Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Желтоқсан айы, 2017жыл. тпелі тақырып «Менің Қазақстаным»



Желтоқсан айы, 2017жыл

Өтпелі тақырып «Менің Қазақстаным»

 

Мақсаты:Балаларды халық ауыз әдебиетіне баулу арқылы Қазақстанның мәдени мұрасын құрметтеуге және патриотизмге тәрбиелеу. Танымдық қызығушылықтарын,  эстетикалық талғамдарын дамыту.

Міндеттері:

1. Дене қасиеттерін қалыптастыру, ептілік қозғалыстарын үйлестіру және салауатты өмір салтын ұстануға баулу;

2. Ұлттық дәстүрлерге негізделген құндылықтар арқылы шығармашылықпен сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын молайту;

3. Эстетикалық талғамдарын қалыптастыра отырып, қоршаған ортадағы әсемдікті қабылдауға, оны құрметтеуге үйрету;

4. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы негізінде патриотизм мен толеранттылыққа тәрбиелеу.

 

Тақырыпша Денсаулық-3 Дене шынықтыру-3 Коммуникация-2,5 Сөйлеуді дамыту-1 Көркем әдебиет-0,5 Драма-0,5 Орыс тілі-0,5 Таным-2,5 Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру-1 Құрастыру-0,5 Жаратылыстану1 Шығармашылық-3,5 Музыка-1,5 Сурет-1 Мүсіндеу-0,5 Аппликация-0,5 Әлеумет-0,5 Қоршаған орта-0,25 Экология негіздері-0,25
І апта «Тарихқа саяхат» Дене шынықтыру Негізгі қимылдар: 1.Бір аяқпен секіру(4-5рет, оң және сол аяқпен). Қапшықты оң және сол қолымен көлдененінен нысанаға (2-2,5м.қаш-н) дәлдеп лақтыру. Бөрене үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру. Қимылды ойын: «ЭКСПО-ға  жол» 2.Қысқа секіртемен секіру(демалу үзілістері бар 2-3реттен, 10рет секіру). Бөрене үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру. Табан мен алақанға сүйеніп, төрттағандап еңбектеу. Қимылды ойын: «Бәйтерекке кім жылдам барады?» 3. Бір аяқпен секіру(4-5рет, оң және сол аяқпен). Оң және сол қолымен көлд ененінен нысанаға (2-2,5м.қаш-н) дәлдеп лақтыру.Басқа қап киіп, заттарды аттап өту, бұрылу. Қимылды ойын: «Киіз үйді жина»   Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: М. Хакімжанованың «Отан» өлеңі Мақсаты:Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыруда ойындарды кеңінен қолдану. Отанды, туды құрметтеуге тәрбиелеу;тіл байлықтарын дамыту. Дид-қ ойын: «Не? Қайда? Қашан?» Көркем әдебиет Тақырыбы: «Отан» өлеңі  Е. Өтетілеуұлы Мақсаты: өлеңді эмоционалды қабылдай отырып, мәнерлеп айтуға, тыңдап, түсіне білуге үйрету.  Өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Дид-қ ойын: «Менің қалам»   Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Тақырыбы: «Үлкен және кіші» Мақсаты: Заттар шамасы бойынша әртүрлі болатындығы жайлы түсінік беру.Ұзындығы және ені бойынша бірдей және екі түрлі затты салыстыру. Шаманы салыстыруда беттестіру және тұтастыру тәсілдерін қолдану. Дид-қ ойын: «Хайуанаттар бағына саяхат» Құрастыру Тақырыбы: «Бәйтерек» монументі (қағаздан құрастыру жұптық жұмыс) Мақсаты: бәйтерек ғимаратын қатты қағаздарды дұрыс қолдана отырып құрастыруды үйрету;туған жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;қағаз бөлшектерін бір-біріне желімдеу, бұрыштарымен жақтарын бүктеу, беттестіру іскерліктерін дамыту.                 