Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Компоненттер



 

12-дәріс. Компоненттер диаграммасының графикалық нотациясының элементтері

Компоненттер диаграммасы және оны құру ерекшеліктері

Бұдан бұрын қарастырылған диаграммалар жүйе үлгісінің концептуалды және логикалық аспектілерін көрсеткен. Логикалық көрсеткіш ерекшелігі материалды іске асырулардан тұратын түсініктерді пайдалануымен түсіндіріледі. Басқаша айтқанда, кластар, қауымдастықтар, жағдайлар, хабарламалар сияқты логикалық көрсеткіштің әртүрлі элементтері материалды немесе физикалық кездеспейді. Олар тек сол немесе одан басқа жүйенің статикалық құрылымы түсінігін немесе оның іс-әрікетінің динамикалық аспектісін көрсетеді.

Нақты физикалық жүйені құру үшін барлық логикалық көрсеткіш элементтерін нақты бір материалды мәнде іске асырған дұрыс. Осындай нақты мәнді сипаттау үшін үлгілік көрсеткіштің басқа аспектісі, яғни – үлгінің физикалық көрсеткіші.

UML тілі мәнмәтінінде бұл байланысқан физикалық мәндердің жиынтығын көрсетеді, программалық және аппараттық жабдықтардан, сонымен қатар арнайы есептерді орындауға ұйымдастырылған қызметкерлерден тұрады.

Физикалық жүйе(physical system)–жүйе үлгісініңнақты кездесетін түптұлғасы.

Логикалық және физикалық көрсеткіштердің ерекшеліктерін түсіндіру үшін, программалық жүйені құру үрдісін жалпы түрде қарастыру қажет. Оның бастапқы логикалық көрсеткіші ретінде алгоритмдер мен үрдістердің құрылымдық сұлбасы, интерфейстер сипатталуы және мәліметтер қорының концептуалды сұлбасы болады. Алайда, бұл жүйені іске асыру үшін программалау тілінде бастапқы мәтінді құру қажет. Сонымен бірге программа мәтінінде программалау тілі синтаксисімен анықталатын және бастапқы кодтың жеке модульдерге бөлінуін ұсынатын программалық кодты ұйымдастыру ұсынылады. Алайда, программаның бастапқы мәтіні жобаның физикалық көрсеткішінің үзіндісі қызметін атқарса да, оның соңғы іске асырылуы болып табылмайды. Программалық жүйе өзінің мақсаттық бағытының қызметтерін орындаған кезде іске асырылған деп есептеледі. Бұл тек жүйенің программалық коды орындалатын модульдер, кластар кітапханасы және үрдістер, стандартты графикалық интерфейс, мәліметтер қоры файлдары түрінде іске асырылғанда ғана мүмкін болады. Дәл осы компоненттер UML тілі нотациясында жүйенің физикалық көрсеткішінің негізгі элементтері болып табылады.

Программалық жүйенің толық жобасы бір-бірімен сәйкестендірілуі керек логикалық және физикалық көрсеткіш үлгілерінің жиынтығын көрсетеді. UML тілінде жүйе үлгілерін физикалық көрсету үшін іске асыру диаграммалары қолданылады, олар екі жеке канондық диаграммадан тұрады: компоненттер диаграммасы және кеңейтілу диаграммасы.

Компоненттер диаграммасы жоғарыда қарастырылған диаграммаларға қарағанда жүйенің физикалық көрсеткіші ерекшеліктерін сипаттайды. Компоненттер диаграммасы программалық компоненттер арасындағы бастапқы, бинарлық және орындалатын код болатын тәуелділіктерді орнатып, құрылатын жүйе сәулетін анықтауға мүмкіндік береді.

Көптеген құру орталарында модуль немесе компонент файлға сәйкес келеді. Модульдерді қосатын үзік сызықтар бастапқы программа мәтінін компиляциялауда орын алатындарға ұқсас өзара байланыс қатынасын көрсетеді. Компоненттер диаграммасының негізгі графикалық элементтері: компоненттер, интерфейстер және олардың арасындағы байланыс болыптабылады.

