Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





АІИ ЭКЗОГЕНДІ ТҮРІНІҢ  АЖЫРАТПАЛЫ-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ КРИТЕРИЙЛЕРІ (Слайд 2)



АІИ ЭКЗОГЕНДІ ТҮРІНІҢ  АЖЫРАТПАЛЫ-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ КРИТЕРИЙЛЕРІ (Слайд 2)

 

АІИ экзогенді түрінің салыстырмалы-диагностикалық критерийлері:

· күнделікті бактериологиялық бақылау кезінде бірен-саран стерильді емес материалдың болуы немесе жалған локальді контаминаттың болуы, сонымен қатар стерильді материалмен жұмыс кезінде қызметкерлердің асептиканы бұзуы жөніндегі бактериологиялық дәлелді фактінің болуы;

· «таза» операциялардан кейін ауруханаішілік іріңді инфекциялардың дамуы;

· полиэтиологиялылығы;

· резистенттік типі бойынша қоздырғыштардың әртүрлі болуы.

АІИ эндогендік түрінің патогномды эпидемиологиялық белгілері:

· стерилизациялаушы құралдардың жұмысының тиімділігін бақылау кезінде материалдың стерилденбеген сынамаларының болмауы;

· қоздырғыштың операция жасалған қуыстың қалыпты микрофлорасына сәйкес келуі немесе созылмалы инфекция ошағынан бөлінген микроорганизмдерге идентивті болуы;

· динамикада инфекцияның полиэтиологиялылығы;

· инфекцияның басқа жағдайлармен эпидемиологиялық байланысының болмауы;

· наличие у пациентте операция кезінде техникалық қиындықтардың болуы немесе инфекция туындауының салмақты қауіп факторларының болуы.

 

Шынайы госпитализмнің типтік белгілері болып табылады:

· инфицирленудің экзогенді көзінің болмауы;

· ауруханаішілік іріңді инфекциялардың қоздырғыш штамымен бірдей әртүрлі биотоптардың колонизациясының болуы наличие;

· микроорганизмдердің резистенс-типтерінің біркелкі еместігінің коэффициенті 0,7 төмен емес;

· сыртқы ортада қоздырғыштың ұзақ сақталуы және дезинфектанттарға тұрақтылығы.

 

Госпитальдік эпидемиологтарға белгілі жағдай, бір ғана тіркелген пациенттегі іріңді инфекция бойынша оның көзін, жұғу факторларын және аурудың дамуына әкелген жағдайды анықтау мүмкін емес. Дегенмен, күнделікті бақылау және стационарда тіркелген инфекцияның қандай типті екенін іздену сұрақтары, пайда болған госпитальдік штаммның белгілеріне мониторинг жасау эпидемиологиялық диагностика жүргізуге мүмкіндік береді және АІИ тиімді бақылауды қамтамасыз етеді.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.