Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





сімдіктердегі ауыр металдардың мөлшерін анықтау әдісі



2.2. Өсімдіктердегі ауыр металдардың мөлшерін анықтау әдісі

Өсiмдiктердiң ауыр металдармен ластануы, өндірістiң және автокөлiктердің қарқынды дамуынан және де топырақ - өсiмдiктердің ластануының жалғыз көзі емес. Ауыр металдармен өсiмдiктер атмосфера арқылы да ластануы мүмкін. Өсiмдiктердiң құрамындағы кадмийден барлық атмосферадағы кадмиймен ластану 20-60% құрайды. Атмосфера арқылы түскен кадмий өсiмдiктің өн бойын ластауы мүмкін. Қорғасын негiзiнен өсiмдiктерге тамыры арқылы немесе жапырағы арқылы да түседі. Атмосфералық қорғасынның автокөлік жолдары маңайындағы өсiмдiктердің құрамындағыға қарағанда 40% жетуі мүмкін. Қорғасынның негiзгi мөлшері вегетативтiк мүшелеріне шоғырланады, ал репродуктивті мүшелерде өсiмдiк құрамынан 4-7% жиналады.

Ауыр металдардың қуаттылығының тез арада жиналу қабiлеттiлiгіне байланысты әр түрлі үйлесімді келесi қатарларда орналасқан:

Бидайық Cd>Cu>Zn>Cr>Ni>Mn

Жусан    Cd>Ni>Pb немесе Cd>Pb>Zn

Изен       Cd>Zn>Ni>Co

Сексеуіл Cd> Cu >Zn>Pb

Өсімдіктердегі ауыр металдарды анықтау үшін белгіленген зерттеу орындарынанан өсімдік материалдары жиналып, алдын-ала ағын судың астында жуылып, шаң-тозаңнан тазартылады. Құрғатылған соң ұсақтап туралып, араластырылады. Дайын болған сынамадан техникалық таразыда 2г өсімдік материалын өлшеп алып фарфор тиглге саламыз. Содан соң оны электроплиткадакүйдіріп, соңынан муфель пешіндежоғары температурада (5000С) күлгеайналдырады. Алынғанөсімдіккүліне 5 мл НСІ(1:1) қосыптиглдеерітіледі. Ерітіндініэлектроплиткадабуландырып, тұнбаға 5 мл фон ерітіндісінқосып, әлсізқыздыраотырыперітіндінісуытып фильтр арқылыпробиркағафильтрлейді. Ерітіндініңкөлемін фон ерітіндісімен 10 мл дейінжеткізеді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.