Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Интерфейстер  



Интерфейстер  

Компоненттер диаграммасының келесі графикалық элементі интерфейстер болып табылады. Жалпы жағдайда интерфейс сілтеуішсіз кесінді компонентімен байланысатын шеңбермен графикалық бейнеленеді(12.3-сурет, а).Сонымен бірге "I" бас әріппен жазуға ұсынылатын интерфейс атауы шеңбер жанына жазылады. Семантикалық сызық интерфейстің іске асырылуын білдіреді, бұл берілген компонент интерфейстердің сәйкес жиынын іске асырады.  

12.3-сурет. Компоненттер диаграммасында интерфейстердің графикалық бейнленуі

Сонымен бірге, компоненттер диаграммасында интерфейс << interface>> стереотиппен және операцияларды қолдайтын секциялар класс тіктөртбұрышы түрінде бейнеленуі мүмкін(12.3-сурет, б).  Ереже бойынша бейнелеудің бұл нұсқасы интерфейстің ішкі құрылымын көрсету үшін қолданылады.

Программалық жүйені құру кезінде интерфейстер әртүлі нұсқаларды сәйкестендіру ғана емес, программаның бір бөлігіне басқаларын өзгертпей мәнді өзгерістер енгізу мүмкіндігін де қамтамасыз етеді. Жеке компоненттердің интерфейстерді қолдану мінезі ерекшеленуі мүмкін.

Компонент пен интерфейс арасындағы байланыстың екі әдісін ерекшелейді. Егер компонент қандайда бір интерфейсті іске асырса, онда мұндай интерфейсті экспортталатын немесе қолдау көрсетілетін деп атайды, себебі бұл компонент басқа компоненттер сервисі ретінде көрсетеді. Егер компонент қандайда бір басқа компонент іске асыратын интерфейс қолданса, онда мұндай интерфейс бірінші компонент үшін импортталатын деп аталады. Импортталатын интерфейс ерекшелігі компоненттер диаграмммсында бұл қатынас тәуелділік көмегімен бейнеленеді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.