Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Дәріс-12. Тауарлы-матермалдық қорлардың есебі.



Дәріс-12. Тауарлы-матермалдық қорлардың есебі.

1. Материалдық қорлар, оларды есепке алудың міндеті мен жіктемесі.

2. Тауарлы-материалдық қорларды бағалау.

3. Материалдық қорлардың қозғалысын қозғалысын есепке алу жөніндегі құжаттама.

 

7. Тауарды-материалдық құндылықтарды түгендеу.

1. Материалдық қорлар, оларды есепке алудың міндеті мен жіктемесі.

Өндіріс процесіне еңбек құралдарымен қатар еңбек заттары да қатысады. Өндірістік қорлар – бұл бір өндірістік цикл процесінде толықтай тұтынылатын, өзінің құнын бірден өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына көшіріп, оның материалдық негізін құрайтын еңбек заттары.

Кәсіпорындағы тауарлы-материалдық қорлардың есебі №7 « тауарлы - материалдық қорлардың есебі» БЕС-ына сәйкес ұйымдастырылады, онда мыналар белгіленген:

1. Стандарт әрекетінің аясы.

2. Тауарлы-материалдық қорларлдың өзіндік құны.

3. Тауарлы – материалды қорлардың өлшемдері

4. Тауарлы – материалдық қорларды бағалау.

5. Шығысты тану

6. Есеп берудің ашылуы. Тауарлы – материалдық қорлар – бұл:

1. Шикізат қорлары, материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен кешендік бұйымдар (тетіктер), отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және өндірісте немесе жұмыстарды, қызметтерді орынадау кезінде пайдалануға арналаған өзге материалдар.

2. Аяқталмаған өндіріс.

3. Субьектінің қызмет барысында сатуға арналған дайын өнім, тауар түріндегі активтер.

Тауарлы – материалдық қорларды есепке алудың негізгі міндеттері мыналар:

 Қорлардың уақытылы және толықтай кірістірілуіне, олардың сақталу жеріндегі және қозғалысының барлық сатыларындағы сақталуына бақылау жасау.

1. Қорлардың қозғалысы жөніндегі барлық (ауытқуы) мен әзірленген қорлардың нақты өзіндік құнын уақытылы және дұрыс анықтау.

2. Көлік әзірлеу шығындарының айналым шығындарына біркелкі және дұрыс есептен шығарылуын бақылау.

3. Қойма қорларының жағдайына бақылау жасау.

4. Сақталатын жерлердегі қорлардың қалдықтары мен қозғалысы жайлы дәл мәліметтерді алу.

Материалдық құндылықтарға әректтік бақылаудың қажетті шарты болып табылатындар:

· Жабдықталған қойма үй-жайларының болуы;

· Материалдарды қоймалардың секциялары бойынша, ал олардың ішінде жекелеген топтар бойынша орналастыру;

· Материалдық құндылықтарды қабылдау мен босатуға жауапты адамдар тобын бегілеу.

· Тауарлы-материалдық құндылықтарды қабылдау мен босату құжаттарына қол қою құқы берілетін лауазымды адамдар тобын белгілеу.

Материалдар есебін дұрыс және тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін қажеттісі:

1. Материалдық тауардың бірегей номенклатурасын әзірлеу;

2. Құжат айналымының айқын жүйесі және тауарлы-материалдық құндылықтарды кіріс ету және есептен шығару жөніндегі операцияларды рәсімдеу тәртібін сақтау;

3. Бастапқы құжаттардың есептік нысандарын біркелкі қалыпқа келтіру;

4. Тауарлы-материалдық қорларға тұрақты түрде түгендеу жүргізу;

5. Бухгалтериядағы материалдардың есебі учаскесін компьютірлендіру.

