|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ауыл шаруашылық малдарының азығындағы нитрат және нитриттердің қолдануға болатын шектеулі мөлшеріАуыл шаруашылық малдарының азығындағы нитрат және нитриттердің қолдануға болатын шектеулі мөлшері
Соттық -ветеринарлық сараптау Ауыл шаруашылығын химияландыру, өсімдік зиянкестеріне қарсы және т.б. мақсаттарда химиялық заттарды жиі қолдану барысында малдардың улануы үнемі болып тұратын құбылыс. Көптеген кездейсоқ улануларды мал шаруашылығы мамандарының токсикология саласындағы білімінің төмендігімен салыстырады. Малдардың минералды тыңайтқыштардан, әртүрлі пестицидтерден, сапасыз азықтардан, уытты өсімдіктерден және зиянды жәндіктер уларынан улануына жол беріп, алдын-алу жұмыстарын жүргізбеу, мамандардың қылмысты жауапкерсіздігі. Уланудан өлген малдардың улану себебін және кінәлі адамдарды анықтау үшін соттық-ветеринариялық сараптау жүргізеді. Сараптау жүргізу үшін төмендегідей материалдар қажет: ауру тарихы, соттық-ветеринариялық сою хаттамасы және азықтан, судан, өлген мал ағзаларынан алынған сынамаларды тексеру нәтижесі. Осы құжаттар негізінде соттық-ветеринариялық сараптау актісі толтырылады. Ол үш бөлімнен тұрады: кіріспе, түсіндірме және қорытынды бөлім. Кіріспе бөлімінде- сараптау жүргізілген күн және орны, оны жүргізудің себебі, тексерілетін затқа жалпы сипаттама, сонымен қатар, қатысқан адамдар тізімі көрсетіледі. Түсіндірме бөлімінде-тексеру жайлы нақты және қысқаша дәлелдеулер келтіріледі. Ал қорытынды бөлімінде тексеру нәтижесі, тексеру барысында туындайтын сұрақтарға жауап беріледі. Қорытынды сараптаушы қолымен расталынады. Сараптаушы алынған нәтижелер қорытындысын тергеушінің немесе айыптаушының (прокурор) рұқсатынсыз жария етуге құқы жоқ. Бұл талап орындалмаса, соттық-тергеу орындары сарапшыны ауыстыруға, жазалауына немесе қайта тағайындауға құқы бар. Соттық-ветеринариялық сараптау барысында уланған малды соттық-ветеринариялық сойып, сынама алып, химиялық-токсикологиялық талдауға жібереді.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|