Компоненттер диаграммасын құру кезінде жүйелік талдаушылар және сәулетшілер, сонымен қоса программистер қатысады. Компоненттер диаграммасы логикалық көрсеткіштен программалық код түрінде жобаны нақты іске асырудан логикалық көрсеткішке келісілген ауысуды қамтамасыз етеді. Бір компоненттер программалық кодты компиляциялау кезеңінде ғана болуы мүмкін, басқалары – оның орындалу кезеңінде. Компоненттер диаграммасы соңғыларын бір-бірімен арасындағы байланыс ретінде қарастыра, компоненттер арасындағы жалпы тәуелділіктерді көрсетеді.

Компоненттер

UML тілінде физикалық мәндерді көрсетуде арнайы термин – компонент қолданылады.

Компонент (component) – кластар және қатынастардың іске асуын қамтамасыз ететін,жүйенің физикалық кездесетін бөлімі, сонымен бірге үлгіленентін программалық жүйенің функционалдық іс-әрекеті.

Компонент онымен байланысқан үлгі элементтерін физикалық көрсету үшін арналған. Қосымша  компонент мәтіндік стереотиптен және белгіленген мәндерден, ал кейбір компоненттер – өзіндік графикалық көрсеткіштен тұруы мүмкін. Компонент ретінде жеке түсіндірілетін скриптерден тұратын модульдің орындалатын коды, топтық файлдар немесе файлдар болуы мүмкін.

Компонент үлгінің физикалық көрсеткішінің элементтерін жалпы көрсетуге және кейбір интерейстер жиынын іске асыру үшін қолданылуы мүмкін. Компонентті графикалық көрсету үшін сол жағында екі кішкене төртбұрыштан тұратын арнайы символ тіктөртбұрыш қолданылады. Бұл көлемді тіктөртбұрыш ішінде компонент аты және қосымша ақпарат жазылуы мүмкін. Бұл символ UML тілінде компоненттің негізгі көрсетілуі болып табылады.  


Рис. 12.1. Компоненттің графикалық бейнеленуі  

Компоненттің графикалық бейнеленуі мәліметтер мен үрдістер инкапсуляциялау ерекшелігін көрсетуге қолданылатын программа модулін бейнелеуден шығады.

Модуль (module) –– өзі сақталуына жады көлемін және орындалуына процессор талап ететін программалық жүйе бөлімі. Бұл жағдайда жобарғы кіші тіктөртбұрыш осы компонент іске асыратын мәліметтермен тұжырымдылық орайластырылады(кейде ол сопақ түрінде бейнеленеді).  Төменгі кішкене тіктөртбұрыш компонент іске асыратын операция немесе әдістермен орайластырылатын. Қарапайым жағдайда мәлімет және әдістер атаулары айқын кішкене тіктөртбұрышта жазылатын, алайда UML тілінде олар көрсетілмейтін.

Компонент атауы UML тілінде үлгі элементтерінің аталу ережелеріне бағынады және кез-келген әріп, сан және тыныс белгілерден тұруы мүмкін. Жеке компонент тип немесе дана деңгейінде көрсетілуі мүмкін. Оның екі жағдайда да графикалық бейнеленуі бірдей болғанымен, компонент атауын жазу ережесінде өзгеріс болады. Егер компонент тип деңгейінде көрсетілсе, онда тек компонент тип атауы бас әріппен: <Тип атауы> түрінде жазылады. Егер компонент дана деңгейінде көрсетілсе, онда оның атауы: <Компонент атауы ':' Тип атауы> түрінде жазылады. Сонымен қатар атау баған асты сызылады. Бұлай бірінші жағдайда(12.1-сурет, а) тип деңгейі компоненті үшін тип атауы, екіншіде(12.1-сурет, б) дана деңгейі компонентінде – комоненттің өзіндік аты және тип атауы көрсетіледі. UML тілінде обьектілерді атау ережесі жеке дана атауларының астын сызуды талап етеді, алайда компоненттер атауына жиі қолданылмайды. Бұл жағдайда компонент атауы кіші әріппен жазылуы мысал деңгейінде компонентті мінездейді. 

