Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





жыл, Мамыр айы. тпелі тақырып «Әрқашан күн сөнбесін!»



2018 жыл, Мамыр айы

Өтпелі тақырып «Әрқашан күн сөнбесін!»

Мақсаты: «Денсаулық», «Коммуникция», «Таным», «Шығармашылық» және «Әлеумет» білім беру салаларының мазмұндары  бойынша меңгерген білім, білік, дағдыларын анықтау, бекіту

 Міндеттері:

1. Дене жаттығуларын орындау, қимылды ойындар Ережелерін, спорттық ойындардың техникаларын меңгеру және жеке бас гигиеналарын сақтау дағдыларын бекіту;

2.  Ана тілі және басқа да тілдерде барлық дыбыстарды дұрыс айту, қарым-қатынасқа түсу, сөйлемдердің әр-түрлі түрлерін қолдану және сөйлеу дағдыларын бекіту;

3. Тәулік бөліктерін, кеңістіктегі заттардың орналасуын, түрлі мәселелерді шешудің әдістерін және құрылыс бөлшектерін анықтау дағдыларын бекіту. Қоршаған орта туралы қарапайым түсініктерін анықтау;

4. Шығармашылық дағдыларын, отбасылық құндылықтарын және отансүйгіштік сезімдерін бекіту

