Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Компоненттер диаграммасын тұрғызу бойынша ұсыныстар



Компоненттер диаграммасын тұрғызу бойынша ұсыныстар

Компоннеттер диаграммасын құру жүйе үлгісінің логикалық көрсеткіші туралы ғана емес, сонымен бірге оның физикалық іске асу ерекшеліктері туралы ақпаратты қолдануды ұсынады. Біріншіден программалық жүйе қандай физикалық бөліктен немесе файлдан тұратынын шешіп алу қажет. Бұл кезеңде компоненттерді рационалды бөлу, сонымен қатар тек қажеттігі болған жағдайда  обьектілерді құру есебінен кодты қайта қолдану мүмкіндігін қамтмасыз ететін жүйені іске асыруға көңіл бөлген дұрыс.Программалық жүйенің жалпы өнімділігі есептеуіш ресурстарды рационалды қолданудан тәуелді. Бұл мақсатта орындалатын компоненттерде программалық код үзіндісінің программасын инициалдау үшін қажеттерін ғана қалдырып кластарды, олардың операциялары, үлгілерін сипаттаудың кішкене бөлігінен динамикалық кітапханаға көшіру. 

Жүйенің физикалық көрсеткішінің жалпы құрылымдануынан кейін үлгіні интерфейстермен және мәліметтер қоры сұлбаларымен толықтыру қажет. Интерфейстерді құру кезінде программалық жүйенің әртүрлі бөліктерінің сәйкестендірілгендігіне көңіл бөлген дұрыс. Үлгіге мәліметтер қоры сұлбасын қосу жеке кестелерді нақтыландыруды және олардың арасында ақпараттық байланыс орнатуды бекітуді ұсынады.

Компоненттер диаграммасын құрудың соңғы кезеңі компоненттер арасында, сонымен қатар іске асыру қатынастары байланыс диаграммасына енгізу және бекітумен байланысты.  Бұл қатынастар жүйенің физикалық іске асуының барлық маңызды аспектілерін суреттеуі керек, программаның бастапқы мәтінін компиляциялау ерекшелігінен бастапжәне орындалу кезеңінде программаның жеке бөліктерінің орындалуымен аяқтай. Бұл мақсатта компоненттердің әртүрлі графикалық стереотиптерін қолдану мүмкін.

Компоненттер диаграммасын құру кезінде UML тілінде жалпы үлгі құру қағидаларын сақтаған дұрыс. Жекеше ең бірінші UML тілінде кездесетін және жалпы қабылданған графикалық және мәтіндік стереотиптер қолдану қажет.Типтік жобалардың көбінде компоненттер мен олардың арасындағы тәуелділікті көрсетуге бұл жиын жеткілікті. 

Егер жоба UML тілінде сипаттамасы жоқ физикалық элементтерден тұрса, йеңейтілу механизмін қолданған жөн. Жекеше типсіз компоненттер үшін қосымша стереотиптер немесе компоненттің жеке мінездемесін анықтау үшін белгіленген мән қолдануға болады. 

Ақыры, компоненттер диаграммасы ереже бойынша жеке түйіндері бойынша программалық жүйе компонентінің физикалық орналасуы жөнінде ақпарат көрсетілетін кеңейтілу диаграммасымен бірге құрылатынына көңіл бөлген дұрыс. Кеңейтілу диаграммасын құру ерекшеліктері келесі дәрісте қарастырылады.

 

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.