Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Бронхолитикалық дәрілер.



4 Бронхолитикалық дәрілер.

Бронхолитикалық дәрілерге бронхтың тегіс бұлшық еттерін босатып, бронхтың спазмасын түсіретін дәрілер жатады. Бұл топтың дәрілері демікпе ұстамасын түсіруге және алдын алуға қолданылады. Бронх демікпесі кезінде бронхтың спазмасының әсерінен науқас дем ала алмай тұншығады, кілегей қабықтары ісінеді.

Бронхолитиктерге әртүрлі фармакологиялық топтардағы дәрілер жатады.

1. Бета 2-адренорецепторларды күшейтетін дәрілер (бета-адреномиметиктер, альфа, бета- адреномиметиктер, симпатомиметиктер) /Адренергілік дәрілерді қараңыз/.

2. М-холиноблокаторлар /М-холиноблокаторларды қараңыз/.

3. Миотроптық әсері бар спазмолитиктер.

Бронх демікпесінің талмасын түсіру үшін бета-адреномиметик изадрин(новодрин, эуспиран), және альфа, бета-адреномиметик адреналин және симпатомиметикэфедринқолданылады(эфференттік жүйкелендіруге әсер ететін дәрілер тарауында берілген).

Изадринді ингаляция түрінде қолданған жақсы. Бұл кезде препарат басқа мүшелерге әсер етпей, тікелей бронхты кеңейтеді. Басқа жолдармен енгізген жағдайда изадрин жүрек соқтырады, өйткені жүректің бета- адренорецепторларын қоздырады.

Бронх бұлшық етіне бета-адреномиметик орципреналин сульфат(алупент, астмопент) таңдаулы әсер етеді. Оларды ингаляция түрінде, тері астына, бұлшық етке және ішке қолданады.

Әсіресе бронхқа таңдаулы әсер ететін салбутамол(вентолин) және фенотерол (беротек). Салбутамолдың изадринге қарағанда бронхолитикалық активтілігі және әсер ету ұзақтығы басым, ингаляция түрінде және ішке қолданылады. Фенотерол ингаляция түрінде қолданылады.

Жағымсыз әсері: Тахикардия, мазасыздану, аяқ-қолдың дірілдеуі.

Адреналин және эфедрин бронх демікпесінің ұстамасында тері астына салынады. Эфедрин демікпе талмасының алдын алу үшін ішке енгізіледі.

Бронхолитик ретінде м-холиноблокаторлардан атропин,платифиллин, ипратропий (атровент) /ингаляция арқылы/қолданылады.

Миотроптық әсері бар спазмолитиктерге эуфиллин (аминофиллин, диафиллин) жатады.

Эуфиллин(Euphyllinum) Шығарылатын түрі: таблетка 0,15; ампула 24% 1 мл бұлшық етке; ампула 2,4% 10 мл венаға.

Бронх демікпесінің талмасын түсіру үшін эуфиллинді парентеральді (бұлшық етке, венаға /жәй/), талманың алдын алуға таблетка түрінде ішке қолданылады.

Негізгі әсері: эуфиллин бронхтың спазмасын түсіреді, қан қысымын төмендетеді, ми ісігін азайтады. Жүректің жұмысын күшейтеді, миокардтың оттегі қажеттілігін көтереді. Орталық жүйке жүйесін қоздырады.

Қолданылуы: бронх демікпесінде, гипертония ауруында, мидың қан айналымы бұзылғанда.

Жағымсыз әсері: Эуфиллин (тез енгізілсе) қан қысымын кенеттен төмендетеді, жүрек соқтырады, бас ауыртады, бас айналтады, диспептикалық өзгерістер туғызады.

Бронх спазмінің алдын алуға интал, зафирлукаст /аколат/, дитек т.б. қолданылады.

Кромолин – натрий /Интал/ - Intalum. Шығарылатын түрі: капсула ұнтақ 0,02 г. Ингалятор арқылы 1 капсуладан күніне 3-4 рет ішке дем алу.

Аллергияға қарсы препарат, майлы клеткалардан аллергия медиаторларының шығуына кедергі жасайды. Препарат бронх демікпесінің талмасын алдын алады. Жағымсыз әсері: кейде тыныс жолдарын тітіркендіреді, қысқа мерзімді бронхоспазм туғызуы мүмкін. Қолдануға болмайды: бауыр ауруларында, жүктілікте, 5 жасқа дейінгі балаларға.

Кетотифен /Ketotifenum/ Шығарылатын түрі: таблетка, капсула 0,001 г; шырын /сироп/.

Әсері: гистаминнің және басқа да биологиялық белсенді заттардың шығуын тежейді /әсері инталға ұқсас/. Және кетотифен Н1-рецепторларды тежейді, гистаминнен пайда болған реакцияларды азайтады. Седативік әсер етеді. Ұйықтататын және басқа да орталық жүйке жүйесін тежейтін дәрілердің әсерін күшейтеді. Қолданылуы: бронх демікпесінде, аллергиялых ринитте, дерматитте және т.б. Жүктілікте қолдануға болмайды.

Бронх демікпесін емдеуде глюкокортикоидардың ( беклометазон, преднизолон, т.б.) әсері өте тиімді. Бұл жағдайда глюкокортикоидтар бронхтың бета 2-адренорецепторларының адренергілік медиаторға сезімталдығын көтереді, сонымен қатар иммунодепрессивтік және қабынуға қарсы әсер етеді. Глюкокортикоидтарды бронх демікпесін жүйелі емдеуге және оның ауыр талмаларында қолданылады.

 

 

 

 

 


  

Өкпе ісігінде қолданылатын дәрілер
Жөтелге қарсы дәрілер
Қақырық түсіретін дәрілер
Бронхолитикалық дәрілер
Тынысты күшейтетін дәрілер
Дәрілік препараттар
Тыныс мүшелерінің қызметіне әсер ететін дәрілер

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.