Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЭПИДЕМИОЛОГИЯ



ЭПИДЕМИОЛОГИЯ

       АІИ эпидемиологиясы әр түрлі елдерде ондаған жылдар бойы зерттелу үстінде. Бірақ осы уақытқа дейін бұл аурулар жіктелмеген, ол өз алдына эпидемиологиялық диагностикалау мен АІИ бақылауды ұйымдастыруда көптеген қателіктер жіберуге жол береді.

       ДДҰ ұсыныстарына сай, АІИ – бұл ауруханаға түскеннен кейін немесе емдеу мекемелерінен ем алып жүргенде, сондай-ақ науқас емдеу мекемесінде болған кезде аурудың симптомдарының көрінісімен  немесе көрінісінсіз белгілері бар аурухана қызметкерлерінен өз жұмысын атқару нәтижесінде жұғатын, микробтар тудыратын клиникалық айқын кез-келген ауру.

       Ауруханаға пациент инфекцияның инкубациялық кезеңінде келіп түссе, сонымен қатар жатыр ішілік инфекциялар мен анасынан туу кезінде нәрестеге жұққан инфекциялар АІИ жатпайды.

Аудиторияға сұрақ:

Суперинфекция деген не?

        Емдеу мекемелерінде жұққан суперинфицияларды ауруханаішілік инфекцияларға жатқызуға болады. Традиционды инфекциялардың қоздырғыштарын тасымалдау да ауруханаішілік жұғуға жатады, егер оның пациентте ауруханаға түскенге дейін болмағандығы дәлелденсе.

 

АІИ ЖІКТЕЛУІ.(Слайд 1)

       Ең алдымен, жұқтырған орнына байланысты (емдеу-алдын алу мекемесінен тыс немесе сонда) ауруханада тіркелген барлық инфекцияларды ауруханаішілік, және ауруханаға сырттан әкелінген  деп бөледі. 

       Инфицирлену түрі бойынша экзогендік, эндогендік инфекциялар және шынайы госпитализм болып ажыратылады.

Аудиторияға сұрақ:

Экзогенді және эндогенді инфекциялар терминін қалай түсінесіздер?

       Егер инфекциялар жұқтыру факторларының әсерімен потенциальді қоздырғыш ағзаға сырттан келіп түскен болса, онда инфекция экзогенді болып саналады.

       Мысалы: асқынбаған көлбеу шат жарығына герниопластика жасауға тиімсіз булы стерилизацияланған құралдар мен материалдар қолдану нәтижесінде, операциядан кейінгі кезеңнің 7ші тәулігінде Klebsiella pneumoniae тудырған операция тыртығының іріңдеуі пайда болды.

       Бірақ экзогенді инфекциялар әр түрлі:

Мысалы: пациенттерден натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісін көк тамырға инфузиялық құйғаннан кейін бактериемия тіркелген. Бір жағдайда ерітінді аурухана дәріханасында дайындалған, екінші жағдайда қаладағы фармацевтік зауытта дайындалып, ерітіндінің сапасын растайтын барлық қажетті құжаттарымен ауруханаға әкелінген.

       Біріншіден, егер ерітінді емдеу мекемесінен тысқары жағдайда контаминирленсе, чревата развитием вспышки ангиогендік постинфузиондық инфекциялар әртүрлі елді мекендердің ауруханаларында тіркеледі, демек, эпидемияға қарсы шаралардың сипаты мен көлемі, мекен-жайы әр түрлі болады.

       Екіншіден, ауруханаішілік инфицирлену әртүрлі заң орындарының жауапкершілігінде.

 

ЭКЗОГЕНДІ АУРУХАНАІШІЛІК ИНФЕКЦИЯЛАР:

        Осыған байланысты ауруханаішілік инфекциялар тобында ажыратады:

1. қоздырғыштың енуі (инокуляциясы) тағамдармен, дәрілік ерітіндімен, медицинада қолданылатын өнімдермен және т.с.с. осы емдеу мекемесіндегі контаминациясына байланысты;

2. дайын тағам өнімдерінің, дәрілік ерітінділердің, стерильді материалдардың контаминациясы осы медициналық мекемеден тыс келеген инфекциялар.

 

ЭНДОГЕНДІ АУРУХАНАІШІЛІК ИНФЕКЦИЯЛАР:

Егер инфекция жұқтыру факторларының көмегінсіз және қоздырғыш пациенттің ағзасында біріншілік орналасқан болса, онда ол эндогенді болып саналады. Клиникалық көрінісі бойынша эндогендік ауруханаішілік инфекция және экзогендік өзара еш айырмашылықсыз. Эндогендік инфекции әртүрлі себептерден дамуы мүмкін. Бұл топқа жататындар:

1. қалыпты жағдайдағы өзінің микрофлорасының қандай да бір операциялар кезінде айналасындағы тіндерге таралуымен байланысты инфекциялар. Мысалы: пациенттің операциядан кейінгі жарасының іріңдеуі, ішекке реконструктивтік операция жасағанда техникалық қиындықтармен байланысты өзінің ішегіндегі өз микрофлорасының тері асты шел майына контаминациясы нәтижесінде Klebsiella pneumoniaeмен туындаған;

2. операциядан кейін немесе босанудан кейінгі кезеңде созылмалы инфекция ошағынан қоздырғыштың белсенуімен байланысты инфекциялар. Мысалы: созылмалы калькулездік холециститпен науқаста операциядан кейінгі кезеңде операционды стресспен және иммунобиологиялық қорғаныштың бұзылуы салдарынан созылмалы инфекция ошағынан бактериемия, соңынан қоздырғыштың операция жасау аймағына миграциялануы нәтижесінде жараның іріңдеуі пайда болған;

3. қоздырғыштың ішектен қан арнасына транслокациясымен байланысты инфекциялар.

4.  ішек дисбактериозының декомпенсациясы қамтамасыз ететін инфекциялар. Мысалы: ауруханада респираторлық вирустармен туындаған жедел пневмониямен науқас 6 айлық баланың ішек дисбактериозы бар, ауруханаға жатқызғаннан кейін дисбактериоздың декомпенсациясы салдарынан, 8-ші тәулікте жедел ішек инфекциясының клиникасы дамыған, қоздырғышы Klebsiella pneumoniae



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.