Тақырыпша Денсаулық-3 Дене шынықтыру-3 Коммуникация-2,5 Сөйлеуді дамыту-1 Көркем әдебиет-0,5 Драма-0,5 Орыс тілі-0,5 Таным-2,5 Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру-1 Құрастыру-0,5 Жаратылыстану1 Шығармашылық-3,5 Музыка-1,5 Сурет-1 Мүсіндеу-0,5 Аппликация-0,5 Әлеумет-0,5 Қоршаған орта-0,25 Экология негіздері-0,25
І апта «Достық-біздің тірегіміз» (Халықтар достығы) Дене шынықтыру Негізгі қимылдар: 1.Жоғары көтерілген таяқтың астынан оң және сол бүйірімен алға еңбектеп кіру. Қырлы тақтаймен тепе-теңдікті сақтап жүру. Гимнастикалық қабырға бойынша оң аралықтан сол аралыққа ауысу. Қимылды ойын: «Досыңа көмектес»    2.Жоғары көтерілген таяқтың астынан оң және сол бүйірімен алға еңбектеп кіру. Заттарды алысқа дәлдеп лақтыру(3,5-6,5м.кем емес). Көлденең және көлбеу орындықта төрттағандап еңбектеу. Қимылды ойын: «Достық көпірі»    3.Жоғары көтерілген таяқтың астынан оң және сол бүйірімен алға еңбектеп кіру. Қырлы тақтаймен тепе-теңдікті сақтап жүру. Биіктігі 5-10см 2-3 заттың үстінен кезектесе секіру.  Қимылды ойын: «Ине-жіп» Бурят ойыны   Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Достығымыз жарасқан» Мақсаты: Жеке тәжірибесінен суреттің мазмұны бойынша шағын әңгімелер құрастыруды бекіту.. Дид-қ ойын: «Қай ұлттың киімі?» Көркем әдебиет Тақырыбы: «Тату доспыз бәріміз» Мақсаты: Шығарма мен өлеңді ажырата білуді, көркемшығармада түрлі өмірлік жағдаяттар:мереке, өмірден алынған күлкілі және байсалды үзінділер бейнелеуі мүмкін екендігін түсіне білуін бекіту. Дид-қ ойын: «Не деу керек?»   ҚМҰҚ Тақырыбы: «Бір шаңырақ астында» Мақсаты:Жиынтық сапасы бойынша әртүрлі заттардан тұратындығы туралы түсініктерін жетілдіру.5-ке дейін тура және кері санауды бекіту. Дид-қ ойын: «Киімінде қандай пішін бар?»              Құрастыру Тақырыбы: «Батпырауық» Мақсаты:Балалардың қалдық материалдардан бұйым жасау біліктерін бекіту. Бөліктерді біріктіру үшін желімді пайдалану дағдысын жетілдіру. Дид-қ ойын: «Сұрақтарға жауап бер» Жаратылыстану Тақырыбы: «Кесіртке қайда мекендейді?» Мақсаты:Бауырмен жорғалаушылар санатының өкілдерімен (кесіртке, тасбақа), олардың сыртқы түрімен және қозғалу әдістерімен таныстыруды бекіту.(кесірткенің денесі ұзын, құйрығы да ұзын, ол оны тастап кете алады және ол тез қимылдайды). Дид-қ ойын: «Топтастыр»        Сурет салу Тақырыбы: «Достық шаңырағы» Мақсаты: Қазақ халқының сәндік-қоданбалы өнері туралы білімдерін кеңейту.2-3 элементтерді түсі мен пішіні бойынша ұлттық оюларды ашық түстермен кезектестіру дағдыларын қалыптастыру. Дид-қ ойын: «Бәріміз біргеміз»           Мүсіндеу Тақырыбы: «Шаңырақ» Мақсаты: Заттарды түрлі тәсілдерді қолданып мүсіндеу дағдыларын бекіту.. Қоршаған әлемнің әсемдігін эмоционалды қабылдайды. Дид-қ ойын: «Бірдей суретті тап»         Музыка Тақырыбы: «Халықтың қуаты-бірлікте» Мақсаты: Халықтар достығын насихаттау. Әр ұлт музыкасынан хабардар болу. Әуен аяқталуын дәл аңғару.  Әуенді ырғақты қимыл: Ұлттық билерден попури  Музыка тыңдау: «Достық әні» Б.Жұмабекова  Ән айту: «Ағайынбыз бәріміз» М.Әубәкіров Ойын ойнау: «Кешікпе» орыс хал ойыны         Музыка Тақырыбы: «Халықтың қуаты-бірлікте» Мақсаты: Халықтар достығын насихаттау. Әр ұлт музыкасынан хабардар болу. Әуен аяқталуын дәл аңғару.  Әуенді ырғақты қимыл: Ұлттық билерден попури  Музыка тыңдау: «Достық әні» Б.Жұмабекова  Ән айту: «Ағайынбыз бәріміз» М.Әубәкіров Ойын ойнау: «Кешікпе» орыс хал ойыны  
