Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





азақстан – 2050» Стратегиясы



42. Қазақстанды әлемнің бәсекеге қабілетті отыз елінің қатарына қосу стратегиясын жүзеге асырудағы әрбір азаматтың рөлін сипаттап беріңіз.

Бәсекеге қабілеттіліктің алғышарттары. Бәсекеге қабілеттілік — өзіңді танып анықтау арқылы көз жеткізілген барлық артықшылықтарды пайдалану. 2007 жылы Ұлт көшбасшысы Қазақстанның ғылыми сыйымды экономикасын құрудағы басты кедергі — өз мүмкіндіктеріне сенбейтін және орынды тәуекелге бармайтын шығармашылық ізденістері жоқ адамдар болуы мүмкіндігін айта келе, мұндай мәселені шешудің көзі ретінде индустриялды-инновациялық дамудың стратегиясын негіздеді, жауапкершілік алатын жастардың жаңа буынына үміт артты.

 Заманауи жағдайдағы Қазақстан өркендеуінің экономикалық негіздері халықтың қоғамдық белсенділігін көтеру мен өмір сүру сапасын арттыру болып табылады. Қазіргі экономикалық өсу жоғарғы тәуекелге бару арқылы жалпы ғылыми ортаның, ақпараттық инфрақұрылымның даму-деңгейіне, ғылыми зерттеудің қаржылық көлемінің мөлшеріне, олардың нәтижелерін коммерциялық жүзеге асырудың белгісіздігіне тәуелді басқару тәжірибесіндегі үздіксіз инновациялық үрдістерге көшуге жетелейді. Сондықтан да ғылыми-техникалық жетілдіруді мемлекеттік ынталандыру айқын қажеттілікке айналып отыр. Бұл өмір сапасына бағытталған «тұтыну қоғамынан» интеллектуалды қоғамға өтуді білдіреді.

050 жылға қарай Қазақстанда отандық тауарлар бәсекеге қабілетті болуы мақсатында 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның, Ресей мен Беларусьтің қатысуымен Біртұтас экономикалық кеңістік құру кезеңі басталды. Басты мақсат жаңа технологиямен жабдықталған өндірісті дамыту арқылы тұрғындарды жоғары әлеуетті жұмыстармен қамтамасыз ету. Ұлт көшбасшысының тапсырмасы бойынша үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын өнеркәсіптік қуаттарды импорттауға және технологиялар алмасуға бағыттау үшін бірлескен халықаралық компаниялар мен тиімді серіктестіктер құру мен дамытудың кіші бағдарламасын жасау қолға алынуда.

Инновациялық кластерлер — Назарбаев Университеті және Инновациялық технологиялар паркін дамыту жалғасын табуда[14]. Қазақстан экономикасында бәсекеге қабілеттілік ең алдымен, жұртшылықты оған тәрбиелеуден басталу қажеттігінің маңыздылығымен, өткен онжылдықтар тарихынан сабақ алып отырмыз. Бұл үрдіс тікелей жеке адамның құндылықтарына тікелей байланысты болып табылады. Жеке адамның әлеуетінің көтерілу-деңгейінен мемлекет-деңгейі айқындалады. Ендеше эконмиканың «А» тобындағы менеджерлер тобының халықпен біте қайнаса жасайтын жұмысы шаш етектен. Мән беруден мағына пайда болатыны тәрізді, бәсекелік мазмұны қоғамдағы әрбір адамның жұмысқа қабілетті әлеутін дер кезінде пайдалана алудан басталады. Сонда ғана әлемдік жаһандану аясында ел әлеуеті жоғары дәрежеге көтеріледі.  

Қорытындылай келе, Қазақстан үшін ең басты назарға алынатын ұстанымдар: Жинақталған тәжірибелерді саралау арқылы жаңа істерге қол жеткізу. Жаһандық ауқымдағы әлеуметтік дағдарыс көздерін ескере отырып, республика экономикасының әлсіз тұстарының дамыту тетіктерін іздестіру. Мемлекет бюджеті бағытталатын жалпыұлттық жобалар — республика экономикасын әртараптандыру және инфрақұрылымды дамыту ауқымы ауыл аймақтарды кең қамтуына байланысты, ондағы тұрғындар қажеттілігі мен еңбек белсенділігіне қатысты мәселенің барлығына мониторинг жүргізіліп, уақытты ұтқызып алуға жол берілмеу. Отандық тауарларды жарнамалау және оны дамыту технологиясын жетілдіру жолдарын мемлекеттік қолдау. Ішкі нарықты дамытуда орта және шағын бизнес өкілдерінің құқысы мен міндеттері жөнінде, ақпараттармен қамту және реттеу. Тұрғындардың жеке жауапкершілігін арттыру бағытында аймақтарда, ақылдастар кеңесінің жұмыстарын үйлестіру.


43. Қазақстандықтар үшін Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» ұлттық даму стратегиясының мәнін қалай түсінесіз?

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы

2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.

Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:

1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм

2. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау

3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік

4. Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары

5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту

6. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту

7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі.

 

Ең алдымен, Мемлекет басшысы еліміздің даму мақсатын анықтауда ұлттық бірдейлік негізін «Мәңгілік Ел» атты кең мағыналы түсінік түрінде (беделді, ұлы Қазақстан және оның халқы) енгізеді. Еліміздің Бірінші Президенті Н.Ә. Назарбаевтың пікірі бойынша Мәңгілік Елдің басты мемлекетті қалыптастыратын құндылықтар ретінде Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астана, ұлттық бірлік, қоғамымыздағы бейбітшілік пен келісім, зайырлы қоғам мен биік руханият, индустрияландыру мен инновация негізіндегі экономикалық өсім, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы, тарих, мәдениет және тіл тұтастығы, дүниежүзілік және аймақтық мәселелерді шешуде еліміздің жаһандық қатысуы мен ұлттық қауіпсіздігі болып табылады . Осы құндылықтардың арқасында жаңа Қазақстанның халқы ылғи да жеңіп, ұлы жетістіктерді көбейте отырып,елін нығайта түсті. Бұл құндылықтар Қазақстанның халқын біріктірген және жаңа жетістіктерге ынталандыратын Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізінен құралады. 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.