Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





наурыз Шымырлық пен шеберлік күні(Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру)



25 наурыз Шымырлық пен шеберлік күні(Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру)

Дене тәрбиесі салауатты өмір салты, дене шынықтыру және спорт, физикалық жетілу, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау құндылығын қалыптастырады.

Бұл күні ашық аспан астында серуендеу, табиғатта серуендеу, велосипед тебу (скейтборд, ролик тебу, скутер), қазақ халқының ұлттық мәдени құндылықтарын сақтаудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын ұлттық ойын түрлері: асық ату, тоғызұмалақ, қазақ күресі жарыстарынұйымдастыру ұсынылады.

Салауатты өмір салты (СӨС) бойынша онлайн-ағарту: «Желілі қала», вайберде немесе басқа мессенджерде топ құру арқылы,СӨС насихаттау формалары – онлайн-викториналар, веб-квестер, «Флэшмоб» веб-квесті, Денсаулық күніне арналған веб-квест, «Денсаулық» қазынасын іздеу» квест-ойыны, «Дұрыс тамақтану» квест-ойыны жәнебасқалар.

26 наурыз Оқу және жазу мәдениетінің күні - (Рухани-адамгершілік тәрбиесі)

Рухани-адамгершілік тәрбиесі адамгершілік сипат, адамгершілік сана сияқты құндылықтарды қалыптастырады; сезімдер мен қасиеттер - гуманизм, ар-ождан, ар-намыс, парыз, сенім, жауапкершілік, жолдастық, мейірімділік, ұят, қағидаттарды сақтау, мейірімділік, ынтымақтастық, ұлттық келісімнің құндылығы, басқа халықтардың мәдениетін, дәстүрлері мен тілін құрметтеу, өмірге этикалық тұрғыдан жауапкершілікпен қарау.

Адамгершілік құндылықтар жүйесінің қалыптасуы кітап оқу кезеңінде болады. 2020-2021 оқу жылында оқушылардың арасында кітаптың беделін арттыру,оқуды қолдау мақсатында оқу сағаттары дәстүрлі болып қала береді. Демалыс - жаңа кітап оқуға немесе сүйікті кітаптарыңызды қайта оқуға таптырмайтын уақыт. Мектеп кітапханасы«Демалыста оқу», «Кітап баста», «Отбасымен бірге оқу» сияқты ауқымды бағдарламаларды белсенді түрде дамытуы керек.

Мектептің веб-сайтында ең үздік балалар және мектеп әдебиетіне, балалар мен жасөспірімдердің оқуын жақсартуға арналған ресурстар мен түрлі қызметтер (интернет-викториналар, ұсынымдық қызметтер, кітап клубтары туралы ақпарат және т.б.) ұсынылуы керек. Электрондық форматтағы кітаптарды, оның ішінде мобильді құрылғылардың көмегімен оқудың мүмкіндіктерін пайдалану, балаларға әдебиет ағымында дұрыс бағытта жүруге көмектесетін және оқырман-балаларды кітапқа тарта алатын жаңа электрондық ресурстарды дамыту қажет. «Кітаптар және түйінді ой» форматындағы тікелей эфирлерді ұйымдастыру ұсынылады.

27 наурызКино күні- Кино әуесқойларына арналған кинозал(Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие).Кино оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің құралы болып табылады.

Әдеби шығармалардың келесідей фильмографиясын ұсынуға болады: «Біздің заманның батырлары», «Сергей Есенин», «Одиссей», «Ясон жәнеаргонавтар», Р.Стивенсон «Қазына аралы», «Қара жебе», ЖюльВерн «Он бес жасар капитан», А Линдгрен «Ленебергиден келген Эмиль»,ағайынды Гриммдердің ертегілері бойынша түсірілген фильмдер және басқалар(сайт https://gunfighterar.wixsite.com/mysite-1/blank-5;

https://www.film.ru/articles/ot-moskvy-do-berlina?page=show);

қазақстандық режиссерлардың танымдық фильмдері

(https://ru.wikipedia.org/wiki/Список фильмов студии «Казахфильм»);



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.