Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тыныс мүшелерінің қызметіне әсер ететін дәрілер



 

№2 тақырып: «Тыныс алу мүшелері қызметіне әсер ететін заттар»

 

Тыныс мүшелерінің қызметіне әсер ететін дәрілер

Бұл топтың дәрілеріне жатады: тынысты күшейтетін дәрілер, жөтелге қарсы дәрілер, қақырық түсіретін, бронхолитикалық және өкпе ісігінде қолданылатын дәрілер.

1 Тынысты күшейтетін дәрілер

Тынысты күшейтетін дәрілер – тыныс алу күйзелгенде қалпына келтіретін дәрілер. Тыныс сопақша мидағы тыныс алу орталығымен реттеледі. Ал тыныс алу орталығының белсенділігі қандағы көмір қышқылының мөлшеріне байланысты. Өйткені көмір қышқылы тыныс алу орталығын тікелей қоздырады және синокаротид аймағының рецепторларын қоздыру арқылы, рефлекторлық жолмен де тыныс алуды жақсартады.

Тынысты күшейтетін дәрілерге негізінен тыныс алу орталығын тікелей қоздыратын дәрілер аналептиктер (коразол, кофеин-бензоат натрий, бемегрид, кордиамин т.б.) және тынысты рефлекторлық жолмен күшейтетін дәрілер – Н-холиномиметиктер (цититон, лобелин гидрохлорид ) жатады. / «Н-холиномиметиктер» және «Аналептиктер» тақырыптарын қараңыз/

Аналептиктер тыныс алу орталығына тікелей әсер етуіне байланысты, оның тонусын көтереді. Аналептиктер тынысты жиілетеді, тереңдетеді, өкпе вентиляциясының көлемін ұзартады, қанды оттегімен байытады.

Коразол(Corasolum ) Шығарылатын түрі: таблетка 0,1; ампула 10% 1мл

Қолданылуы: операция кезінде тынысты күшейту үшін, наркотикалық анальгетиктермен, ұйқы, наркоз дәрілерімен уланғанда, акушерлік практикада жаңа туған баланың тұншығуында қолданылады. Әсер ету ұзақтығы 30 мин.

Кофеин-бензоат натрий ( Coffeini natrii benzoas ).

Шығарылатын түрі: таблетка 0,1; 0,2; ампула 10% және 20%- 1; 2мл

Қолданылуы: Наркотикалық, ұйқы дәрілерімен, этил спиртімен улану әсерінен тыныстың бұзылуында қолданылады. Активтілігі коразолдан төмен.

Бемегрид( Bemeqridum ). Шығарылатын түрі: ампула 10 мл 0,5%. Венаға 5-10мл жәй салынады. Тыныс алу толық қалпына келгенше және қан қысымы реттелгенше қайталап салына береді.

Қолданылуы: барбитураттармен және наркотикалық дәрілермен жедел уланғанда, гипоксияда, наркозда тынысты күшейту үшін қолданылады.

Наркотиктер және ұйықтататын дәрілермен ауыр уланғанда аналептиктерді қолдануға болмайды (бұл жағдайда аналептиктер мидің оттегі қолдануын күшейтеді, тыныс алу нашарлағанда оттегі организмде азайып жүйке клеткаларында тіршілік әрекеті бұзылады).

Артық дозада аналептиктер тырысу, тартылу /судороги/ туғызады.

Этимизол /Aethimizolum/. Шығарылатын түрі: таблетка 0,01 г; ампула 1,5% 3 мл; бұлшық етке, венаға /жәй/.

Негізгі әсері: тыныс орталығын күшейтеді, есте сақтау қабілетін, ой жұмысын жақсартады, қабынуға және аллергияға қарсы әсер етеді.

Қолданылуы: тынысты күшейту үшін /наркозда, т.б./, полиартриттарда, бронх демікпесінде, т.б.

Жағымсыз әсері: жүректі айнытады, диспептикалық өзгерістер, мазасыздану, ұйқы бұзылады, бас айналтады.

Кордиамин(Cordiaminum). Шығарылатын түрі: ампула 1; 2 мл /тері астына, венаға (жәй), бұлшық етке 1-2 мл/; флакон 15 мл /30-40 тамшыдан ішке/.

Қолданылуы: жұқпалы аурулардан кейінгі тыныс нашарлағанда, наркотикалық, ұйықтататын дәрілермен, морфинмен, көміртегі газымен уланғанда, жаңа туған балалардың асфиксиясында.

Лобелин және цититонсинокаротидтық шумақшаның Н-холинорецепторларын қоздырып, тыныс орталығының тонусын көтереді.

Бұл дәрілер тыныс алу орталығының қоздырғыш қабілеті бұзылмағанда ғана қолданылады. Мысалы, жаңа туған балалардың асфиксиясында, көміртегі газымен уланғанда қолданылады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.