Дид-қ ойын: «Айырмашылығын тап»                      Жаратылыстану Тақырыбы: «Қай жерде өседі?» Мақсаты: Табиғаттың жанды нысандары және ерекшеліктері туралы түсініктерін жүйелеу. Балабақша аумағындағы жəне жақын, алыс мекендердегі  өсімдіктерді (ағаштар мен бұталар) ажырату жəне                                   атай білу дағдыларын дамыту. Дид-қ ойын: «Қай ағаштың жапырағы?» Музыка Тақырыбы: «Ұлы дала ұланымын» Мақсаты: Елдің әдет-ғұрпы мен тарихын музыкамен байланыстыра рухани тәрбиелеу. Музыканың ырғағын дәл бере отырып, сермеу, серпілу қимылдарын орындау Әуенді ырғақты қимыл: «Батырлар биі» А.Еңсепов  Музыка тыңдау: «Атамекен» Е.Хасанғалиев Ән айту: «Елімнің ертеңгі иесі-біз» А.Еспенбетова Ойын ойнау:«Тақия тастамақ» Ұлттық ойын Музыка Тақырыбы: «Ұлы дала ұланымын» Мақсаты: Елдің әдет-ғұрпы мен тарихын музыкамен байланыстыра рухани тәрбиелеу. Музыканың ырғағын дәл бере отырып, сермеу, серпілу қимылдарын орындау Әуенді ырғақты қимыл: «Батырлар биі» А.Еңсепов  Музыка тыңдау: «Атамекен» Е.Хасанғалиев Ән айту: «Елімнің ертеңгі иесі-біз» А.Еспенбетова Ойын ойнау:«Тақия тастамақ» Ұлттық ойын Сурет Тақырыбы: «Киіз үйдің керегелері» Мақсаты: Әртүрлі бағыттағы тура сызықтар мен олардың қиылысуын жүргізе білуді үйрету.Киіз үйдің керегелері туралы түсініктерін кеңейту, жуан,жіңішке таяқшаларды рет-ретімен салуды, қарындашты қолдануды үйретуді жалғастыру. Үстел-үсті ойыны: «Киіз үйді құрастыр» Мүсіндеу Тақырыбы: «Байтерек монументі» Мақсаты:Үлгі бойынша пішінін, пропорциясын ескере отырып, Байтеректің мүсінін жасауға үйрету. Кескішпен түрлі безендірулер жасауға дағдыландыру. Үстел-үсті ойыны: «Бәйтерек қандай?» (Воскобовичтің ойындары)    
ІІ апта «Туған өлкем» Дене шынықтыру Негізгі қимылдар: 1. Қысқа секіртпемен секіру(демалу үзілістері бар 2-3реттен, 10рет секіру). 50см.жоғары көтерілген арқанның астынан оң және сол бүйірімен алға еңбектеп кіру. Бөрене үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру. Қимылды ойын: «Өз үйіңді тап» 2.Еденнен 20-25см көтерілген баспалдақ тақтайдан аттап өту. 20-25см.биіктікке секіру. Құрсаудан еңбектеп өту. Қимылды ойын: «Тақия тастамақ» 3. Қолдың түрлі қалпымен үрленген доптан (бір-бірінен қашық қойылған 5-6доп арқылы кезекпен) аттап өту.50см.жоғары көтерілген арқанның астынан оң және сол бүйірімен алға еңбектеп кіру. Гимнастикалық қабырғамен аралықтан аралыққа, оңға-солға ауысу. Қимылды ойын: «Қармен ойын» Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Біз тұратын қала»  (сурет бойынша әңгіме құрау) Мақсаты:Сөз және сөз ұйқастарынан құрылған ойындарға қызығушылығын арттыру. Мнемотехника әдісі арқылы қаланың көрікті орындарын ретімен сипаттап, әңгіме құрастыра білуге үйрету. Дид-қ ойын: «Менің мекенжайым»               Драма Тақырыбы: «Атам мен әжемнің ауылына саяхат» Мақсаты:Ата мен әженің әңгімесін тыңдау мен адамдардың сезімі мен қарым –қатынасын көріп, қайталап көрсетуді қалыптастыру. Таныс ертегі кейіпкерлердің рөлдерін адамгершілік нормалары мен түсініктері тұрғысынан бағалауДид-қ ойын: «Кім есінде көп сақтайды?» .