Компоненттердің өзіндік атауы ретінде орындалатын файлдар, динамикалық кітапханалар, Web-парақтарды, мәтіндік файлдар немесе анықтама файлдары, мәліметтер қоры файлдары немесе программаның бастапқы мәтінімен файлдар, скриптер файлдары және басқалардың атауын қолдану қабылданған.

Жеке жағдайларда қарапайым компонент атауына  көлемді пакет атауы және берілген компонентті іске асырудың нақты нұсқасы жөнінде ақпарат қосылуы мүмкін. Есте сақтаған дұрыс бұл жағдайда нұсқа нөмірі жүйелі жақшада белгіленген мән ретінде жазылады. Басқа жағдайларда, онда іске асырылатын кластар немесе интерфейстерді айқын көрсету үшін компонент символы секцияларға бөлінуі мүмкін. Компоненттің мұндай белгіленуі кеңейтілу деп аталады.

Компонент үлгі элементі ретінде әртүрлі физикалық іске асырудан тұруы мүмкін болғандықтан, кейде іске асырудың нақты ерекшеліктерін суреттейтін арнайы графикалық символ түрінде бейнелейді. Қатаң айтқада, бұл қосымша белгілеулер UML тілі нотациясында арнайыланбаған. Алайда, UML тілінің кеңейтілуінің жалпы механизмдерін қанағаттандыра, графикалық көрсетудің көрнекілігін мәнді жоғарылата коспоненттер диаграммасы түсінігін оңайлатады.

Ары қарай компоненттердің көрнекірек бейнеленуіне жалпыға ортақ қабылданған келесі графикалық стереотиптер ұсынылды:

· Брінішіден кеңейтілу компоненттері стереотипі өзіндік қызметтерін жүйеден орындалуын қамтамасыз ететін. Мұндай компонентер динамикалық қосылған кітапханалар(12.2-сурет, а), гипермәтін белгілеу тіліндегі Web-парақтар(12.2-сурет, б) және анықтамалар файлдары(12.2-сурет, в) болуы мүмкін.

· Екіншіден жұмыс өнімдері түрінде компоненттер үшін стереотиптер. Ереже бойынша – бұл программаның бастапқы мәтінімен файлдар(12.2-сурет, г).

12.2-сурет. Компоненттер диаграммасында компоненттердің графикалық бейнелену нұсқалары.

Бұл элементтерді кейде олардың аяқталған сәйкес компоненттердің нақты іске асыру технологиясынан тәуелді ақпараттық мазмұнын көрсете артефакттар деп атайды. Сонымен бірге құрушылар бұл мақсатта өзіндік белгілеулер қолдануы мүмкін, себебі UML тілінде артефакттарды бейнелеудің қатаң нотациясы жоқ. Әртүрлі компоненттер түрін анықтаудың келесі әдісі – компоненттің мәтіндік стереотипін оның атауы алдында көрсету. UML тілінде компоненттер үшін келесі стереотиптер анықталған:

· <<file>> (файл) – еркін физикалық файл түрінде көрсетілетін компоненттің жалпы ерекшелігін анықтайды.

· <<executable>> (орындалатын) – орындалатын файл болатын және компьютер платформасында орындалатын компонент-файлы ерекшелігін анықтайды.

· <<document>> (құжат) – орындалатын файл немесе программаның бастапқы мәтіні файлы болып табылмайтын ерекше мазмұнды құжат түрінде көрсетілетін файл-компоненті ерекшелігін көрсетеді.

· <<library>> (кітапхана) – динамикалық немесе статикалық кітапхана түрінде көрсетілетін компонент-файлының ерекшелігін анықтайды.

· <<source>> (көзі) – компиляциядан кейін орындалатын файлға өзгертілетін программаның бастапқы мәтінімен файлды көрсететін компонент-файлы ерекшелігін анықтайды.  

· <<table>> (кесте) – мәліметтер қоры кестесі түрінде көрсетілетін компонент ерекшелігін анықтайды.

Жеке құрушылармен сол немесе одан басқа компоненттер типін көрсету үшін өзіндік графикалық стереотиптер ұсынылды, алайда кішкене шектеулермен кең қолданысқа ие болмады. Өз кезегінде CASE-құрылғыларының аспаптар қатары компоненттерді бейнелеуге қосымша графикалық стереотиптер жиынынан тұрады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.