Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





азан айы, 2017жыл. тпелі тақырып «Менің отбасым»



Қазан айы, 2017жыл

Өтпелі тақырып «Менің отбасым»

Мақсаты: инновациялық технологиялар негізінде балалардың отбасы туралы білім, білік, дағдыларын дамыту.  Отбасындағы жағымды өзара қарым-қатынас пен оларға деген сүйіспеншілік сезімдерін жетілдіру.

Міндеттері:

1. Денаулықсақтау технологияларын қолдана отырып салауатты өмір салтын ұстану, дене шынықтыру жаттығуларын орындау қызығушылықтарын арттыру;

2. Отбасы, отбасындағы тұрмыс және халықтық дәстүрлер туралы түсініктерін кеңейте отырып, сөйлеу дағдыларын жетілдіру;

3. Танымдық-конструктивтік ойлау дағдыларын жан-жақты қалыптастыру;

4. Қоршаған ортадағы әсемдікті сезіне отырып, өз ойларын айта білуге, қиялдарын дамытуға ықпал жасау; 

5. Отбасындағы салт-дәстүрлерді құрметтей отырып, рухани адамгершілік құндылықтарға баулу.

 

 

Тақырыпша Денсаулық-3 Дене шынықтыру-3 Коммуникация-2,5 Сөйлеуді дамыту-1 Көркем әдебиет-0,5 Драма-0,5 Орыс тілі-0,5 Таным-2,5 Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру-1 Құрастыру-0,5 Жаратылыстану1 Шығармашылық-3,5 Музыка-1,5 Сурет-1 Мүсіндеу-0,5 Аппликация-0,5 Әлеумет-0,5 Қоршаған орта-0,25 Экология негіздері-0,25
І апта «Менің отбасым, ата-аналар еңбегі»   Дене шынықтыру Негізгі қимылдар: 1.Түрлі бағытта жүгіру.1,5м қашықтықтан тігінен (нысана ортасының биіктігі 1,5м) нысанаға дәлдеп лақтыру. Бір орында тұрып, екі аяқпен секіру(2-3рет жүрумен кезектестіре отырып,10 рет секіру). Қимылды ойын: «Картоп жинау». 2. 1,5м қашықтықтан тігінен (нысана ортасының биіктігі 1,5м) нысанаға дәлдеп лақтыру.  Бір орында тұрып, екі аяқпен секіру(2-3рет жүрумен кезектестіре отырып, 10 рет секіру).Заттар арасымен доптарды домалату. Қимылды ойын: «Анамызға көмектесейік». 3. 1,5м қашықтықтан тігінен (нысана ортасының биіктігі 1,5м) нысанаға дәлдеп лақтыру. Тақтай бойымен тепе-теңдікті сақтап жүру. 8м дейінгі қашықтықта заттар арасымен тура бағыт бойынша төртағандап еңбектеу. Қимылды ойын: «Сәбіз жинау»   Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Менің отбасым» (сурет бойынша әңгіме) Мақсаты: Дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын бекіту.Сөздік қорын жалпылаушы мағыналы сөздермен байыту. Отбасы, отбасындағы тұрмыс туралы айтып беруге үйрету.  Дид-қ ойын: «Отбасы мүшелерін ата»       Көркем әдебиет Тақырыбы: «Отбасындағы сыйластық» Мақсаты:Отбасы мүшелерін дұрыс атауға, сәлемдесіп, қоштасуға, үлкенді сыйлап, құрметтеуге үйрету. Олардың қасиеттерін көруге, әрекеттерін бағалауға тәрбиелеу. Дид-қ ойын: «Отбасындағы мерекелер»                       Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Тақырыбы: «Отбасындағы менің  бір күнім» (Сан мен санау) Мақсаты: Теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарды қалыптастыру. Салыстыратын топтар: бір көп, бір және екі,екі және үш және төрт, төрт және бес. Дид-қ ойын: «Біз отбасында нешеуміз?» Құрастыру Тақырыбы: «Асхана» (қалдық материалдармен жұмыс) Мақсаты: Балаларды табиғи материалдардан түрлі заттар даярлауға баулу. Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Дид-қ ойын: «Отбасындағы түскі ас»                Жаратылыстану Тақырыбы: «Мол өнім» Мақсаты: Көкөністер мен жемістердің 4-5 түрін атауға үйрету. Табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы түсініктерін қалыптастыру. Үлкендер еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Дид-қ ойын: «Әкем егін жинады» Музыка Тақырыбы: «Менің отбасым» Мақсаты: Туыстарына деген сезімін әнмен жеткізуге баулу. Отбасы, ата-ана туралы әңгімелерін еркін жеткі-зуге мүмкіншілік жасау. Әнді таза дауыспен айтуға үйрету. Әуенді ырғақты қимыл: «Кеселермен би» «Кең жайлау» А.Еңсепов Музыка тыңдау: ««Жақсы көрем» Ғ.Дауылбаева Ән айту: «Ата-ананы тыңдаймыз» Б.Бейсенова Ойын ойнау:«Киіз үйлер»Музыкалық қимылды ойын Музыка Тақырыбы: «Менің отбасым» Мақсаты: Туыстарына деген сезімін әнмен жеткізуге баулу. Отбасы, ата-ана туралы әңгімелерін еркін жеткі-зуге мүмкіншілік жасау. Әнді таза дауыспен айтуға үйрету. Әуенді ырғақты қимыл: «Кеселермен би» «Кең жайлау» А.Еңсепов Музыка тыңдау: ««Жақсы көрем» Ғ.Дауылбаева Ән айту: «Ата-ананы тыңдаймыз» Б.Бейсенова Ойын ойнау:«Киіз үйлер» Музыкалық қимылды ойын Сурет Тақырыбы: «Тостағанды әшекейлеу» (заттық сурет салу) Мақсаты: Сопақша пішіннен тостағанның суретін салып, ирек сызықпен әшекейлеуді және таныс элементтерді (нүкте, дөңгелек, жолақшаларды) Құрастыруды үйрету. Әдемілікті сезіне білуге тәрбиелеу. Эстетикалық сезімдерін, ойлау қабілеттерін, ұсақ қол қимылдарын дамыту. Дид-қ ойын: «Отбасындағы түскі ас» Мүсіндеу Тақырыбы: «Бақшадағы өнімді жинау» (сәбізді жинау) Мақсаты:домалақтау, сопақшалау, шымшу тәсілдері арқылы сәбіз мүсінін жасауды үйрету. Ұқыпты жұмыс жасауға, үлкендер еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу. Дид-қ ойын: «Әкем егін жинады»    
ІІ апта «Менің көшем» Дене шынықтыру Негізгі қимылдар: 1.Түрлі тапсырмалармен жүгіру:шапшаң және баяу қарқынмен., жетекшімен ауыса отырып жүгіру. Ені 20см, биіктігі 30см тақтай бойымен тепе-теңдікті сақтап жүру, секіріп, қос аяқпен тұру. Қимылды ойын: «Торғайлар мен автомобиль» 2. Ені 20см, биіктігі 30см тақтай бойымен тепе-теңдікті сақтап жүру, секіріп, қос аяқпен тұру. Тақтай үстімен(8м) көлденең еңбектеу. Қимылды ойын: «Аялдамаға дейін...» 3. Ені 20см, биіктігі 30см тақтай бойымен тепе-теңдікті сақтап жүру, секіріп, қос аяқпен тұру. Доға астынан еңбектеп өту(биіктігі50см) Қимылды ойын: «Көшедегі көліктер» Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Біз тұратын көше» Мақсаты:Байланыстырып сөйлеу дағдыларын үйрету. Әңгімені айтып беруге үйрету дағдыларын қалыптастыру. Дид-қ ойын: «Көшедегі көлік түрін дыбысынан таны»                               Драма Тақырыбы: «Адасқан құмырсқа» ертегісі Мақсаты:Таныс сюжеттер бойынша ертегілерді драмалау, достық қарым-қатынас және өзара көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру. Дид-қ ойын: «Құмырсқаның илеуіне жолды тап»                Орыс тілі Тема: «Моя улица». Цель: воспитывать у детей любовь и чувство гордости к своей улице, родному городу. Учить использовать обобщающие слова, образовывать множественное число существительных в именительном и родительном падежах, использовать притяжательные прилагательные. Развивать словесно-логическое мышление, объем памяти и устойчивость внимания. Совершенствовать произношение согласных звуков к, м, д, т. Дид-я игра: «Путешествие по улицам города» Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Тақырыбы: Қала картасы (Геометриялық пішіндер) Мақсаты: Теңді кем топқа үстемелей отырып немесе артық топтан бір затты алып тастай отырып,екі тәсілмен орнатуға, «Қанша еді?», «Қаншасы қалды?» сұрақтарына жауап беруге үйрету. Дид-қ ойын: «Көшедегі әр-түрлі көліктер » Құрастыру Тақырыбы: «Біздің көше (Құрылыс материалдарынан) Мақсаты: Орналастыру тәсілдерін қолдана отырып, пластиналарды тігінен және кірпіштерді, бөлшектерді көлденеңнен орналастыру.                         Үстел-үсті ойыны: «Көшедегі әр-түрлі көліктер»        Жаратылыстану Тақырыбы: «Көшеде өзін ұстау тәртібі» Мақсаты:Көшеде өзін дұрыс ұстау ережелері туралы білімдерін қалыптастыру.Қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту. Дид-қ ойын: «Көшедегі қауіпсіздік»   Музыка Тақырыбы: «Менің көшем» Мақсаты: Көшеде жүру ережесін сақтау, қауіпсіздікке баулу. Әннің сергек, ширақ, сабырлы сипатын және түстерді ажырата білу. Әуенді ырғақты қимыл: «Марш» Ю.Энтин Музыка тыңдау: «Бағдаршам» Қ.Қайым Ән айту: «Күз тамаша!» С.Шынымов Ойын ойнау:«Светофор-айрықшам» Ю.Чичков Сурет Тақырыбы: «Менің көшем» (Сюжетті сурет салу) Мақсаты:Сюжеттік сурет салуды (ағаштар мен бұталарды) және қарындашпен сурет салу тәсілдерін үйрету. Жақсы нәтижеге ұмтылуға тәрбиелеу. Бейнелік сезіну қабілеттерін дамыту. Дид-қ ойын: «Менің көшем» (Воскобовичтің дамытушы ойындары) Аппликация Тақырыбы: «Менің көшем» Мақсаты:Заттарды қағаз бетіне орналастыру дағдыларын қалыптастыру. Композицияны құрастыру кезінде заттар мен нысандардың көлемі бойынша ара-қатынасын ескеру. Дид-қ ойын: «Менің көшем» (Воскобовичтің дамытушы ойындары)  
ІІІ апта «Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік»   Дене шынықтыру Негізгі қимылдар: 1.1-1,5минут ішінде баяу қарқынмен үздіксіз жүгіру. Көлбеу тақтаймен(ені2см,биіктігі30-35см) жоғары және төмен жүру мен жүгіру. Қапшықты нысанаға көздеп лақтыру (3м қаш.). Қимылды ойын: «Өртті сөндіру» 2. Көлбеу тақтаймен(ені2см,биіктігі30-35см) жоғары және төмен жүру мен жүгіру. Кегльдердің арасымен еңбектеп жүру. Гимнастикалық қабырғаға кез келген тәсілмен өрмелеу. Қимылды ойын: «Бағдаршам» Негізгі қимылдар: 3. Көлбеу тақтаймен(ені2см,биіктігі30-35см) жоғары және төмен жүру мен жүгіру. Қапшықты нысанаға көздеп лақтыру (3м қаш.). Гимнастикалық орындық үстінде еңбектеп жүру. Қимылды ойын: «Абайлап көзде!»   Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Әйгерім дастарханды әзірлеп жатыр» Мақсаты:Заттарды және олардың тұрған орнын аңықтау дағдыларын жетілдіру. Сөздік қорларын дамыту.  Дид-қ ойын: «Асханадағы қауіпсіздік ережесі» (Воскобовичтің дамытушы ойындары)         Көркем әдебиет Тақырыбы: «Бағдаршам» өлеңі. С.Дүкенбай. Мақсаты:Өлеңді түсініп, есте сақтауға жүйелілігін сақтауға үйрету. Дид-қ ойын: «Бағдаршамның түстері»   Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Тақырыбы: «Саңырауқұлақтарды жинау» Мақсаты: 5-ке дейін реттік санау дағдыларын дамыту, реттік сан есімдерді атау, «Нешінші?», «Саны бойынша қайсысы?» сұрақтарына жауап беру дағдыларын дамыту. Дид-қ ойын: «Ормандағы қауіпсіздік» (Воскобовичтің дамытушы ойындары)       Жаратылыстану Тақырыбы: «Табиғат аясындағы қауіпсіздік ережелері» Мақсаты: Табиғат аясындағы тәртіп ережелері туралы түсінік беру. Балаларға әр – түрлі жағдайдан шығу жолдарын таба білуге ықпал жасау.Балалардың ойлау қабілеттерін арттыру. Табиғатты аялауға, қорғауға, табиғат әсемдігін бағалай білуге тәрбиелеу. Дид-қ ойын: «Қауіпті және қауіпсіз заттар»     Музыка Тақырыбы: «Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік» Мақсаты: Үйдегі және көшедегі қпуіпсіздікке үйрету. Музыкалық ырғақты қимылдарды орындауда жеңіл секірулер, жұптаса билеу дағдыларын қалыптастыру. Әуенді ырғақты қимыл: «Полька Янка» Беларус халық әуені Музыка тыңдау: «Бағдаршам» Қ.Қайым Ән айту: «Күз тамаша!» С.Шынымов Ойын ойнау:««Светофор-айрықшам» Ю.Чичков Музыка Тақырыбы: «Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік» Мақсаты: Үйдегі және көшедегі қпуіпсіздікке үйрету. Музыкалық ырғақты қимылдарды орындауда жеңіл секірулер, жұптаса билеу дағдыларын қалыптастыру. Әуенді ырғақты қимыл: «Полька Янка» Беларус халық әуені Музыка тыңдау: «Бағдаршам» Қ.Қайым Ән айту: «Күзгі жапырақтар» П.Шайжанова Ойын ойнау:«Күн суытты далада» А.Айтуова Сурет Тақырыбы: «Бағдаршам» (Заттық сурет салу) Мақсаты:Дөңгелек пішінді заттарды сала отырып, дәстүрлі сурет салудың техникасын жетілдіру. Баланың ойлау, көру, қабілеттерін және ұсақ қол қимылдарын дамыту. Дид-қ ойын: «Бағдаршам қандай?» Мүсіндеу Тақырыбы: «Бағдаршам» Мақсаты:Қамыр кесектерінен мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру. Пропорцияларын сақтап, саусақ пен алақан қозғалыстарын пайдалана отырып, бағдаршамды мүсіндеуді үйрету. Дид-қ ойын: «Бағдаршам қандай?» Қоршаған ортамен таныстыру Тақырыбы: «Жолда жүру ережесін сақтайық» Мақсаты:Көлік түрлері, жол бөліктері (тротуар, жолдың жүру бөлігі мен жаяу жүргінші өтетін жол және жер асты өту), бағдаршам белгілері, жолда жүру ережелері туралы білімдерін қалыптастыру Дид-қ ойын: «Жолдағы қауіпсіздік»  