ІІ апта «Отан қорғаушылыр» (ҚР әскері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері) Дене шынықтыру Негізгі қимылдар: 1.Бір-бірінен қашық қойылған үрленген 5-6доп арқылы кезекпен, қолдың түрлі қалпымен аттап өту. Жоғары көтерілген таяқтың астынан оң және сол бүйірімен алға еңбектеп кіру. Заттарды алысқа дәлдеп лақтыру(3,5-6,5м.кем емес). Қимылды ойын: «Автоматты кім бірінші жинайды?» 2. Бір-бірінен қашық қойылған үрленген 5-6доп арқылы кезекпен, қолдың түрлі қалпымен аттап өту. Гимнастикалық қабырға бойынша оң аралықтан сол аралыққа ауысу.Допты екі қолымен басынан асыра лақтыру.(2м ара қаш-а) Қимылды ойын: «От шашу»   3. Бір-бірінен қашық қойылған үрленген 5-6доп арқылы кезекпен, қолдың түрлі қалпымен аттап өту. Допты екі қолымен басынан асыра лақтыру.(2м ара қаш-а).50см жоғары көтерілген арқанның астынан оң және сол бүйірімен алға еңбектеп кіру. Қимылды ойын: «Граната лақтыру» Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Кім әскерде қызмет етеді?» І.Мамбетов Мақсаты: Тілдік ойындар мен жаттығуларды қолдана отырып, балалардың сөздік қорын дамыту және байыту дағдыларын бекіту. Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, сөздерді көпше және жекеше түрде дұрыс айтуларын жетілдіру.Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Дид-қ ойын: «Отан қорғаушылар» Драма Тақырыбы: «Мәншүктің анасына хаты» Мақсаты: Әдеби кейіпкерлердің әрекеттеріне өзінің көзқарасын білдіреді.Адамгершілік нормалары мен түсініктері тұрғысынан бағалайды. Сахналау Орыс тілі Тема: «Защитники Отечества» Цель: Формирование умений понимания и использования знакомых слов в повседневной жизни. Дать детям знания об армии, сформировать у них первые представления о родах войск, о защитниках Отечества. Обогащать словарный запас с помощью новых существительных и прилагательных: парашютист, танкист, лётчик. Воспитывать чувство гордости за свою армию, вызвать желание быть похожими на сильных, смелых воинов, любовь к Родине, к родным людям, воспитывать доброту, умение дружить.  Дид-я игра: «Кто где служит?» ҚМҰҚ Тақырыбы: «Сарбаздар» Мақсаты: Тәулік бөліктерін: таңертең, күндіз, кеш, күндер: бүгін, кеше, ертең ұғымдарын бекіту. Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Дид-қ ойын: «Әскердегі сарбаздар»                 Құрастыру Тақырыбы: «Ұшақ» Мақсаты: Балалардың қалдық материалдардан бұйым жасауларын қалыптастыру. Бөліктерді біріктіру үшін желімді пайдалану дағдысын бекіту. Дид-қ ойын: «Ұшады, ұшпайды» Жаратылыстану Тақырыбы: «Отан қорғаушылар» Мақсаты: Балалардың әскер туралы білімдерін жетілдіріп, олардың түрлерімен таныстыруды бекіту. Отанына деген сүйіспеншілікерін қалыптастыру. Дид-қ ойын: «Не, қайда?»     Сурет салу Тақырыбы: «Мерекелік от шашу» Мақсаты: Өз ойлары бойынша сурет салу, композиция құрастыру. Көлемді пішіндерді безендіру. Дид-қ ойын: «Әскери мамандық»   Аппликация Тақырыбы: «От шашу» Мақсаты: Жіңішке жолақтарды көлденеңінен қию дағдыларын қалыптастыру. Желіммен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру. Дид-қ ойын: «Әскери мамандық»        Музыка Тақырыбы: «Жеңіс күні» Мақсаты: Әскери музыкаларды тыңдап, жанрларды ажыратуды, қосыла билеуді үйрету. Әуенді ырғақты қимыл: «Катюша» биі  Музыка тыңдау: «Жеңіс туы желбіреп» Б.Бейсенова Ән айту: «Момышұлы Бауыржан» Е.Өміров Ойын ойнау: «Жалаушаны кім бірінші іледі?»  