Орыс тілі Тема: «Наша Родина-Казахстан. Мой родной город». Цель: Формировать у детей первоначальные представления о родном городе и Родине –Республике Казахстан. Учить называть на русском языке символы Казахстана, узнавать и называть достопримечательности родного города и столицы; Развивать слуховое и зрительное внимания, словесно-логическое мышление, тонкую ручную моторику; Воспитывать уважение к госсимволам, любовь к родному городу, основы казахстанского патриотизма. Дид-я игра:«Нарисуй свой край»   Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Тақырыбы: «Астананың кереметтері» Мақсаты: Геометриялық пішіндерді және геометриялық денелерді ажыратады және атайды. Дид-қ ойын: «Неге ұқсайды?» Құрастыру Тақырыбы: «Достық үйі» ( Құрылыс материалдарынан) Мақсаты: Конструктордан ойынға арналған ғимарат құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Бөлшектерді бекіту тәсілдері мен ғимарат жасау туралы білімдерін жетілдіру. Үстел-үсті ойыны: «Біздің өлкедегі үйлер»               Жаратылыстану Тақырыбы: «Құсхананы мекендеушілер» Мақсаты: Балалардың үй құстары туралы түсініктерін анықтау жəне кеңейту. Жанды нысанды сипатта білу дағдысын, зейіні мен есте сақтау қабілетін дамыту. Табиғатқа қамқор, мейірімді көзқарасын тəрбиелеу. Дид-қ ойын: «Туған өлке құстары»   Музыка Тақырыбы:«Туған өлкем» Мақсаты: Туған қаласына сезімін ән арқылы жеткізу. Хормен сөздер мен дыбыс-тарды таза және анық айтуға дағдыландыру. Әуенді ырғақты қимыл: «Сыр сұлуы» Ш.Қалдаяқов  Музыка тыңдау: «Сыр елім» (Т.Төрәлінің репертуарынан) Ән айту: «Қызылорда» А.Еспенбетова Ойын ойнау:«Алақанмен ән айтамыз» Музыкалық дидактикалық ойын Сурет Тақырыбы: «Достық үйі» Мақсаты:Геометриялық пішіндерді салуға, ою-өрнекпен әшекейлеуге үйрету. Балаларды әдемілікті сезіне білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Үстел-үсті ойыны: «Достардың үйін құрастыр» Аппликация Тақырыбы: «Сыр ана» монументі Мақсаты: Қайшына дұрыс ұстау және пайдалана білуді қалыптастыру. Шаршыны беттестіру тәсілімен үшбұрышты қиюды үйрету. Ересектердің көмегімен бөліктерді желімдеуге үйрету. Желімді, сүлгіні қолдануды үйретуді жалғастыру Дид-қ ойын: «Туған өлке жәдігерлері»      
ІІІ апта «Астана-Отанымыздың жүрегі» Дене шынықтыру Негізгі қимылдар: 1. Еденнен 20-25см көтерілген баспалдақ тақтайдан аттап өту.Гимнастикалық қабырғамен аралықтан аралыққа, оңға-солға ауысу. 20-25см.биіктікке секіру. Қимылды ойын: «Мен Астанаға барамын» 2. Қолдың түрлі қалпымен үрленген доптан (бір-бірінен қашық қойылған 5-6доп арқылы кезекпен) аттап өту.Құрсаудан еңбектеп өту. Ойлы-қырлы тақтаймен тепе-теңдікті сақтап жүру. Қимылды ойын: «»Мегаға»  кім бірінші жетеді? » 3. Еденнен 20-25см көтерілген баспалдақ тақтайдан аттап өту.Оң және сол қолымен көлдененінен нысанаға (2-2,5м.қаш-н) дәлдеп лақтыру. 20-25см.биіктікке секіру Бөрене үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру. Қимылды ойын: «Бәйтерекке тез жет»   Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Астана- арман қала» (сурет бойынша әңгімелеу) Мақсаты:Сөйлемдердің түрлерін (жай және күрделі) сын есімдерді, етістіктерді, үстеулерді, қосымшаларды қолдана білуге үйрету.      