Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





наурыз Игі істер күні(Рухани-танымдық тәрбие).



28 наурыз Игі істер күні(Рухани-танымдық тәрбие).

Бұл күні әркімге, мүмкіндігіне қарай, бір жақсылық іс жасау ұсынылады, еріктілердің қатысуымен түрлі іс-шаралар өткізіледі.

Біз волонтерлік, әдетте, біздің өміріміздің өткір әлеуметтік салаларына - мүмкіндігі шектеулі адамдарға, балалар үйлеріне, жалғыз басты қарт адамдарға, үйсіз жануарларға көмек көрсету деп қана түсінеміз. Алайда, өткір әлеуметтік мәселелер - еріктілердің көмегі қажет жалғыз сала емес, еріктілер қамтитын өмір салаларының ауқымы әлдеқайда кең.

Білім беру ұйымдарындағы волонтерлік қызметтің келесі негізгі бағыттарын ұсынамыз:

 - Әлеуметтік волонтерлік

 - Экологиялық волонтерлік

 - Спорттық волонтерлік

 - Мәдени волонтерлік

- Азаматтық-құқықтық волонтерлік

 Іс-шаралар балалар мен студенттер арасында жалпыадамзаттық құндылықтарды түсіну мен тәжірибеге негізделген қоғамға қызмет ету, шынайы көшбасшылық дағдыларын дамытуға бағытталуы керек.

29 наурыз Мұражайлардағы жанды сабақтар(Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие).

Тез өзгеретін әлемде мұражайдағы «жанды сабақтар» - бұл тәрбие үдерісін мұражай қоры, жинақтары арқылы инновациялық мазмұнмен қанықтырудың сәтті стратегиясы. Жанды сабақтар балаларды жаңа білімді алуға ынталандыруға ғана емес, сонымен қатар сыныптан тыс уақытта мәдениеттің мағынасын игеру үшін тәжірибеге бағытталған білім кеңістігін құруға көмектеседі.

Мұражайды «Жанды сабақта» білім көзі ретінде қолдану музей экспонаттарымен суреттелген нақты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге  мүмкіндік береді.Мұғалім мен музей мамандары арасындағы серіктестік «жанды сабақтың» негізгі бөлігінің көлемін ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді.

Виртуалды экскурсиялар:

- Әлемдік онлайн-музейлер/видеоспектакльдер/балеттер/опералар:

Эрмитаж, Ван Гогтың Амстердамдағы музейі, Өнер тарихы музейі, Уффици

сандық мұрағаты, Лувр, мемлекеттік музей (Санкт-Петербург), Британ музейі,ресми YouTube каналындағы музей және экспозициялар бойынша виртуалдыэкскурсиялар, Прадо, 11 мыңнан астам шығармалардың суреттері, суретшілербойынша ізденіс (алфавиттік көрсеткіштермен) және тақырыптық ізденіс,Метрополитен – музей, Нью-Йорк, Сальвадор Дали музейі, Metropolitan Opera,Вена операсы, Үлкен театр және басқалар. Форма: слайд-есеп, презентацияжәне басқалар (сайт http://journal-shkolniku.ru/virtual-ekskursii.html);

Отанымыз Қазақстанның Символдары бойынша: Маңғыстау қорымы -Сисем-Ата - батырлар пантеоны, Шопан-Ата жер асты мешіті, Бекет-ата мешіті,Ахмет Яссауи мавзолейі, Абайдың әдеби-мемориалдық мұражай үйі және басқа да аймақтық қорықтар, тарихижерлер, киелі жерлер және т.б. бойынша виртуалды турлар.

(kazmuseum.com/ru/zaly.html, http://yqlasmusmuseum.kz/

http://www.gmirk.kz/; https://qazexpocongress.kz/



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.