң жай-күйiне жауап беретiн жергiлiктi өкiлеттi (мәслихаттар) және атқарушы органдар (Президент пен Үкiметтiң өкiлдерi болнп табылатын әкiмдер басқаратын) жүзеге асырады.

                                                                 

                                   

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.