Өндірістік қорлар функционалдық бағыты бойынша былайша бөлінеді:

1. Шикізаттар мен материалдар – бұл өнім әзірленетін еңбек заттары. Олар өнімнің материалдық (заттық) негізін қалайды. Бұл орайда шикізат – бұл ауыл шаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіптің өнімдер ( астық, мақта, сүт, мұнай, кеніш, газ). Негізгі материалдар- бұл ұқсатушы өнеркәсіптің өнімдері (ұн, мата, қант, темір, былғары). Көмекші материалдар- бұл шығарылатын өнім құрамына ентін материалдар, бірақ негізгі материалдардан ерекшелігі- өнімнің заттық негізін қаламайды. Бұл материалдарды негізгі материалдарға қосымша ретінде өнімге қажетті сапа беру үшін қолданылады (желім, лак, бояулар).

2. Сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен жиынтықтаушы бұйымдар – бұл белгілі бір өңдеу сатыларынан өткен, бірақ әлі дайын өнім болып табылмайтын шикізат пен материалдар. Әзірленген өнім де негізгі материалдар сияқты рөлді атқарады, яғни оның материалдық негізін құрайды (тоқыма өндірісінде иірілген жіп, машина жасаудағы моторлар, автомобиль жасаудағы дөңгелектер).

3. Отын-бұл мұнай өнімдері ( мұнай, бензин, керосин, дизель отыны), қатты отын (көмір, фтор, ағаш оын) және газ тәрізділер. Отындар былайша бөлінеді:

· Технологиялық (технологиялық мақсат үшін)

· Қозғалтқыш ( жанар май)

· Шаруашылық ( жылу үшін)

4. Ыдыс және ыдыс материалдары- бұл әр түрлі материалдарды буып-түюге, тасымалдауға, сақтауға пайдалынылатын затар ( қаптар, жәшіктер, қораптар). Былайша бөлінеді:

· Қызмет мен құнына байланысты НҚ немесе материалдардың құрамында ескерілетін инвентарлық ыдыс.

· Өндірістік қорлардың құрамында ескерілетін инвентарлық ыдыстар.

 Жеткізу талаптарына сай ыдыстар қайтарым ды ( әдетте бірнеше рет пайдаланылатын) немесе кепілді болуы мүмкін. Мұндай кезде жеткізуші сатып алушыдан кепіл алады, ал оны ыдыс тапсырылғаннан кейін қайтарады.

5. Қосалқы бөлшектер тозған тетіктер мен машиналық жабдықтарды жөндеуге және алмастыруға қызмет етеді.

6. Өзге материалдар- бұл өндіріс қалдықтары(сынықтар, кесінділер, ұнтақтар), түзелмейтін ақаулар қайтарылатын қалдықтар, НҚ шығарылуынан алынған материалдық құндылықтар.

7. Құрылыс материалдарын құрлысшы кәсіпорындар қолданады және құрылыс бұйымдарын әзірлеу, құрылыстарды көтеру және әрлеу, үйлер мен ғимараттар үшін бөліктер салу үшін бөліктер салу үшін құрылыс-монтаж жұмыстары кезінде тікелей пайдаланылады.

Материалдық қорлардың барлық түрлерінің есебі 1300-“Қорлар” бөлімшесінің негізгі, активтік, инвентарлық шоттарында жүргізіледі.

1310- “Шикізаттар мен материалдар” шоты

1320- “Дайын өнім”

1330- “Тауарлар”

1340- “Аяқталмаған өндіріс”

Кәсіпорындар әрбір шотқа қажетті мөлшерде субшоттар мен талдамалы шоттар аша алады. Кәсіпорынға тиесілі емес, бірақ онда уақытша сақтауда тұрған өндірістік қорларды есепке алу үшін баланстан тыс шоттар пайдаланылады.

002-“Жауапты сақтауға қабылданған тауарлы-материалдық құндылықтар”:

А) жеткізушілердің есеп айырысу құжаттарын төлеуден бас тартуына байланысты;

Б) төлеу шартының талаптары бойынша жұмсауға тыйым салынған тауарлы - материалдық құндылықтар жеткізушілерден алынғанда;

В) өзге себептерге байланысты қабылданған.

003-“Қайта өңдеуге қабылданған материалдар”.

005- “Монтаждауға қабылданған жабдықтар”. Бұл шотта құрылыс объектісіндегі монтаж үшін тапсырыс берушіден алынған жабдықтың құны ескеріледі.

                     



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.