|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ауыр металдардың адам денсаулығына әсері1.3. Ауыр металдардың адам денсаулығына әсері XX ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап биосфера қорғасынмен қарқынды ластана бастады. XX ғасырдағы адамның қаңқасында қорғасын 1600 жыл бұрын өмір сүрген адам сүйегімен салыстырғанда 700-1200 есе артық екендігі анықталды. Химиялық ластағыш заттардың адам ағзасына әсерін екі түрге бөлуге болады: арнайы - ағза жүйесіне және мүшелерге талғап әсер ету нәтижесінде белгілі бір аурулар тудыратын және арнайы емес, бұл кезде элементтердің әсері басқа да факторлармен этнологиялык байланысқан аурулардың өсуіне мүмкіндік туғызады.Арнайы ластағыш заттар, соның ішінде сынап, кадмий, қорғасын, мышьяк, фтор үшін тән (1 - кесте).
1- кесте –Табиғи антропогенді экожүйедегі уытты және потенциалды уытты заттар
Мысалы, Жапонияда балықтардың сынаппен ластануы күрделі минамат ауруын тудырды. Иракта фунгицидпен дәріленген бидайдан жасалған наннан улану жағдайлары байқалған. Минералды тыңайтқыштардың жоғары мөлшерін қолдану улануды және әртүрлі ауруларды тудырады. Адамдар және жануарлар үшін ауыр металдардың жоғары мөлшерінің жалпы уытты әсері ағзаның маңызды жүйелерінің орталық және перифериялык жүйке жүйесі, қан айналымы, ішкі секрецияның іс-әрекетінің өзгеруіне немесе бұзылуына әкеледі. Химиялық ластағыш заттар адам және жануарлардың әртүрлі мүшелеріне және ұлпаларында іріктеле жинақталады. Әдетте олар қарқынды биохимиялық үрдістер жүретін мүшелерде - бүйрек, бауыр, эндокринді безде шоғырланады. Өнеркәсіпті аудандарда атмосфералық ауаның ластануы нәтижесінде өлім-жітім және аурулардың артуы; орташа өмір сүру ұзақтығының төмендеуі; иммундық жүйенің, қанның морфологиялық құрамының, балалардың физикалық дамуының бұзылуы түрінде спецификалық емес биореакциялар байқалады. Мыс балқыту зауыттарының зонасында өмір сүретін адамдарда тыныс алу мүшесінің ісік ауыруынан өлім-жітімнің жоғарылауы, алюминий, болат құятын және суперфосфат өндірісінің маңында тері аурулары байқалған. өзінің улылығына, табиғатта таралуына, қорек тізбегінде жинақталу мүмкіндігіне қарай биосфераны ластайтын, бірінші кезекті бақылауды қажет ететін оннан астам элементтерге ерекше назар ауды. Қауіптілік дәрежесі(1.2 кесте) бойынша оларды үш топқа бөледі:
2 - кесте –Ауыр металдарды қауіптілік дәрежесі бойынша жіктелуі
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|