ІІІ апта «Көңілді жаз» Дене шынықтыру Негізгі қимылдар: 1.Қырлы тақтаймен тепе-теңдікті сақтап жүру. 50см жоғары көтерілген доғаның астынан оң және сол бүйірімен алға еңбектеп өту. 20-25см биіктіктен секіру. Қимылды ойын: «Балық аулаймыз» 2.Қырлы тақтаймен тепе-теңдікті сақтап жүру. Бөрене арқылы еңбектеп өту. Заттарды алысқа дәлдеп лақтыру(3,5-6,5м кем емес). Қимылды ойын: «Кеттік, серуенге» 3.Қырлы тақтаймен тепе-теңдікті сақтап жүру. 5метрден 3 рет жүгіру. Допты кедергі арқылы лақтыру.(2м. ара қаш-а). Қимылды ойын: «Шуақты күн»   Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Жайлау көркі» Мақсаты: Ұсынылған тақырыпқа әңгіме құрауға,сөз ұйқасын таба отырып, сөйлем құрастыру дағдыларын жетілдіру . Сурет бойынша балалардың шығармашылық тілін дамыту.Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Дид-қ ойын: «Сөзге сөз қос» Көркем әдебиет Тақырыбы: «Жайлауда» өлеңі Н.Жанаев Мақсаты: Өлең желісі бойынша сұрақтарға жауап беру, өлеңді жатқа айту дағдыларын бекіту. Өлеңнің ұйқасын, ырғағын, қуанышты сүйсінуді бере білулерін дамыту.Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Дид-қ ойын: «Табиғатпен сырласу»   ҚМҰҚ Тақырыбы: «Саяхатқа дайындық» Мақсаты:Кеңістікті бағдарлауды жетілдіру, математикалық ұғымдарын түсіну, берілген тапсырмаларды орындау. Өзінің айналасындағы заттардың орналасуын (оң,сол,алда,артта,жоғары -да,төменде,алыс,жақын) анықтау дағдыларын жетілдіру. Дид-қ ойын: «Қандай пішінді көріп тұрсың?» Жаратылыстану Тақырыбы: «Қош келдің, жаз!» Мақсаты:Жазғы уақытта болатын маусымдық өзгерістер туралы түсініктерін қалыптастыру. Құрдастарымен және ересектермен еркін қарым-қатынас барысында танымдық-зерттеушілік іс-әрекет дағдыларын дамыту.Қарапайым жаратылыстану ғылымдық түсініктерін тәрбиелеу. Дид-қ ойын: «Жаздағы түстер»     Сурет салу Тақырыбы: «Көңілді жаз» (Еркін тақырып) М Мақсаты: Заттарды қағаз бетіне тұтастай орналастыра отырып, мазмұнды композиция салу дағдыларын дамыту. Өз қалауымен сурет салу қабілеттерін дамыту. Балаларды шығармашылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Дидактикалық ойын: «Бұл қай мезгіл?» Мүсіндеу Тақырыбы:«Гүлзарда-ғы гүлдер» (ұжымдық жұмыс) Мақсаты: Қоршаған әлемнің әсемдігін эмоционалды қабылдайды. Ұжымдық жұмысқа қатысады, қызығушылық танытады. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, қол қимылдарын дамыту. Дид-қ ойын: «Аппақ гүлдер, ақ гүлдер»         Музыка Тақырыбы: «Көңілді жаз» Мақсаты: Жаз мезгілінің жарқын көңіл-күйімен қуану, шаттану сезімдерін білдіру. «Жайлау» сөзіне түсінік беру. Әуенді ырғақты қимыл: «Түрлі-түсті шарлармен би  Музыка тыңдау: «Бәрі қызық балаға»Д.Әбілдинов Ән айту: «Момышұлы Бауыржан» Е.Өміров Ойын ойнау: «Көпіршіктермен ойын»                          Музыка Тақырыбы: «Көңілді жаз» Мақсаты: Жаз мезгілінің жарқын көңіл-күйімен қуану, шаттану сезімдерін білдіру. «Жайлау» сөзіне түсінік беру. Әуенді ырғақты қимыл: «Түрлі-түсті шарлармен би  Музыка тыңдау: «Бәрі қызық балаға»Д.Әбілдинов Ән айту: «Мен ауылға барамын» Б.Бейсенова Ойын ойнау: «Көпіршіктермен ойын» Қоршаған ортамен таныстыру Тақырыбы: «Ауылдағы тіршілік» Мақсаты:Ауыл шаруашылығын дағы ересектер еңбегі туралы білімдерін қалыптастыру. Ауыл шаруашылығы жұмысшылары еңбегінің мәнін түсіну (қала мен ауылдың байланысы), диханның еңбегі туралы білімдерін қалыптастыру. Дид-қ ойын: «Кімге не қажет?»
ІVапта «Мен жасай аламын» Дене шынықтыру Негізгі қимылдар: 1. Гимнастикалық қабырға бойынша оң аралықтан сол аралыққа ауысу. 50-60м.жүгіру. Сызықтар арасымен 10см. ара қаш-а тепе-теңдікті сақтап жүру. Қимылды ойын: «Дәл тигіз»   2. Гимнастикалық қабырға бойынша оң аралықтан сол аралыққа ауысу. Допты қағып алып жүгіру. Затты жанау арқылы орнынан жоғары секіру(биіктігі5-10см) Қимылды ойын: «Тордан допты өткіз»    3. Гимнастикалық қабырға бойынша оң аралықтан сол аралыққа ауысу. Бір-бірінен қашық қойылған үрленген 5-6доп арқылы кезекпен, қолдың түрлі қалпымен аттап өту. Тақтай үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру.  