Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі



Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Нұралиева Жаңыл

11 «А» сынып оқушысы

Ғылыми жұмыс

Тақырыбы:ОҚО металлургиялық өндірісі аймағындағы өсімдіктердің құрамына ауыр металдардың әсері

 

Ғылыми жетекшісі:

Химия пәнінің мұғалімі Алжанова Ғ.Ж.

 

Шымкент – 2014 жыл

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. ӘДЕБИ ШОЛУ

1.1. Ауыр металдарға жалпы сипаттама

1.2. Ауыр металдардың қоршаған ортаға әсері

1.3. Ауыр металдардың адам ағзасына әсері

1.4. Ауыр металдардың өсімдіктерге әсері

2. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

2.1. Ауыр металдарды анықтау әдістері

2.2. Ауыр металдарды өсімдік құрамынан анықтау әдістері

2.3. Зерттеу нәтижелері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

КІРІСПЕ

Қазіргі кездегі дүние жүзі ғалымдарының басты мәселелердің бірі-пестицидтерден кейін ауыр металдардың тірі ағзаларға әсерін әлсірету болып табылады. Ауыр металдардың қоршаған ортаға таралуы тек табиғи жағдайда ғана емес, сонымен қатар антропогенді жолмен де қарқынды түрде жүзеге асуда. Олардың қатарына өндіріс қалдықтары, тау-кен өндірісі, транспорт, түсті және қара металл өндіру, құрамында ауыр металдар кездесетін тыңайтқыштарды ретсіз пайдалану, жылу-электр орталықтарынемесе жалпы урбанизацияны жатқызуға болады.

Қазақстан Республикасында түсті металлургия өндірісі қарқынды дамыған. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шымкент қаласының территориясында орналасқан “Южполиметалл” ӨК ЖАҚ-нан бөлінетін қалдық заттар ұзақ жылдар бойы табиғи ортаны ластауда. Олардың ішіндегі негізгілері – ауыр металдардың ауаға, топыраққа, суға таралу дәрежесі артуда. Ауадағы ауыр металдар жел арқылы тараса, ал топырақта ортаңғы қабаттарға дейін өтіп, өсімдік тамыры арқылы өсімдік ағзасына тасымалданып өз зиянын тигізуде. Атап айтқанда, Шымкент қорғасын өндірісінен бөлінетін негізгі ауыр металдарға – қорғасын, мыс, кадмий, мырыш жатады. Олардың ішінде қорғасын мен кадмий өте улы металдар. Ауыр металдардың қоршаған ортаға таралуы белгіленген санитарлық мөлшерден асып кетсе, тірі ағзаларға ауыр металл иондары кері әсерін тигізеді. Сондықтан олардың қасиетін зерттеумен қатар, қоршаған ортаны тазарту жолдарынан іздестіру өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

Шымкент қаласының территориясында орналасқан “Южполиметалл” ӨК АҚ ұзақ жылдардан бері қала территориясын зиянды қалдық заттармен ластауда. Соңғы жылдардағы дағдарысқа байланысты зауыттың көптеген бөлімшелері өз жұмыстарын тоқтатқан. Дегенмен, одан қалған қалдықтар әлі күнге дейін қоршаған ортаға зиянын көптеп тигізуде. Бұл зауыттың кейбір бөлімдері әлі күнгі жұмыс жасайды, оның түтіннің әсерінен болатын қышқылдық жаңбырлар мен ауыр металдардың иондары топыраққа сіңіп қалған.

Республикамызда өндіріс орындары дамуының ғылыми тұрғыдан жеткіліксіз негізделуі және өндірістік қуаттың көп жылдар бойы қарқынды өсуі адам экологиясы мен қоршаған орта гигиенасын төтенше ауыр жағдайға алып келді. Осыған байланысты қоршаған ортаның ластануы мен оның өсімдіктер мен жануарларға, адам денсаулығына тигізетін әсерін зерттеу үлкен қажеттілікке айналып отыр.

Жұмыстың мақсаты: Шымкент қаласының территориясында ауыр металдардың таралуы мен өсімдіктерде жиналу мөлшерін анықтау негізінде қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалау.

Ауыр металдар суда, топырақта және тірі организмдерде жиналып, қоректік тізбек арқылы тасымалдана отырып адам ағзасына жиналады. Сондықтан қоршаған ортада ауыр металдардың таралу мөлшерін анықтап, олардың өсімдіктердің құрылысына әсерін бақылау өзекті мәселелердің бірі болып табылады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.