Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





азақстанның саяси партиялық жүйесіндегі соңғы онжылдықтағы дамуын қысқаша талдаңыз.



44. Қазақстанның саяси партиялық жүйесіндегі соңғы онжылдықтағы дамуын қысқаша талдаңыз.

Биыл құрылғанына 20 жыл толатын Қазақстандағы билік партиясы "Нұр Отан" кезекті съезін ақпан айында өткізуге дайындалып жатыр. Қаңтардың 17-сінде партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев (ресми төраға президент Нұрсұлтан Назарбаев болып саналады – ред.) алдағы мерейтой жиынында 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарлама қабылданып, саяси кеңес құрамы жаңаратынын мәлімдеді. 20 жыл бойы атқарушы билік пен парламентті тұтас дерлік иемденіп отырған "Нұр Отан" Қазақстандағы саяси режимнің негізгі символына айналды.

1999 жылы наурыздың 1-інде өткен "Отан" партиясының І құрылтай сьезінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев партия төрағасы болып сайланды. Осы съезде "Отан" партиясы "Қазақстан халықтар бірлігі" партиясын, "Қазақстанның демократиялық партиясын" және "Қазақстанның либералдық қозғалысы", "Қазақстан – 2030" қозғалысы" деп аталатын ұйымдарды өзіне қосып алды.

2002 жылы қарашада Қазақстанның халықтық-кооперативтік партиясы мен Республикалық еңбек саяси партиясын, 2006 жылы шілдеде "Асар" партиясын, сол жылы желтоқсанда Азаматтық және Аграрлық партияларды қосып алып, ірі билік партиясына айналды.

"Отан" партиясының атауы 2006 жылы "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясы болып өзгерді, бірақ 2013 жылы "халықтық-демократиялық" деген сипаттамасын қайтадан алып тастады.

"Нұр Отан" партиясы өзін "жемқорлықпен күресуші партия" ретінде таныстырады. 2008 жылы "Сыбайлас жемқорлыққа 10 мәрте күйрете соққы беру" бағдарламасын қабылдаса, 2014 жылы 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа бағдарламасының жобасын қабылдаған.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.