Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





есепке алу жөніндегі құжаттама.



есепке алу жөніндегі құжаттама.

Материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу бойынша типтік құжаттар әзірленген. Олардың уақтылы жазып. Дұрыс рәсімдеу үйлесімді ұйымдастыру есеп пен осы қорлардың сақталу.әрі дұрыс пайдаланылуына бақылау жасауға мүмкіндік бередіСубъектінің бас бухгалтері дұрыс құжат айналымын, типтік құжаттардың қолданылуын , әзірленуін ұйымдастырып , олардың жасалу, тексеру және қабылдау кестесін барлық орындаушыларға жеткізуге міндетті.Материалдық қорлардың қозғалысына байланысты барлық операциялар құжаттармен рәсімделеді. Материалдық құндылықтар кәсіпорынға ,әдетте ,жеткізу шарты бойынша келіп түседі.Онда жеткізілімнің саны, сомасы , ассортименті, жиынтықтылығы,сапасы,есептеулер мен жеткізу шартын бұзғаны үшін қарастырылған санкциялардың сомасы белгіленеді.

Келіп түсетін материалдық құндылықтардың есептік құжаттары (шот-фактуралар,төлем талап – тапсырмасы,тауар –көлік жүк құжаттары)жабдықтау бөліміне жіберіледі. Жабдықтау бөлімінің қызметкерлері:

1)осы құжаттардың деректерін ассортиментке, материалдық құндылықтардың санына, бағаға,тиеп-жөнелту мерзімдеріне қатысты жеткізу шартына сәйкестігін тексертуге;

2)жеткізушінің есеп айырысу құжаттарын төлеуге келісім беруге немесе оларды төлеуден бас тартуға;

3)есеп айырысу құжаттарын келіп түсетін жүктерді есепке алудың №1 нысанындағы журналында тіркеуге;

4)есеп айырысу құжаттарын бухгалтерияға табыс етуге және материалдарды алу және сақталатын жеріне дейін жеткізу туралы өкілеттігі бар лауазымды тұлғаларға өкім беруге міндетті.

Материалдарды қоймадан алу үшін жеткізушіге немесе көлік ұйымына және өкілетті тұлғаға (сарапшыға,агентке) бухгалтерияда сенімхат (М2 немесе М2А нысанды)беріледі.

М2А нысанын материалдық құндылықтарды алуан нөмірленген және тесіп байланған,берілген сенімхаттарды есепке алу журналында (М3 нысаны) тіркейтін субъектілер қолданады.

М2 нысанындағы сенімхатты қолданған кезде оларды беру және алу туралы деректер сенімхаттың түбіршегінде тіркеледі және М3 нысанындағы журнал жүргізілмейді.

Материалдық құндылықтардың келіп түсуі мыналармен ресімделеді:

1.М4 нысанындағы кіріс ордерімен, субъектіге жүргізушілерден немесе тысқары кәсіпорыннан өңдеуден келіп түскен қорларды есепке алу үшін қолданылады. Кіріс ордерін материалды жауапты тұлға қорлар қоймаға келіп түскен күні 2 дана етіп жасайды.

2.М5 нысанындағы тауар-көлік жүкқұжатын жеткізуші материалдық құндылықтар жеткізушінің қоймасынан авто-көлікке орталықтанған түрде жеткізілген жағдайда жазып береді (4 дана).

Оның біреуі жүкті жіберушіде қалады.

Екіншісі материалдық құндылықтарды кіріс ету үшін жүкті алушыға беріледі.

Үшіншісі жүкті тасымалдағаны үшін көлік ұйымына шот есебінде беріледі.

Төртіншісі жолдама қағазға қоса беріледі.

3.М7 нысанындағы материалды қабылдау туралы акті жеткізушілердің жолдама құжаттарының деректерімен салыстырғанда сандық және сапалық айырмашылығы бар қорларды қабылдауды ресімдеу үшін қолданылады.Акт сондай-ақ құжаттарсыз келіп түскен материалды .қабылдаған кезде жасалады (фактураланбаған жеткізілім). Қабылдау коммиссиясы материалды жауапты тұлғаның және жеткізушінің өкілінің немесе мүддесі жоқ ұйым өкілінің міндетті түрде қатысуымен актіні 2 дана етіп жасайды. Материалдық құндылықтар қабылданғаннан кейін актілер қоса берілген құжаттармен (тауар-көлік жүкқұжаты, арнайы құжаттар) бірге былай бөліріп беріледі: 1-ші данасын бухгалтерияға, 2-ші данасын жабдықтау бөліміне немесе жеткізушіге шағым түсіру үшін заң қызметіне береді.

4.Әзірлеу, сақтау және өндіру процесінде материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі мен ысырабы туралы акт (М7А нысаны) жасалады. Олар бойынша табиғи кему нормасы белгіленбеген , әзірлеу, сақтау және өндіру процесінде тұрған материалдық қорлардың ысырабы анықталған жағдайда қолданылады.

Акт қордың сақталуы үшін жауапкершілікті бөлімшенің есебінен шығаруға және олардың құнын кінәлі тұлғаның есебінен өтетуге негіздеме болып табылады. Құжаттар М7 нысанындағы актіге қоса беріледі, 2 данада толтырылады және оған комиссия мен кінәлә адамдар қол қояды да:1 данасы бухгалтерияға беріледі , 2-данасы бөлімшеде қалады.