Дид-қ ойын: «Сүйікті қалаға саяхат»      Көркем әдебиет Тақырыбы: «Менің сүйікті қалам, Ел ордасы - Астанам» Мақсаты:Балалардың қала, ауыл және Астана туралы түсініктерін сурет бойынша тиянақтап, ой-өрісін дамыту. Елін, жерін, туған қаласын сүюге тәрбиелеу. Дид-қ ойын: «Бұл қай қала?» Орыс тілі Тема: «Астана-моя столица» Цель: познакомить с легендой о Байтереке; учить слушать и понимать содержание легенд; познакомить с достопримечательностями города Астаны; воспитывать чувство любви и уважения к столице; воспитывать интерес к истории своей страны; развивать речь, мышление. Дид-я игра: «Желаю тебе, родная земля!»   Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Тақырыбы: «Астанам-бас қалам»  Мақсаты: Кеңістікте бағдарлау:өзінің дене бөліктерінің орналасуына қарай бағдарлай білуге үйрету.Өзіне қатысты кеңістік бағыттарын анықтай білу, заттарды оң қолымен солдан оңға қарай орналастыру, өзінің дене бөліктерін бағдарлау және атау (бас,аяқтар,қолдар) Дид-қ ойын: «Астананың көрікті жерлері»                 Жаратылыстану Тақырыбы: «Астанадағы хайуанаттар бағы» Мақсаты: Үй жануарлары жəне жабайы аңдар, олардың сыртқы келбеті, қозғалу және қоректену тәсілдері туралы білімдерін кеңейту. Дид-қ ойын: «Астананың көрікті жерлері»   Музыка Тақырыбы: «Астана-Отанымыздың жүрегі» Мақсаты: Астана қаласы, Бәйтерек туралы түсініктерін дамыту, мақтаныш және құрмет сезімдерін тәрбиелеу. Әнді қуанышты, екпіндете, жігермен орындауға төселдіру. Әуенді ырғақты қимыл: «Сыр сұлуы» Ш.Қалдаяқов  Музыка тыңдау: «Астана» Б.Әлімжан Ән айту: «Қызылорда» А.Еспенбетова Ойын ойнау:«Қатып қал» Қимылды ойын Музыка Тақырыбы: «Астана-Отанымыздың жүрегі» Мақсаты: Астана қаласы, Бәйтерек туралы түсінік-терін дамыту, мақтаныш және құрмет сезімдерін тәрбиелеу. Әнді қуанышты, екпіндете, жігермен орындауға төселдіру. Әуенді ырғақты қимыл: «Шырша жыры» Л.Хамиди  Музыка тыңдау: «Астана» Б.Әлімжан Ән айту: «Жаңа жыл» А.Еспенбетова Ойын ойнау:«Қатып қал» Қимылды ойын Сурет Тақырыбы: «Пирамида» Мақсаты:Үлгі бойынша пішінін, пропорциясын ескере отырып, пирамиданың суретін салуға үйрету. Бояу түсін таңдап, сурет салуға қызығушылығын арттыру Үстел-үсті ойыны: «Әдемі пирамида» (Воскобович ойындары) Мүсіндеу Тақырыбы: «Пирамида» Мақсаты: Үлгі бойынша пішінін, пропорциясын ескере отырып, Пирамиданың мүсінін жасауға үйрету. Кескішпен түрлі безендірулер жасауға дағдыландыру Үстел-үсті ойыны: «Әдемі пирамида» (Воскобович ойындары)   Қоршаған ортамен танысу Тақырыбы: «Астана-бас қалам» Мақсаты:Қазақстан Республикасының бас қаласы-Астана туралы білімдерін суреттерді, альбомдарды қолданып, қарастыру арқылы қалыптастыру. Балаларды мемлекеттік мерекелерге қатысуға баулу. Мемлекеттік рәміздер туралы (Ту, Еотаңба, Әнұран) білімдерін қалыптастыру. Өз елінің рәміздеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.  «Астананың көрікті жерлері» Лэпбук жасау  
