|
|||
азақстан балалары – көктем шақырады!»Стр 1 из 6Следующая ⇒ «Қазақстан балалары – көктем шақырады!» көктемгі каникул кезінде оқушылардың сапалы және қауіпсіз демалысын ұйымдастыру туралы ұсыныстар (2021 жылғы 20 наурыз 31 наурыз аралығында) «Қазақстан балалары – көктем шақырады!»атты ұсыныстар көктем каникулы кезінде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша (бұдан әрі-ұсынымдар) каникул кезінде оқушылардың пайдалы және белсенді қызметін ұйымдастыру жүйесін дамытуға және жетілдіруге бағытталған. Еліміздің орта білім беру мекемелеріндегі каникул күндеріндегі тәрбие жұмыстары тәрбие жұмысының негізгі бағыттары аясында жүзеге асырылады. 1) Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие. 2) Рухани-танымдық тәрбие. 3) Ұлттық тәрбие. 4) Отбасылық тәрбие. 5) Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие. 6) Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие. 7) Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу. 8) Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Көктемгі каникул кезіндегі Наурыз мерекесін тойлауғаарналған тәрбие беруіс-шаралары негізін жалпыадамзаттық құндылықтар (сенім, ақиқат, әсемдік, бостандық, қайырымдылық, жақсылық, махаббат, және т. б.) және ұлттық құндылықтар – тәуелсіздік, патриотизм, толеранттылық, ана тілі, заңға бағынушылық, этникалық мәдениет, салт-дәстүр құрайды. Барлық іс-шараларды балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып жүзеге асыруұсынылады. Биылғы жылы Наурыз мейрамы іс-шаралары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі әзірлеген Тұжырымдамаға сәйкес 14-23 наурыз аралығында өткізілуі керек. Оның үстіне мерекенің 10 күнінің әрқайсысының өз атауы болады.
|
|||
|