5.Материялдық құндылықтардың табиғи кему нормасы шегіндегі ысырабы туралы акт (М7Б) субъектінің қоймасына жеткізушілерден немесе тысқары кәсіпорындардан өңделіп түскен қорларға нормалар белгіленіп, осы табиғи кему нормасы шегіндегі анықталған қор ысырабын ресімдеу үшін қолданады. Акт М4 нысанындағы кіріс ордеріне қоса беріледі. Материалдық құндылықтардың қоймаға қабылданғанын ресімдеген кезде акт 2 данада жасалады. Біреуі қоймаға, екіншісі бухгалтерияға беріледі.

6.Жүкқұжатпен ресімделетіндер:

а) материалдық құндылықтардың өңдеуден келіп түсуі;

ә) пайдаланылмаған материалдардың қоймаға қайтарылуы;

б) табыстылықтан материалдардың келіп түсуі.

Кәсіпорынның қоймасынан материалдық құндылықтар өнім әзірлеу үшін, әр түрлі шаруашылық мұқтаждықтарына, өңдеу немесе сату үшін сыртқа босатылады.өндірістегі босату дегеніміз – өнім әзірлеу, жұмысты орындау немесе қызмет көрсету үшін материалды босату.Материалдарды цехтың сақтау орындарына босату материалдардың ішкі қозғалысы ретінде қарастырылады. Цехтың сақтау орындары жоқ болса, материалдық құндылықтарды орталық қоймалардан босату өндіріс шығыны болып саналады. Материалдарды өндіріске босатқан кезде белгілі бір талаптар сақталуы тиіс:

1.Өндірістің қажетті көлеміне белгіленген шығыс нормативтеріне сәйкес олар салмағы, көлемі, массасы бойынша жүргізіледі.

2.Босату, әдетте, алдын ала белгіленген лимиттер шегінде жүзеге асырылады. Лимиттеу ай басындағы және соңындағы пайдаланылмаған цех қорларының өтімділігін ескеріп, цехтардың өндірістік бағдарламасының көлеміне жұмсалатын материал шығыстарының прогрессивтік нормаларына негізделу керек. Лимиттеуді жабдықтау бөлімінемесе жоспарлау (өндірістік) бөлімі жүзеге асырады.

3.Қоймадан материалдарды талап ету құқы берілетін адамдардың тізімі бас бухгалтермен келісіледі, сандай-ақ олардың қоятын қолдарының үлгілері алынады.

Шығыстар материалдық түрде былайша ресімделеді:

а) № 8 нысандағы лимиттік-шектеу картасы өнімді әзірлеу кезінде жүйелі түрде тұтынылатын қорларды босатуды ресімдеу үшін қолданылады. Лимиттік-шектеу картасын жабдықтау бөлімі немесе жоспарлау (өндірістік) бөлімі материалдың бір атауына (номенклатуралық нөмір) екі дана етіп жасайды. Оның біреуі – ай басталғанға дейін қорды тұтынатын бөлімге, екіншісі – қоймаға немесе цехтың (учаскенің) сақтау орнына беріледі. М8 нысаны материалдық құндылықтарды есептен шығаруға арналған растаушы құжат болып табылады. Осы карта бойынша өндірісте пайдаланылмаған қорлардың (қайтарылуы) есебі жүргізіледі.

Қорларды шектен тыс босатуға және басқасына алмастыруға тек субъект басшысының өкімі бойынша рұқсат етіледі.

Лимит пайдаланып болғаннан кейін лимиттік – шектеу карталары бухгалтерияға өткізіледі.

_________________184-191

материалдың бір түрін басқасына алмастыру жеке құжатпен,яғни жүк құжатпен ресімделеді.

Материалдардың өндірісте пайдаланылуын одан әрі бақылау үшін мынадай әдістер қолданылады:

1.Нормадан ауытқуды ресімдеу құжаты .

2.Топтамалау бойынша қаптау есебі.

3.Инвентарлық әдіс.

1-әдіс.Бұл әдіс кезінде,яғни материалдардың бір турін басқасына алмастыру және материалдарды нормадан тыс босату нәтижесінде туындаған норма ауытқулары дабылдама құжатпен (қызыл сызықпен)ресімделуі тиіс.

2-дәріс.Қапталатын материалдардың әрбір топтама бойынша ауытқуын анықтау үшін қаптама картасы ашылады.Онда жұмыс орындарына берілген материалдардың саны,дайын бұйымдардың норма бойынша және нақты шығуы көрсетіледі.Бұл есепті өндірістік шебер-нұсқаушылар немесе жоспарлы-диспетчерлік бюро жузеге асырады.

3-дәріс.Бұл әдістің мәні мынада:өндіріске босатылған материалдардың саны мен құны бастапқы құжаттардың негізінде1310-1317-шоттардың кредитінен 8011,8031,8041,7210,7110-шоттардың дебетіне есептен шығарылады.Ай соңында түгендеу жүргізу жолымен өндірісте қолданылмаған материалдардың саны анықталады.

Мысалы:Д-т 8011 К-т1310-10,0

Түгендеу нәтижесі бойынша шикізаттың пайдаланылмаған қалдығы 3 820 теңге құрады.

 Д-т 8011К-т 1310-3820.

Құрылыста кезекті бақылау М29нысанындағы “ өндірістік нормалармен салыстырғандағы негізгі материалдардың шығысы туралы есеп берудің” деректері бойынша жүзеге асырылады.

Жұмсалған материалдардың М29 нысанындағы есеп беруде көрсетілген саны жұмсалған материалдардың М19нысанындағы материалдық есеп берулерде келтірілген санына сәйкес келуі тиіс.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.