Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Компоненттер арасындағы тәуелділік



Компоненттер арасындағы тәуелділік

Жалпы жағдайда тәуелділік қатынасы да бұрын қарастырылған. Тәуелділік қатынасы үлгінің бір элементінің өзгеруі екіншісіне әсер етіп екінші үлгі элементінің өзгерсіне алып келетін үлгінің екі элементі арасында байланыстың  арнайы түрінің бар дерегін көрсету қызметін атқарады.Компоненттер диаграммасында тәуелділік қатынасы клиенттен немесе тәуелді элементтен шығу көзіне немесе үлгінің тәуелсіз элементіне бағытталған сілтеуішпен үзікті сызықпен көрсетіледі.

Тәуелділіктер компиляция және обьектік кодтың генерация кезеңінде программалық жүйенің жеке файлдар арасындағы байланысты көрсетуі мүмкін. Басқа жағдайларда тәуелділік тәуелді компонентте сәйкес обьектілерді құру үшін қолданылатын кластар сипаттамасы тәуелсіз компонентінің бар болуын көрсетуі мүмкін. Компоненттер диаграммасына қатысты тәуелділіктер компонент пен компонент импорттайтын интерфейсті, соынмен қатар әртүрлі компоненттерді өзара байланыстыруы мүмкін.  

Бұл жағдайда компонент-клиенттен импортталатын интерфейске сілтеуіш сызылады(12.4-сурет). Мұндай сілтеуіштің болуы компонент сәйкес интерфейсті іске асырмайды, өзінің орындалу үрдісінде қолданатынын білдіреді. Соныме бірге бұл диаграммада осы интерфейсті іске асыратын басқа компонент болуы мүмкін. Интерфейсті іске асыру қатынасы сілтеуішсіз жай сызықпен көрсетіледі.

Мысалы, компоненттер диаграммасының төменде келтірілген үзіндісі Control атты компонент DataBase атты компонент іске асыратын IDialog  импортталатын интерфейстен тәуелді. Сонымен бірге екінші компонент үшін бұл интерфейс экспортталатын болып табылады. Екінші DataBase компонентімен интерфейс арасындағы байланысты тәуелділік түрінде көрсетуге болмайды, себебі бұл компонент көрсетілген интерфейсті жүзеге асырады.   

12.4-сурет.

Компоненттер диаграммасында тәуелділік қатынасының басқа жағдайы программалық шақыру және әртүрлі компоненттер арасындағы компиляция қатынасы болып табылады. Компоненттер диаграммасының қарастырылған үзіндісі үшін ұқсас тәуелділіктің бар болуы орындалатын Control .exe компоненті Library .dll компонентінің қандайда бір қызметін импорттайды немесе қолданады, Home .html гипермәтін парағын Search .hlp көмек файлын шақырады, ал орындалатын компонент бастапқы мәтіні Control .cpp файлында сақталады. Сонымен бірге тәуелділіктің жеке курс мінездемесі қосымша мәтіндік стереотип көмегімен белгіленуі мүмкін.  


12.5-сурет.Компоненттер арасындағы тәуелділік қатынасының графикалық бейнеленуі

Компоненттер диаграммасында компоненттер арасындағы тәуелділік қатынасы және олар іске асыратын кластар көрсетілуі мүмкін. Бұл ақпарат үлгі жүйесінің логикалық және физикалық көрсеткіштерін сәйкестендіруді қамтамасыз ету үшін керек. Әрине, кластарды сипаттау құрылымындағы өзгерістер осы тәуелділіктің өзгеруіне алып келуі мүмкін. Төменде осыған ұқсас Control .exe орындалатын коды сәйкес кластардан тәуелді болатын тәуелділіктің үзіндісі келтірілген(12.6-сурет).

12.6-сурет. Компонент пен класс арасындағы тәуелділіктің графикалық бейнеленуі

Бұл жағдайда компоненттер диаграммасынан кластар берілген компоненттен іске асырылатыны шықпайды. Егер қандайда бір компонент жеке кластарды іске асыратынын көрсету талап етілсе, компонентті белгілеу үшін кеңейтілген символ тіктөртбұрыш қолданылады. Сонымен біре компонент тіктөртбұрышы көлденең сызықтың екі секциясына бөлінеді. Жоғарғы секциясы компонент атауы жазылуына қолданылады және қосымша ақпарат болуы мүмкін, ал төменгі секциясы – берілген компоненттер іске асыратын кластарды көрсету үшін қолданылады(12.7-сурет). 

12.7-сурет. Өзі іске асыратын кластар жөніндегі ақпаратпен компоненттің графикалық бейнеленуі

Егер компонент дана болып табылса және үш жеке обьект іске асырса, онда ол дана деңгейі компоненті түрінде бейнеленеді.  Жеке дана-компонентінде орналасқан обьектілер берілген компонент символына кірістірілген түрінде бейнеленеді. Мұндай енгізілу компоненттің орындалуы сәйкес обьектілер операцияларының орындалуына алып келеді. Сонымен бірге программаның орындалу кезінде компоненттің болуы барлық оған кіретін обьектілердің қызмет етуін қамтамасыз етеді. Осы обьектілерге енуге қатысты, онда ол пакеттердің көрінуіне ұқсас көріну көмегімен қосымша нақтылауы мүмкін. 

12.8-сурет. Жеке обьектілерді іске асыратын дана-компонентінің графикалық бейнеленуі

Программаның бастапқы мәтінімен компоненттер үшін көріну оларды ары қарай компиляциялаумен сәйкес программа компонентіне өзгерістер енгізу мүмкіндігін білдіруі мүмкін. Программаның орындалатын кодымен компоненттер үшін көріну сәйкес компонент немесе онда орындалатын операциялар немесе әдістерді шақыру мүмкіндігін мінездейді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.