![]()
|
|||
ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ. Топырақтағы ауыр металдарды анықтау әдісі2. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ 2.1. Топырақтағы ауыр металдарды анықтау әдісі Қорғасынды анықтау әдісі. Әдіс қорғасын иондарының (Pb2+) сынап тамшылы электродта тотықсыздануына негізделген. Бұл әдіспен сынамадағы 0.5 мкг мөлшердегі қорғасынды анықтауға болады. Құралдар мен реактивтер ׃ 1. Полярограф, полярографиялық ұяшық׃ анод – қаныққан каломельді электрод, капилляр ( t › 05.0 сек. ) 2. Газды баллон ׃ аргон немесе азот 3. Су моншасы 4. Муфель пеші 5. Эксикатор 6. Фарфор немесе кварц тигельдер 7. Филтерлеуші воронка ( 3 – 5 см ) 8. Өлшегіш цилиндрлер, пробиркалар, 10 мл. 9. Езгіш 10. Колбалар, 100 мл – 1000 мл. 11. Қорғасын металы 12. Тұз қышқылы, конц. 13. Азот қышқылы, сұйылтылған (3 ׃ 2 ). 14. Стандартты ерітінді ׃ 0.1 г қорғасынды 250 мл колбаға салып 20 мл сұйытылған ( 2 ׃ 2 )азот қышқылын құяды. Еріген соң ерітіндіні буландырады ( 3 – 5 мл дейін ), 15 мл тұз қышқылын ( сал. салмағы 1,19 ) қосып тағы 3 – 5 мл дейін буландырады. Осы жұмысты тағы 2-3 рет жүргізеді, содан соң 20 мл 20 % тұз қышқылын қосып, қорғасын хлоридінің қызғылт ерітіндісі түзілгенше қыздырады. Ерітіндіні 1 литрлік колбаға құйып, колбаны бірнеше рет 20 % тұз қышқылымен шайып негізгі ерітіндіге қосады. Ерітіндіні 20 % тұз қышқылымен белгісіне дейін жеткізіп араластырады. Осы ерітіндіден 10 мл пипеткамен алып өлшегіш 100 мл – лік колбаға құйып дистилденген сумен белгісіне дейін жеткізіп араластырады. Алынған ерітіндінің құрамына 10 мкг/ мл немесе 10 мг / л қорғасын болады. Жұмыс барысы. Зерттеуге арналған топырақ сынамасын көлеңкеде құрғатады. Топырақ сынамасын үлкен фарфор тиглде ұнтақтап 1 – 2 мм тесікті електен өткізеді. Осылай ұнтақталған татпадан 200 – 300 г орташа сынама алынады, қайта ұнтақталады. Капрон електен өткізіліп 10 – 20 г топырақ сынамасы алынады. Бұл топырақты агат немесе хелцедонды табақшада қайта ұнтақтайды. Осы ұнтақтан 1 г топырақ сынамасы алынып, фарфор немесе кварц тиглге салынып, 10 – 15 тамшы күкірт қышқылы (конц.) тамызады да 15 – 20 сағатқа қалдырады. Содан соң құм үстіне қыздырып қышқыл қалдығы ( SO32+ ) буланып кеткенше ұстайды және муфель пішінде 450 – 500°С дейін күйдіреді ( 1 сағат ). Күйдірілген топырақты эксикаторда суытып 20 % тұз қышқылы ( HCl ) 10 мл қосып, 2 – 3 рет қыздыра отырып ерітеді. Фильтрленген соң фильтраттың көлеміне 50 мл жеткізіп, әбден араластырады. Фильтраттан 5 мл алып полярографтың ұяшығына құяды, инертті газды 10 – 15 мин.жібереді, ерітіндіні 3 мин. Қалдырып, соңынан дифференциалды полярограммасын алады.
|
|||
|