Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тауарды-материалдық құндылықтарды түгендеу.



11.7. Тауарды-материалдық құндылықтарды түгендеу.

Түгендеу-бұл меншіктің сақталуын,материалдық құндылықтардың сапалы күйін,олардың қоймалық және бухгалтерлік есебін жүргізуді қамтамасыз ететін бақылау әдістерінің бірі. Оны меншік нысанына, қызмет түріне және жұмыс режиміне қарамастан барлық шаруашылық субьектілері жургізеді. Құралдардың жағдайын жылдық есеп беруде (есепті жылдың 10 қазанынан кейін) обьективті турде көрсету ушін жылына кем дегенде бір рет жүргізеді.бұған қоса, оны материалдық жауапты тұлға ауысқан кезде істі қабылдаған күні,құндылықтардың ұрлау,бүліну фактілері белгілі болғанда,өрт және табиғи апаттардан кейін жүргізіледі.Түгендеудің негізгі мақсаты-тауарлы-материалдық құндылықтардың нақты қолда барын натуралды (нақты) және құндық өлшемдермен айқындау.Түгендеу процесінде: тауарлы-материалдық құндылықтардың сақталуы; олардың сақталуының, босатылуының, салмақ және өлшем құрал-саймандарының жағдайының дұрыстығы; тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысы есебін жұргізудің тәртібі тексеріледі.

Түгендеу тексерудің көлеміне қарай – уақтылы және аяқасты болып бөлінеді.Кәсіпорынның басшысы, оның орынбасары немесе бас бухгалтері түгендеуді ұйымдастырады және оның жүргізілуіне басшылық жасайды. Басшының бұйрығымен тағайындалған өкілетті адамдардан тұратын комиссия түгендеу жүргізу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.Тауарлы –материалдық құндылықтардың нақты қолда барын тексеруді бастағанға дейін түгендеу комиссиясы.

1)тауарлы-материалдық құндылықтар сақталатын қосалқы үй-жайларды,жертөлелерді және жеке кіріп-шығатын жері бар басқа да орындарды пломбалауға;

2)барлық салмақ өлшеу құралдарының дұрыстығын және оларды таңбалау мерзімдерін сақтаулы тексеруге;

3)түгендеу сәтінде кіріс және шығыс құжаттарының инвентарлық тізілімінің немесе тауарлы-материалдық құндылықтардың қозғалысы туралы есептемелердің соңғыларын алуға;

4)түгендеу басталған кезде барлық кіріс және шығыс құжаттарының бухгалтерияға тапсырылғандығын, келіп түскен барлық тауарлы-материалдық құндылықтар кіріске алынғандығын, ал шығарылғандары шығысқа есептен шығарылғандығын растайтын қолхатты материалдық жауапты тұлғадан алуға міндетті.

Түгендеуді жүргізу сәтінде бухгалтерия да “Қоймалар,учаскелер бойынша тауар-материалдық құндылықтардың инвентарлық тізілімі” (ИНВ. №3 нысаны) жасалады. Түгендеуді комиссияның тек толық құрамымен материалдық-жауапты адамның қатысуымен жүргізеді. Материалдардың бар-жоғы міндетті түрде салмақ өлшеу және шамалау жолдарымен анықталады. Фабрикалық қаптамада тұрған құндылықтардың саны құжаттар бойынша міндетті түрде тексерумен анықталады.

Төгілгіш және жамылғыш материалдарды шамалау және есептеу негізінде анықтайды. Шамалау және есептеу актілері тізілімге қоса беріледі. Өлшеудің материалдық бірлігінің атауы есепте қабылданған тұрғылармен беріледі. Тізілімге комиссия қол қояды. Субьектіге тиесілі емес материалдық құндылықтарға жеке тізілім жасалады.Жауапты сақтауға қабылданған тауарлы-құндылықтар бойынша ИНВ. №5 нысаны, ал есептік деректерден ауытқуы анықталған құндылықтар бойынша “Түгендеу нәтижесі бойынша салыстыру ведомосі” (ИНВ. №19 нысаны) жасалады.

Тауарлы-материалдық құндылықтардың артықшылығы мен кемшілігінің құнын бағалаумен бірге есептік тіркелімдерде келтіріледі.Тауарлы-материалдық құндылықтарды сатау кезіндегі барлық кемшілктер мен артықшылықтар бойынша, сондай-ақ ысыраптар бойынша материалды жауапты адамның жазбаша түсініктемесі беріледі. Бұл түсініктемелер түгендеу нәтижелері бойынша шешім қабылдаған кезде мұқият тексеріледі.

Жұмысты түгендеу комиссиясының отырысы хаттамамен ресімделеді,онда қойма шаруашылығының жағдайын инвентарлық тексеру нәтижесі және тауарлы-материалдық қорлардың сақталуын қамтамасыз ету жағдайы көрсетіледі.

Тауарлы-материалдық құндылықтардың бүліну себептері,пайдаланылмайтын және жарамсыздарының қалыптасуының себептері келтіріледі,оған кінәлі адамдар көрсетіледі, сондай-ақ қорытынды жасалып, анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстар жасалады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.