ІVапта «Тәуелсіз Қазақстан  (ҚР тұңғыш Президенті, мемлекеттік рәміздер) Дене шынықтыру Негізгі қимылдар: 1. Гимнастикалық қабырға бойынша оңға-солға ауысып өрмелеу. 4-5 сызық арқылы орнынан ұзындыққа секіру.(сызықтардың ара қаш-ғы 40-50см). Бөрене үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру. Қимылды ойын: «Тұғырлы жалау» 2. Қолдың түрлі қалпымен үрленген доптан (бір-бірінен қашық қойылған 5-6доп арқылы кезекпен) аттап өту.Қапшықты оң және сол қолымен көлдененінен нысанаға (2-2,5м.қаш-н) дәлдеп лақтыру. 4-5 сызық арқылы орнынан ұзындыққа секіру.(сызықтардың ара қаш-ғы 40-50см). Қимылды ойын: «Теңге алу» 3. Қолдың түрлі қалпымен үрленген доптан (бір-бірінен қашық қойылған 5-6доп арқылы кезекпен) аттап өту. Оң және сол қолымен көлдененінен 2-2,5м қашықтықта  дәлдеп лақтыру). 20-25см.биіктікке секіру. Қимылды ойын: «Кім жылдам Эстафеталық жарыс:  «Бақытты жанұялар»       Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің көшбасшысы» Мақсаты:Сурет бойынша әңгіменің басы мен соңын құрастыруға үйрету. Балаларға «тәуелсіз», «егемен» сөздерінің мағынасын кеңінен түсіндіре отырып,есте сақтау қабілеттерін дамыту. Дид-қ ойын: «Менің мекенжайым» (Воскобовичтің дамытушы ойындары)            Драма Тақырыбы:«Тәуелсіз Қазақстан» Сахналық қойылым Мақсаты:Сезім ырғағы мен қозғалыс үйлесімін серіктесімен сәйкестендіре отырып сақтауға, сахнаны, алаңды бағдарлай білуге үйрету. Ерсектер мен құрдастарымен өзара әрекет ете алу дағдыларын қалыптастыру.   Орыс тілі Тема:  «Государственные символы Республики Казахстан» Цель: учить связно рассказывать о государственных символах РК: флаге, гербе,  развивать связную речь. воспитывать чувство гордости за свою Родину. Дид-я игра: «Что мы видим?»     Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Тақырыбы: «Қазақстанның байлықтары» Мақсаты: Әртүрлі сезім мүшелерінің көмегімен санау дағдысын дамыту (көру, есту, иіс сезу). Тура және кері бағытта 5 көлемінде санатып жаттықтыру. Дид-қ ойын: «Бұл қай жерде...?»         Жаратылыстану Тақырыбы: «Қазақстандағы жануарлар» Мақсаты: Үй жануарлары және олардың төлдерін атайды. Сыртқы келбеті, қозғалу және қоректену тәсілдері туралы білімдерін кеңейту. Дид-қ ойын: «Төлдерін ата»   Музыка Тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстан» Мақсаты: Тәуелсіз елін, жерін мақтан тұтуға, патриот-тық сезімге тәрбиелеу. Қол ұстасып, шеңбермен жүре білу дағдыларын дамыту. Әуенді ырғақты қимыл: «Шырша жыры» Л.Хамиди  Музыка тыңдау: «Жаса мәңгі Қазақстан» Б.Бейсенова Ән айту: «Жаңа жыл» А.Еспенбетова Ойын ойнау:«Аяз атаның сиқырлы таяғы» Қимылды ойын   Сурет Тақырыбы: «Байтерек монументі» Мақсаты: Үлгі бойынша пішінін, пропорциясын ескере отырып, Байтеректің суретін салуға үйрету. Бояу түсін таңдап, сурет салуға қызығушылығын арттыру. Үстел-үсті ойыны: «Қазақстанның көрікті жерлерін ата » (Воскобовичтің дамытушы ойындары) Аппликация Тақырыбы: «Байтерек монументі» Мақсаты: Текшеден дөңгелек пішін қиюға үйрету. Ересектердің көмегімен бөліктерді желімдеуге үйрету. Дидиактикалық ойын: «Қазақстанның көрікті жерлерін ата »     Экология     негіздері Тақырыбы:«Қысқы  ағаштар» Мақсаты:балабақша ауласындағы кейбір ағаштардың, бұталардың түрлері жайлы білімдерін қалыптастыру. Ағаштардың бөліктерін тауып, атай білу дағдыларын бекіту. Дид-қ ойын: «Президент саябағы»    

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.