Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ШЫНАЙЫ ГОСПИТАЛИЗМ.. АІИ АЛДЫН АЛУ.



ШЫНАЙЫ ГОСПИТАЛИЗМ.

       АІИ үшінші түрі, оны біз шартты түрде шынайы госпитализм деп атаймыз.  

Аудиторияға сұрақ:

«Шынайы госпитализм» термині туралы түсінік?

       Аурухана ішінде инфекция көзінің үнемі болуы, тұрақты антимикробтық заттармен селективті басып отыруы, дамуы мүмкін АІИ қоздырғышының қоректік заттар мен өмір сүру ортасына бейімделу қасиеттерін қалыптастырады. Осындай микроорганизм басқа микрофлораны ығыстыра отырып, стационардағы барлық биотоптарды (пациенттер мен қызметкерлердің мұрынжұтқыншағын, тыныс жолдарын, терісін, ішегін, қоршаған орта заттарын) интенсивті түрде колонизациялайды, сөйтіп госпитальдік штаммның тұрақтануы мен таралу процессі жүзеге асады. Пациент ағзасының осы қоздырғышпен массивті контаминациясы нәтижесінде және операциондық стресс немесе ағзаның иммунобиологиялық қорғаныс қабілетінің төмендігінен (әртүрлі себептермен) қоздырғыштың ішектен, тыныс жолдарынан қан арнасына миграциясы жүзеге асып, АІИ дамиды, оның клиникалық көрінісі, мысалы, сол операциядан кейінгі жараның іріңдеуі. Ескеретін жағдай, мұндайда эпидемиологтың мұқият тексеруінің өзі еш нәтиже бермейді ол стерильді емес бір де бір құрал немесе материал, ерітінділер таба алмайды. Мұндай жағдайда, әдетте, инфекция «көтеріліс» түрінде өтеді.

АІИ АЛДЫН АЛУ.

Эпидемиолог инфекцияның госпитальдік екенін анықтағаннан кейін, оның түрін анықтаудың маңыздылығы абсолютті. Өйткені, алдын алу мен эпидемияға қарсы шаралар АІИ әр түрінде принципиальді айырмашылығы бар.

       Экзогенді АІИ кезінде алдын алу шараларына кіреді:

· материалдарды, аспап-құралдарды, ерітінділерді және т.с.с. тиімді стерилизациялауды ұйымдастыру мен бақылауға алу;

· қызметкерлердің стерильді материалдармен жұмыс істеуін (әртүрлі медициналық технологияны орындау кезінде асептиканы сақтау) үйрету және жұмыс сапасын бақылауға алу;

· антиинфекциондық қорғаныстың медициналық технологиясының жоғары дәрежесін енгізу;

· профилактикалық дезинфекция жүргізу және сапасын бақылау;

· АІИ алдын алуды қамтамасыз ететін архитектуралық-жоспарлау шешімдерінің кешенін орындау;

· тағамдарды дайындау, жеткізу және қолданудың сапасын қамтамасыз ету және бақылауға алу;

· су режимін бақылауға алу және т.б.

Этот далеко неполный перечень хорошо известен.

Эпидемияға қарсы шаралар, ең алдымен:

· инфекция көзін немесе жұқтыру факторларын іздеу;

· инфекция көзін оқшаулау;

· инфекцияны жұқтыру факторын жою;

· ошақта дезинфекция жасау.

Эндогендік АІИ кезінде алдын алу шаралары эпидемиологиялық емес жолдармен жүзеге асырылады. Олар:

· созылмалы инфекция ошақтарын операцияға дейін санациялау;

· антибиотиктердің профилактикалық өзгертілуі;

· иммуностимуляциялық ем қолдану;

· операция алдында, қалыпты жағдайда микрофлорасы бар мүшелердің селективті деконтаминациясы;

· эубиотиктерді профилактикалық қолдану;

· операцияны жақсы хирургиялық техникамен қамтамасыз ету.

Профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар шынайы госпитализм кезінде стационардың қалыптасқан экологиялық жүйесін бұзуды талап етеді. Алдын алу мақсатында дезинфекция жүргізу үшін және косметикалық жөндеуге стационарды кезеңді жауып тұруды талап етеді. Егер шынайы госпитализм туындаған жағдайда, онда эпидемияға қарсы шаралар мақсатында стационарды жабу қажет, пациенттерді басқа жерге ауыстыру немесе шығару, соңынан дезинфекциялау, сонымен қатар сыртқы ортаны фагтау және стационарды косметикалық жөндеу пайда болған эпидемиялық жағдайды жоюдың ең тиімді де міндетті шарты болып табылады. Эпидемиолог АІИ түрін диагностикаламаған жағдайда, эпидемияға қарсы шаралар жүргізілмесе, онда бұл жағдай созылмалы сипатқа ие болады. Осының айқын мысалы ретінде баршамызға белгілі госпитальдік сальмонеллездің созылмалы көтерілулерін айтуға болады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.