Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





наурыз – «Ұлыстың ұлы күні»(Ұлттық тәрбие).



22 наурыз – «Ұлыстың ұлы күні»(Ұлттық тәрбие).

Құндылықтар жүйесін қалыптастыру  мақсатында ұлттық тәрбие бағытының шеңберінде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Одан әрі бұқаралық мереке Наурыз шеруге ұласады. Сахнада театрландырылған қойылымдар, концерттік бағдарламалар көпшілікке ұсынылып, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар және цирктердің көше қойылымдық бағдарламасы ұйымдастырылады.

22 наурыз күні сағат 12.00-де Қазақстан Республикасының Президенті құттықтау сөз сөйлейді. Президенттің құттықтауы телеарналардан, интернет кеңістікте беріледі және оны барлық халық тыңдауы үшін Наурызды мерекелеуге арналған алаңдарда LED экрандарынан тікелей қосылу ұйымдастырылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Халықтық мейрамда Отандастармен бірге болуы, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, мерекенің өз жөн-жоралғысымен құттықтауы – бұл халықтың бірлігін одан әрі арттыруына септігін тигізеді.

    23 наурыз – «Жоралғы күні»(Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие)

Бұл күні әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер айшықталады. Ұмыт бола бастаған жоралғылар жаңғыртылады, ал барлары заман талабына сай дамытылады. Салт-дәстүрдің, ырым-тыйымдарың адам мен қоғам өміріндегі маңызы түсіндіріледі. Мұндай құндылықтар ұлттық кодты сақтаудың компоненті екені айтылады.

Бұл мейрамда ата-анаға, жақын туған-туысқа сый-сияпат жасап, қуанышқа бөлейді, әркім 7 адамды қуантуы тиіс деген насихат жүргізіледі. Ата-әжелер немере-шөберелеріне сыйлық таратады. Ата-аналар балаларына жолдық сыйлайды.

Қазіргі заманғы тенденциялар мен озық тәжірибелерді қолдана отырып, балалар ойыншықтарын ұлттық нақышта (кесте тігу, жамау, сурет салу) жасау.

Өз қолыңызбен сыйлықтар жасауға, өз қолыңызбен кәдесыйлар мен қолөнер бұйымдарын жасауға арналған әлеуметтік желілерде бейнелерді орналастыру.

24 наурыз «Табиғат күні» (Терезедегі бақ) (Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие).Бұл күні экологиялық мәдениетті қалыптастыруға назар аудару керек. Экологиялық білім, қоршаған әлемге деген құрмет шаралар кешені арқылы жүзеге асырылуы керек.

«МеніңЭко-Үйім» жобасы аясында пәндік аймақтар арқылы өсімдіктердің алуан түрлілігі мен декоративті өсімдіктерді көбейту жолдарын (биоәртүрлілік) зерттеу маңызды; үйде энергия тұтынудың құрылымы және оны азайту жолдары (энергия үнемдеу); үйде суды үнемді пайдалану мүмкіндіктері (суды үнемдеу); қалдықтардың пайда болу көздері, оларды азайту жолдарын анықтау, қалдықтарды бөлек жинауды енгізу (қалдықтарды басқару).



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.