|
|||
Токсикологиялық талдау. орап-қаптау және зертханаға жіберуТоксикологиялық талдау Құрамында улы заттары бар екендігіне күдікті барлық заттар химиялық – токсикологиялық талдау жасау үшін, тиісті зертханаларға жіберіледі. Тексеруге жіберілетін заттар әр түрлі болуы мүмкін: сұйық және қатты заттар,су, несеп, ішек-қарындағы азық қалдықтары, құсық бөліктері, әртүрлі мүше кесінділері (бауыр, бүйрек,өкпе және жүрек),улы химикат үлгілері (қабырға және еден қырындылары, астаудағы азық) болуы мүмкін. Токсикологиялық зерттеуді обылыстық және республикалық мал дәрігерлік зертханалардың химиялық-токсикологиялық бөлімдерінде, сонымен қатар, соттық медицина, соттық-сараптау иституттары зертханаларында жүргізуге болады. Бұл ұйымдар тексеруге жіберілген заттарды арнаулы құжаттар арқылы қабылдайды. Оған : 1. Тексерілетін заттар тізімі, иесінің аты – жөні, тұрғылықты жері және нақты керекті нәтижеге сұраныс 2. Соттың және тергеу бөлімдерінің шешімі, соттық-ветеринарлық сою хаттамасы, ауру тарихы жіберіледі. Хмиялық-токсикологиялық талдау жүргізетін мекеме тексеру барысында - ағзада улы заттардың бар-жоқтығын анықтап қана қоймай, улы заттардың қай категорияға жататындығын және сандық көрсеткіштерін де анықтауға міндетті.
Химиялық -токсикологиялық тексеру үшін сынама алу, орап-қаптау және зертханаға жіберу Химиялық-токсикологиялық тексеруге жіберілетін барлық зерзаттар бұған дейін дәрі-дәрмек сақталмаған таза ыдыстарда буылып-түйілуі керек. Ботаникалық талдау жүргізілетін көлемді азықтарды (сабан, пішен) құрамын сақтап, бұзылмай жеткізуге ыңғайлы қаптармен жіберуге болады. Жазғы күндері алынған патологиялық зерзаттардың бұзылып кетпеуін қадағалаған жөн. Суық ауа-райында және тез жеткізуге мүмкіншілік болса, зерзатты фиксациялаудың керегі жоқ. Фиксация жасау үшін тек ректификатты спирт қолданылады. Басқа химиялық заттар фиксатор бола алмайды. Мысалы, хлороформ - өзі уытты зат, ал формалин улардың құрамын өзгертеді. Тексеруге жіберілетін зерзат мөлшері мал түріне қарай әртүрлі болады. Мысалы, ұсақ жануарларды ( қоян, құстар, теңіз шошқасы) соймай-ақ, тұтас күйінде жіберуге болады. Ал үлкен малдардың мүшелерінің (бауыр,көк бауыр,өкпе және ішек-қарын ішіндегі азығымен) әр қайсысынан 250-500г сынама алынады, жүрек және бүйрек көлеміне қарай бүтіндей немесе жартылай, ал ми мен жұлыннан бірнеше кесек, сонымен қатар, малдың нәжісін, сілекейін тағы басқаларды жіберуге болады. Астаудағы азық және су қалдықтарында да улы затқа деген күдік болса, әрқайсысынан 1 кг сынама алып, тексеруге жібереді. Жолдама қағазында алынған сынамалардың мөлшері (кг немесе г), түсі,иісі және сақтауға қолайлы жағдайлар секілді азықты сипаттайтын белгілер жазылуы тиіс. Зертханаға түскен зерзаттар 3 топқа бөлінеді: 1-бөлік тексеруге қолданылады. 2-бөлік қосымша ретінде. 3-бөлік мөрленіп, сақтауға жіберіледі. Зерзаттарды қабылдаған зертхана қабылдау қолхатын беруге, ал тексеру қорытындысын жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
|
|||
|