Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Негізгі бөлім. Технологиялық процесстер.. Тағамды пісірер алдынды салықндатады,бірақ тоңазытпайды.. зірленген таматы суық сумен дымқылданып сүртілген тақтайшаға салады, бірақ май жа&#



2. Негізгі бөлім

2.1. Технологиялық процесстер.

Тағамды пісірер алдынды салықндатады,бірақ тоңазытпайды.

Әзірленген таматы суық сумен дымқылданып сүртілген тақтайшаға салады, бірақ май жақпайды.

1.Капкейк:

Құрамы:

2жұмыртқа

жарты стақан сүт;

жарты стақан қант;

жарты стақан сұйық май;

1,5 стақан ұн;

1 шай қасық қамыр қопсытқышы;

ванилин немесе ванильді қант;

1 ас қасық какао ұнтағы.

Дайындалу жолы:

Жұмыртқаға қант қосып, миксер көмегімен жақсылап араластырамыз. Оған сүт, сұйық май, ванилин қосып, қайта араластырамыз. (Ұнды қамыр қопсытқышымен бөлек араластырып алған дұрыс.) Ұнды ақырын қосып, қамырды жақсылап араластырамыз. Қамырды бірдей екі бөлікке бөліп, біреуіне какао ұнтағын қосамыз. Қамырды силиконды пішіндерде пісірген ыңғайлы, бір реттік қағаз пішіндерін де қолдануға болады. Капкейкті 20-25 минут 180 градусқа дейін қыздырылған пеште пісіріңіз.

        

Төбешігін әзірлеу үшін:

Бірінші кілегейді миксер көмегімен араластырып, көбіктенгенін күтіңіз. Артынан қаймақ пен қант ұнтағын қосып, қайта араластырыңыз. Кекстің үстіне кілегей құйыңыз. .Капкейкті майда түрлі-түсті кәмпиттермен, шоколад ұнтағымен, жидектермен сәндеп,ұсынамыз.

 

Қызыл барқыт торты(красный бархат)

Құрамы:

3 жұмыртқа

350 г ұн

200 г секер

135 г қаймақ (майлылығы 20 %)

135 г айран

120 г сұйық май

3 ас қасық какао ұнтағы

15 г разрыхлитель

4 г қызыл бояу (пищевой краситель)

сода, уксус

Креміне:

250 г сливки

160 г қант ұнтағы

250 г ірімшік

 

Дайындалу жолы;

Ең алдымен 3 жұмыртқаны жарып секермен араластырып, миксерлейміз. Сұйықтық көпіріп көтерілгенше 15 минуттай миксермен жақсылап араластырамыз. Содан соң сұйық майымызды құйып тағы да араластырамыз.

Енді бөлек ыдыс алып оған қаймақ пен айранды араластырамыз. Сосын оған бояуымызды салып тағы да қанық түс шыққанша араластырамыз. Осы сұйықтықты алып алдыңғы қоспамызға қосып миксерлейміз. Енді оған какао ұнтағы мен разрыхлительді салып араластырып аламыз, содан кейін барып ұнды електен өткізіп араластырамыз. Дайын болғаннан кейін шай қасықтың ұшымен соданы аламыз оған 2-3 тамшы уксусты тамызып, оны қоспамызға қосып соңғы рет бір миксерлейміз. Дайын қоспаны 3 бөлікке теңдей бөліп 180 градуста 40-45 минуттай пісіреміз.Дайын.

 

 Енді кремін әзірлейміз.

Сливки мен маскарпоне алдын ала тоңазытқышта тұруы тиіс. Құрғақ, өте таза ыдыс алыңыз! Оған салқын сливкиіңізді құйыңыз 2-3 минуттан кейін қант ұнтағын салып араластырып тұрыңыз. Крем өз формасын ұстап бастаған кезде бір-бірлеп маскарпонеңізді салыңыз. Ескерту! Миксерді сөндірмеу керек, заттар салқын күйінде болуы тиіс, көп араластырмаңыз әйтпесе крем іркіп кетеді. Кремді қалташаға салып гүл немесе әртүрлі форма шығаруға болады.

Сөйтіп барлық корждарды орналастырамыз.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.