Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ақырық түсіретін дәрілер.



3. Қақырық түсіретін дәрілер.

Бұл топқа тыныс мүшелерінен қақырықтың бөлінуін жеңілдететін дәрілер жатады. Қақырық түсіретін дәрілер жедел және созылмалы бронхитте, бронх демікпесінде, пневмонияда қолданылады.

Қақырық түсіретін дәрілер әсер ету механизміне байланысты екі топқа бөлінеді:

1. Бронхиальді бездерінің секрециясын күшейтетін дәрілер:

1) Рефлекторлық әсері бар қақырық түсіретін дәрілер;

2) Тікелей әсері бар қақырық түсіретін дәрілер;

2. Муколитикалық дәрілер.

1) Рефлекторлық әсері бар қақырық түсіретін дәрілер (термопсис препараттары, жалбызтікен /алтей/ тамырының тұндырмасы, мукалтин, қызылмия тамырының препараттары, нашатыр-анис тамшысы, ипекакуана тамыры, т.б.).

Бұл дәрілер үлкен дозада асқазанның рецепторларын тітіркендіріп, құсық туғызады, ал аз дозада қақырықтың бөлінуін жеңілдетеді. Қақырықты сұйылтып, оның тыныс жолдарынан бөлінуін күшейтеді.

2) Тікелей әсері бар қақырық түсіретін дәрілер /натрий йодиді, калий йодиді, аммоний хлориді, натрий гидрокарбонаты/.

Бұл топтың дәрілері бронхтың кілегей қабығына тікелей әсер етіп, қақырықтың жабысқақ қасиетін төмендетеді, бөлінуін жеңілдетеді.

Муколитикалық дәрілер (ацетилцистеин, карбоцистеин, бромгексин, амброксол, трипсин, химотрипсин) қақырықтың көлемін көбейтеді, оны сұйылтады, бөлінуін жеңілдетеді және қабынуға қарсы әсер етеді.

Препараттары.

Термопсис шөбінің тұндырмасы (Infusum herbae Thermopsidis).

Шығарылатын түрі: /0,6:200мл/ тұндырма. 1 ас қасықпен күніне 2-3 рет тамақтан кейін.

Термопсистің құрғақ сығындысы/Extractum Thermopsidis siccum/.

Шығарылатын түрі: таблетка 0,05. Жөтелге қарсы таблетканың құрамына кіреді. Тамақтан кейін 0,05 г 2-3 рет ішке.

Әсер ету механизмі. Термопсис препараттары асқазан рецепторларын тітіркендіріп, рефлекторлық жолмен бронхтың кілегей қабығында өзгерістер туғызады. Қақырықтың шығуын күшейтіп, оның жабысқақ қасиетін төмендетеді және бронх кілегей қабығындағы жыбырлағыш түйіннің активтілігін күшейтіп, қақырық бөлінуін жеңілдетеді.

Үлкен дозада рефлекторлық әсері бар препараттар құсық туғызуы мүмкін.

Калий йодиді /Kalii iodidum/. Шығарылатын түрі: ұнтақ. 1-3% ертінді; ас қасықпен 3-5 рет ішке қолданылады.

Әсері: йодидтер бронх кілегей қабығының бездері арқылы шығады, қақырықтың бөлінуін және оның сұйылуын қамтамасыз етеді. Тыныс жолдарының ауруларында және қалқанша безінің ауруларында қолданылады.

Мукалтин /Mucaltinum/. Шығарылатын түрі: таблетка 0,05 г. Тамақтың алдында 2-3 рет күніне 1-2 таблеткадан.

Жалбызтікен /алтей/ шөбінің полисахаридтерінен тұрады. Қақырық түсіреді. Тыныс жолдарының және өкпе ауруларында /трахеит, бронхит, пневмония , т.б./ қолданылады.

Бромгексин /Bromhexin/. Шығарылатын түрі: драже 0,008 г; 1-2 дражеден 2-3 рет ішке қолданылады.

Әсері: қақырықты сұйылтып, шығуын жеңілдетеді және тынысты жақсартады. Токсикалық әсері аз. Кеңірдектің, бронхтың, өкпенің жедел және созылмалы қабыну ауруларында, бронхографияда қолданылады.

Амброксол гидрохлориді /лазолван/Ambroxoli hydrochloridum Шығарылатын түрі: таблетка 30 мг; ампула 2 мл; флакон 100 мл.

Бромгексиннің метаболиті. Қолданылуы: жедел және созылмалы бронхитте, бронх демікпесінде және басқа да тыныс жолдарының ауруларында.

Жағымсыз әсері: жүрек айнытады, құстырады. Асқазан жарасында байқап сақтықпен қолдану қажет.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.