Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тауарлы-материалдық қорларды бағалау.



2. Тауарлы-материалдық қорларды бағалау.

Материалдық құндылықтарды дұрыс есепке алу үшін материалдардың әзірленген номенклатурасы болу керек.

Материалдар номенклатурасы- бұл атауы мен тиісті деректемелері ( срты, мөлшері) көрсетілген материалдың әрбір түріне номенклатуралық нөмір белгіленіп, дәл және тұрақты өлшем бірлігі белгіленеді. Бұған қоса, номенклатурада материалдардың ағымдғы есепте ескерілетін бағасы қойылады.

Номенклатуралық тізім-номенклатура-бағалық деп, ал онда көрсетілген бағалар-есептік деп аталады.

    Тағайындалған нөмірін, өлшем бірлігі мен бағасын тауарлы-материалдық қорлардың қалдығы мен қозғалысы ескерілетін барлық құжаттар мен тіркелімдерге қояды. Талдамалы есепте материалдық құндылықтар нақты есептік бағалар (келісім, жоспарлы-есептік) бойынша, ал жинақтамалы есеп пен есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша ескеріледі.

Материалдық ресурстардың нақты өзіндік құны мыналарға байланысты анықталады:

1. Осы ресурстарды жеткізуші ұсынған несиеге сатып алынғаны үшін пайыз төлеуді қоса алғанда, сатып алу шығындары.

2. Коммерциялық, делдал ұйымдарға төленген үстемелер (үстеме ақылар), комиссиялық сыйақылар.

3. Тауар биржаларының қызмет құны.

4. Кедендік баж.

5. Басқа ұйымдардың күшімен жүзеге асырылған тасымалдау, сақтау, жеткізу шығындары.

     Материалдарды есептік бағасы бойынша (келісім, жоспарлы-есептік, сатып алу) есепке алған кезде есептік баға бойынша қор құны мен сатып аланған қорлардың нақты өзіндік құндарының арасындағы айырма есептеу жолымен айқындалады. Егер материалдық құндылықтардың есебі келісім бойынша жүргізілсе, онда олардың нақты өзіндік құны осы бағалар бойынша материалдар құны мен көлік әзірлеу шығындарынан құралатын болады.Көлік тасымалдау шығындарының құрамына кіретіндер:

1.Барлық алымдарды қоса алғанда,теміржол тарифі,су кірепұлы ,автомобильмен және ұшақпен тасымалдау және басқа көлік түрлерімен тасымалдау тарифтері.

2.Жеткізушілердің қоймасынан теміржолмен және басқа көлік құралдарымен материалдарды жеткізу.

3.Қорларды сатып алу және әзірлеумен тікелей байланысты іссапар шығындары.

4.Қойманың тұрақты жұмысшыларына ақы төлеуді қоспағанда ,қоймадағы тиеу,түсіру және буып-түю жөніндегі шығындар.

5.Жабдықтаушы және делдал ұйымдарға төленген комиссиялық сыйақы.

6.Қорларды сатып алумен тікелей байланысты басқа шығындар.

№7 БЕС-ына сәйкес тарифтің артық төленген сомаларын қайтару және сол сияқты түзетулер көлік дайындау шығындарының сомасынан шегеріледі.

Егер қорлардың талдамалы есебін жоспарлы –есептік бағасы бойынша жүргізсе,онда олардың нақты өзіндік құны осы бағалар плюс-минус нақты өзіндік құнның есептік бағасы бойынша құннан ауытқуынан құралады.Бұл бағаларды субъектінің өзі келісім бағасының негізінде көлік әзірлеу шығындарының жоспарлы мөлшерін ескере отырып дайындайды.Көлік әзірлеу шығындары немесе жұмсалған материалдарға қатысты ауытқулар (плюс-минус) материалдық құндылықтардың шығыны келісім немесе есептік бағалар бойынша көрсетілген шоттарға ай сайын есептен шығарылады.Көлік әзірлеу шығындарының немесе ауытқулардың (плюс-минус) пайызы олардың ай басындағы қалдығы мен ай ішінде келіп түскендерінің сомасын, материалдардың ай басындағы қалдығының және келісім (есептік) бағасы бойынша келіп түскен материалдардың сомасын бөліп, алынған нәтижені 100-ге көбейту жолымен анықталады.Есептеп шығарылған пайыз бойынша көлік әзірлеу шығындарын немесе ауытқуды (плюс-минус) тиісті шоттарға есептен шығарады.Материалдар түрлері немесе топтарының шығын көлемінде олар бойынша көлік әзірлеу шығындарының немесе ауытқудың (плюс-минус) пайызын табу керек болса және жеткізушілермен тұрақты байланыс болған кезде бухгалтерлік есептің деректері бойынша өткен айлардағы пайыздың қолданылуы мүмкін.

Өндіріске есептен шығарылатын материалдық ресурстардың нақты өзіндік құнын №7 БЕС бойынша анықтау мынандай әдістердің біреуін қолдану жолымен жүзеге асырылуы мүмкін:

1.Орташа өлшемді құн.

2.Қорларды алғашқы сатып алудың бағасы бойынша бағалау әдісі,ФИФО әдісі.

3.Қорларды соңғы сатып алудың бағасы бойынша бағалау әдісі ,ЛИФО әдісі.

4.Арнайы бірегейлендіру.

Орташа құн ай басында қолда бар материалдық құндылықтар мен ай ішінде келіп түскендерінің құнын материалдық құндылықтардың бірлігінің санына бөлу жолымен есептеледі.

ФИФО- бұл материалдық құндылықтарды олардың бастапқы құны бойынша бағалау әдісі.Мұндай әдісте мынадай қағида қолданылады:

«Бірінші топтама – кіріске,бірінші болып шығысқа»,яғни материалдық құндылықтардың шығынын оларды сатып алу құны бойынша белгілі бір кезектілікпен бағалайды:алдымен бірінші сатып алынған топтаманың бағасы бойынша материалдарды шығындарға есептен шығарады, одан кейін –үшіншісін және сөйтіп жұмсалған материалдардың жалпы саны біткенге дейін жалғасады.Бағалау тәртібі материалдарды жұмсаудың нақты кезектілігіне тәуелді емес.

ЛИФО- бұл материалдық құндылықтарды «Соңғы топтама –кіріске, біріншісі-шығысқа»қағидасына орай ағымдағы бағалар бойынша бағалау әдісі. Материалдық құндылықтардың есебі соңғы сатып алудың құны бойынша, одан кейінгісі-алдыңғысы бойынша бағаланады және т.б.

Арнайы,жалпылама бірегейлендіру әдісі – бұл әдіс материалдық құндылықтардың топтамалық есебін ұйымдастыру мүмкін боған жағдайларда ғана қолданылады.Егкр ай соңындағы қалдықта үшінші,бірінші немесе басқа топтың материалдық құндылықтарының белгілі бір саны болса, онда материалдық құндылықтардың шығысын да,қалдығын да анықтауға болады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.