Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Токсикологиялық талдаудың негізгі тексеру әдістері



Токсикологиялық талдаудың негізгі тексеру әдістері

     1. Биологиялық әдіс

    Патологиялық зерзат және азық құрамындағы улардың шыбындарға, шіркейлерге әсеріне негізделген. Зертханалық жануарлардың( ақ тышқан, қоян, теңіз шошқасы) терісі астына және құрсақ қуысына азықтан алынған уытты заттың судағы немесе спирттегі экстрактысын егу арқылы, удың әсерін, клиникалық белгілерін және өлімге ұшырататын мөлшерін анықтайды.

 

    2.Биохимиялық әдіс

     Қоянның гемолизденген эритроциттеріне ацетилхолинэстераза және Na, K, АТФ-аза ферментін қолдануға негізделген. ФОҚ-тар мен карбаматтардың бар жоғын анықтағанда, сынаманың судағы экстрактысымен эритроциттерге әсер етіп, 2 сағаттық жанасудан кейін, көрсетілген ферменттердің белсенділігін анықтайды.Фермент белсенділігінің 30-дық әлсіреуі, тексерілген зерзатта ФОҚ-тар мен карбаматтардың бар екендігін дәлелдейді.

 

     3. Химиялық әдіс

     Колориметрлік, титрометрлік және шөгінді шөгу реакциясы принциптеріне негізделген. Колориметрия – улы заттардың әртүрлі рективтермен әрекеттесіп, түрлі-түсті кшендер түзілуіне негізделген. Боялу дәрежесіне қарай, тексерілген азық құрамынан уытты заттар концентрациясын анықтайды. Құстар мен шошқаларға (бұл малдар ас тұзына өте сезімтал) арналған құрама жемнен NаCІ анықтауда титрометрия таптырмайтын әдіс. Ал алколойдтарды анықтауда шөгінді шөгу реакциясын қолдану үлкен нәтиже береді. Су құрамындағы алколойдтар: танин, сынап хлориді, фосфор. Вольфрам, фосфор-молибден немесе пикрин қышқылдарымен әрекеттесіп, суда ерімейтін шөгінді түзеді.

 

     4. Физикалық-химиялық әдіс.

    Бұл әдісті іс-тәжірибе жүзінде қолдану өте тиімді, жұқа қабатты және газдық хроматография әдістерінен тұрады. Жұқа қабатты әдіс-хроматографиялық пластинкада жылжымалы ерітінділердің бір нүктеден (старт) екінші нүктеге (финиш) дейінгі жылжу ара қатынасына негізделген. Сапалық анықтауды сынама әсерінен түзілген дақ мөлшерін үлгілік ерітіндімен салыстыру барысында жүргізеді. Газдық хроматография әдісі – хлорорганикалық және фосфорорганикалық қосылыстарды анықтауда кеңінен қолданылатын токсикологиялық талдаудың қазіргі замандық физикалық-химиялық әдісі.

 

  5. Ботаникалық әдіс

  Улы өсімдіктің бар-жоғын анықтауда мал жейтін азықты тексерудің маңызы өте зор. Мұндай жағдайда біріншіден, жайылым, кейбір жағдайларда астаудағы азық қалдығы тексеріледі. Тексерілетін азық құрамынан улы өсімдіктерді табу тексерудің ботаникалық әдісіне негізделген.

   Азықты және жайылымды ботаникалық тексеру улы өсімдіктердің токсикологиясын және морфологиясын жақсы білетін мамандардың қатысуымен жүргізілуі қажет.

    Ботаникалық және фитотоксикалық тексерудің мақсаты – жайылымнан немесе азық құрамынан уландыруға күдікті улы өсімдіктерді табу. Егер ондай өсімдіктер кездессе, оның азықтағы мөлшерін, өсу орнын және уытты бөлімдерін анықтау.

Улы өсімдіктер жайлы толық деректер алу үшін, төмендегі көрсеткіштерге көңіл бөлген жоғары дәрежелі нәтиже беретіні даусыз:

1). Өсімдіктің түрімен танысу

2). Жайылымдағы малдың улы өсімдікке деген тәбеті, яғни малдың улы өсімдікті жеу – жемеуі

3). Улану сәтін және күнін анықтау. Мұндай деректерді есепке алу, синил қышқылының түзілуінен, өсімдікке күн көзінің әсер етуінен болатын өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.

4). Мал бағушылардан, жергілікті тұрғындардан жайылым жағдайын, мал күйі жайлы анамнездік деректер жинау. Мұндай деректер нәтйжесінде патологиялық процесс басталардағы малдың көңіл-күйін, улану сипатын, улану себебін білуге болады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.