Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





арағанды мемлекеттік медициналық университет



Қарағанды мемлекеттік медициналық университет

Балалар жұқпалы аурулары кафедрасы

                                                                      

 

Дәріс

 

Тақырып: «Балалардағы жұқпалы аурулардың алдын алу және ауруханаішілік жұғуын ескерту»

           

 

Пән: балалар жұқпалы аурулары

Мамандығы: 051301, «Жалпы медицина»

                              

Курсы: IV

Уақыты (ұзақтығы): 2 сағат (100 мин)

 

 

· Тақырып: «Балалардағы жұқпалы аурулардың алдын алу және ауруханаішілік жұғуын ескерту»

· Мақсаты: Студенттерге жұқпалы аурулар ауруханасында қауіпсіздік техникасын сақтауды қалыптастыру, ауруханаішілік инфекциялардың негізгі клиникалық белгілерін диагностикалауды, жіктеу принциптерін, лабораторлық диагностикалаудың негізгі заманауи әдістерін үйрету, инфекция ошағында алдын алудың және эпидемияға қарсы шараларды жүргізуді ұйымдастыра білуді үйрету.

· Дәріс жоспары

  1. Санитарлық-гигиеналық шаралар
  2. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру
  3. Карантин туралы түсінік
  4. Дезинсекция
  5. Дезинфекция
  6. Дератизация
  7. Активті иммунизация
  8. Профилактика перекрестной инфекции.
  9. Алдын алу.

 

· Дәрістің тезистері

Ауруханаішілік инфекциялар (нозокомиальдік деп те аталады) сырқаттылық пен өлімнің маңызды себебі болып табылады. Бұлар науқас емдеу мекемесіне түскеннен кейін пайда болады, ауруханаға түскен мезетте бұл инфекциялардың клиникалық белгілері болмайды, және оның жасырын кезеңіне де сәйкес келмейді. Сондай-ақ бұл категорияға науқас ауруханада жатқан кезде қабылдаған, бірақ ауруханадан шыққанға дейін клиникалық көрінісі білінбеген инфекциялар да жатады. Осы инфекциялардың барлығын болмаса да, көбісін алдын ала ескертуге болады, сондықтан ауруханаішілік инфекция терминін ятрогендік инфекцияға эквивалентті түсінік деп санауға болмайды, олар диагностикалық немесе емдеу ісшараларын қолдану кезінде (уретральдік немесе көк тамырға катетер енгізгенде) пайда болатын инфекциялар. Оппортунисттік инфекциялар қорғаныс механизмі бұзылысқа ұшырағандарда дамиды. Олардың қоздырғыштары сау адамдарда әдетте ауру тудырмайтын инфекционды агенттер. Көптеген оппорту­нисттік инфекциялардың себебі, науқастың өзінің флорасының құрамына кіретін (аутоинфекция) микроорганизмдер болып табылады, оның үстіне мұндай оппортунисттік инфекциялар жиі міндетті түрде дамиды, өйткені олардың туындауы шырышты қабаттар мен басқа да қорғаныс механизмдерінің ақауларымен байланысты (аутохтонды инфекция).

Аудиторияға сұрақ:

Қандай микроорганизмдер ауруханаішілік инфицирленуге әкеледі?

Ауруханаішілік инфекциялар (АІИ) заманауи медицинаның түйткілді мәселелерінің бірі бола отырып, барған сайын медициналық және әлеуметтік маңыздылығы арта түсуде.

       АІИ (синонимдары – госпитальдік, ауруханаішілік, нозокомиальдік) – инфекция, жұғуы емдеу-алдын алу мекемелерінде жүзеге асады. Сонымен қатар АІИ өзінің кәсіби істерімен байланысты медициналық мекеменің қызметкерінен де жұғатын ауру болып табылады.

       АІИ мәселесі кейінгі жылдары әлемнің барлық елдерінде аса маңызды көкейкесті мәселеге айналып отыр, оларға өндірістік дамыған елдер де, дамушы елдер де кіреді.

       Тәжірибелік байқауларға сай АІИ емдеу мекемелеріндегі науқастардың аз дегенде 5-7% кездеседі. Негізгі ауруға АІИ қосылуы пациенттің ауруханада жатуын орташа есеппен 6-8 күнге созады. Летальділік АІИ тобында анағұрлым жоғары.

       Соңғы жылдары медицинаның және әлеуметтік-экономикалық жағдайының қарқынды дамуымен АІИ сырқаттылықтың жоғарылауына әкелетін факторлар пайда болды. Оларға антибиотиктерге-резистентті, соңғы ұрпақтардың қымбат антибиотиктерге тұрақты, госпитальдік штаммдар санының өсуі жатады; қымбат тұратын медициналық құралдарды дезинфекция мен стерилизациялау (оның ішінде эндоскопиялық техникалар) қиындығы; елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың төмендеуі медициналық жәрдем көрсету сапасына қосалқы кері әсерін тигізеді.

       Ауруханаларда пайда болатын АІИ, және оларды жою мен жұқтырған пациенттерді емдеумен байланысты мәселелер едәуір бюджеттік қаржыландыруды талап етеді. АІИ әкелетін минимальдік экономикалық зардабы жыл сайын 5 млрд тенгеден асады.

       АІИ өзектілігі мен маңыздылығы, мәселенің мемлекеттік масштабта болуы федеральдік және аймақтық деңгейде мақсатты арнайы, АІИ алдын алу бойынша кешенді шараларды қарастыратын бағдарламаларды дайындау.

       АІИ алдын алу мақсаты - алдын алу әдістерін жетілдіру, сырқаттылық, еңбекке жарамсыздық және өлім деңгейін төмендету, сондай-ақ денаулық сақтау тәжірибесіне ғылыми негізделген эпид.бақылау жүйесін және тиімді ұйымдастырушылық, дезинфекциялық, емдеу-алдын алу шараларын енгізуге кететін экономикалық шығынды азайту.

Аудиторияға сұрақ:

Алдын алудың қандай түрлерін білесіз?

       Маңыздысы медицина қызметкерлерінің денсаулығын қорғау, ол Қазахстанда да және ТМД елдерінде де, тәжірибе жүзінде арнайы дайындалмайды.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.