Қимылды ойын: «Туннельден өтеміз» Спорттық сайыс: «Көңілді мәре» Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Көшбасшы» Мақсаты: Балаларды заман талабына сай әр саладағы білімдерін кеңейте отырып,, білім деңгейін бекіту. Ұлттық мәдениет құндылықтарын бойларына сіңіре отырып, балалардың тапқырлығын, шеберлігін, танымдық қабілеттерін қалыптастыру. Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын жетілдіру. Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылдыру. Көшбасшылық қабілетін ояту, білімді, дарынды, озық болуға, алған білімдерін қолдана білуге тәрбиелеуді бекіту. Дидактикалық ойын: «Топ көшбасшысы» Драма Тақырыбы: «Біздің көңіл-күйіміз»  Мақсаты: Көңіл күй туралы түсініктерін бекіту. Өзінің, басқа адамдардың көңіл күйін түсіну қабілеттерін, мәнерлі сөйлеу, ым-ишара арқылы көңіл күйін бере білу дағдыларын дамыту. Ересектермен және құрдастарымен өзара әрекетте мәдениетті мінез-құлық дағдыларын тәрбиелеуді жетілдіру. Дид-қ ойын: «Көңіл күйіңмен бөліс»   Орыс тілі Тема: «Путешествие в страну повторения» Цель:Обобщить и систематизировать знания детей по изученным темам, закрепить изученные материалы. Развивать коммуникативные навыки при работе, внимание, логическое мышление, память, познавательный интерес, речь детей через обогащение словарного запаса; умение анализировать, составлять, сравнивать. Закрепление навыков правильного использования русских слов и выражений при ответе на вопросы. Дид-я игра: «Веселый кубик»                                     ҚМҰҚ Тақырыбы: «Ойнайық та, ойлайық» (сайыс түрінде) Мақсаты: Балалардың ой-өрісін дамыту, айтылған сан бойынша заттарды санап шығу, танып, атай білуге, қанша? қандай? нешінші? деген сұрақтарға дұрыс жауап беруге талап ету. Сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде дегенді ажырата білу ұғымдарын кеңейту. Уақытты бағдарлау жөніндегі білімдерін (таңертең, күндіз, кеш, түн) тереңдете түсу. Логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту.   Жаратылыстану Тақырыбы: «Табиғат байлықтары» (білім сайысын өткізу) Мақсаты: Табиғатты қорғау туралы мәлімет беріп , меңгерту, танымдық қабілетін арттыру; есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой –өрісін кеңейту.Табиғатты сүюге және ұқыпты ұстауға тәрбиелеу; қазақ халқының табиғатты  қорғау дәстүрлерін үлгі алуға шақыру,                  эстетикалық;                       сезімдеріне баулу.                Сурет салу Тақырыбы: «Ғажайып сурет әлемінде» (сайыс өткізу) Мақсаты: Балаларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты жетілдіру. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.     Аппликация Тақырыбы: «Гүлденген дала» Мақсаты:Сәндік композицияларды өз ойынша орындайды. Дала бейнесін матадан қиып жапсырады. Әсемдікті сезіне білуге, ұжымда жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. Қиялдарын дамыту. Дид-қ ойын: «Не қайда өседі?»            Музыка Тақырыбы: «Мен жасай аламын» Мақсаты: Балалардың түрлі қабілеттерінің ашылуына ықпал ету. Музыканың сипатына сәйкес түрлі қимылдарды ауыстырып орындау. Әуенді ырғақты қимыл: «Түрлі-түсті шарлармен би  Музыка тыңдау:  «Біз осылай өсеміз» И.Нүсіпбаев Ән айту: «Мен ауылға барамын» Б.Бейсенова Ойын ойнау: «Көлеңке» Қимылды ойын Экология негіздері Тақырыбы: «Көбелек және инелік» Мақсаты: Көбелек және инелікпен таныстыру, олардың айырмашылығын байқап айтып беру дағдыларын қалыптастыру Көбелек пен инеліктің қалай пайда болатындығын (жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ) түсіндіру. Жәндіктерге қамқорлықпен қарап, қорғауға тәрбиелеу. Дид-қ ойын: «Көбелек гүлге қонады»  

 

 

Тексерілді

Әдіскер ___________ Т.Кежекова



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.