ІVапта «Алтын күз» Дене шынықтыру Негізгі қимылдар: 1.Орта жылдамдықпен жүруді кезектестіре отырып, 40-50метрге жүгіру. Екі аяқпен бір орында тұрып, ұзындыққа секіру.Гимнастикалық орындық үстінен етпетінен жатып, шаян сияқты ішпен тартылып, орындықтың екінші басына шығу.  Қимылды ойын: «Жапырақтарды жинаймыз» 2. Екі аяқпен бір орында тұрып, ұзындыққа секіру. 5-6м.қаш.доғаның  астынан еңбектеп өту. Гимнастикалық орындық үстінде кедергілерден аттап жүру. Қимылды ойын: «Күн мен жаңбыр» 3. Екі аяқпен бір орында тұрып, ұзындыққа секіру. Гимнастикалық орындық үстінен етпетінен жатып, шаян сияқты ішпен тартылып, орындықтың екінші басына шығу.Құм салған қапшықты оң және сол қолмен алысқа лақтыру. Қимылды ойын: «Асқабақты домалатып жеткізейік» Спорттық ойын: «Мен және менің отбасым»      Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Жыл мезгілі. Күзгі табиғат»(сурет бойынша әңгімелеу). Мақсаты:сурет мазмұнына сәйкес әңгіменің басы мен соңын құрастыруға үйрету. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Дид-қ ойын: «Бұл қай кезде болады?»                                  Драма Тақырыбы: «Қияр мен капуста» ертегісі Мақсаты:Таныс сюжеттер бойынша ертегілерді драмалауға, барлық дыбыстарды анық және әртүрлі қарқында дыбыстауға жаттықтыру. Дид-қ ойын: «Көкөністерді тез жина» Орыс тілі Тема: «Осень» Цель: Показать детям - что осень прекрасное время года. Закрепить знания о некоторых характерных особенностях времени года  путём применения игровой формы обучения. Воспитывать бережное отношение к природе, заботиться о ней.  Дид-я игра: «Танец листочков»   Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Тақырыбы:  «Бақтағы жемістер мен көкөністер» (Геометриялық пішіндер) Мақсаты: 1 санымен таныстыру. Сандық топты белгілеу. Биіктігі және жуандығы бойынша бірдей және екі түрлі заттарды салыстыру. Дид-қ ойын: «Күзгі жемістер»           Жаратылыстану Тақырыбы: «Алтын күз келді!» Мақсаты: Табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы, жыл мезгілдері туралы түсініктерін қалыптастыру. Табиғаттағы ауа райының жайын бақылауды жəне бақылау  нəтижелерін табиғат күнтізбесіне белгілей білуді үйрету. Дид-қ ойын: «Күзгі ерекшеліктерді ата» Музыка Тақырыбы: «Алтын күз» Мақсаты: Күз бейнесін музыка, сюжетті бейнелер арқылы көрсете білу. Музыкаға әсерленуді байыту. Көңілді-көңілсіз музыканың интонациясын ажырата білу. Әуенді ырғақты қимыл: «Күзгі вальс» Қ.Шілдебаев Музыка тыңдау: «Күз жомарт» Д.Ботбаев Ән айту: «Күзгі жапырақтар» П.Шайжанова Ойын ойнау:«Күн суытты далада» А.Айтуова Сурет Тақырыбы: «Күзгі жапырақтар»  (Сюжетті сурет салу) Мақсаты:Қылқаламды дұрыс ұстауды, қағаздың үстінен жүргізуді үйрету.Қоршаған ортаның әсемдігін, эстетикалық талғам дағдыларын қалыптастыру. Дид-қ ойын: «Жыл мезгілін ата»              Аппликация Тақырыбы: Күзгі жапырақтар»  (Сюжетті аппликация) Мақсаты: Заттарды қағаз бетіне орналастыру дағдыларын қалыптастыру. Композицияны құрастыру кезінде заттар мен нысандардың көлемі бойынша ара-қатынасын ескерту. Дид-қ ойын: «Жыл мезгілін ата» Экология негіздері Тақырыбы: «Күзгі табиғат құбылыстары» Мақсаты:Балалардың табиғат құбылыстары: жел, жаңбыр, тұман туралы түсініктерін кеңейту.Күзгі табиғаттағы өзгерістерін бақылау дағдыларын дамыту. Дид-қ ойын: «Күзгі құпиялар»  

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.