|
|||
Конфедерацияға анықтама беріңіз және ерекшеліктерін түсіндіріңіз.15. Конфедерацияға анықтама беріңіз және ерекшеліктерін түсіндіріңіз. Конфедерация (кейінгі лат. confederatіo – одақ, бірлестік) – мемлекеттік құрылым формасы, бұл ретте Конфедерация құрушы мемлекеттер өздерінің тәуелсіздігін толығымен сақтап қалады, әрқайсысының өзіндік мемлекеттік билік жүйесі және басқару органдары болады; арнайы бірлескен органдар тек белгілі бір (әскери, сыртқы саяси, т.б.) мақсаттағы іс-әрекеттерді үйлестіріп отыру үшін жасалады. Конфедерацияға мүше елдердің бәріне бірдей ортақ заң шығарушы орган, ортақ азаматтылық, территория, әскери күштер, салық жүйесі болмайды. Осындай егемен елдер одағына мүше әрбір мемлекет өкілдері Конфедерация органдарын құрады, олар қабылдаған шешімдер одақтас мемлекеттердің үкіметтері және заң шығарушы органдарының келісімі мен бекітуі арқылы жүзеге асады. Конфедерация құру туралы келісім Конфедерацияның құрылуының құқықтық негізі болып табылады. Конфедерация қаржысы оған мүше мемлекеттердің жарналарынан құралады. Конфедерация бірқатар проблемаларды шешуде оң рөл атқарады. Атап айтқанда, ажыратылған ұлттарды біріктіру процесінде (мысалы, Корея Республикасы мен КХДР); жаһандық интеграциялықпроцестер шеңберінде бірнеше мемлекеттерді халықаралық құқықтық, аймақтық бірлестіктерге біріктіруде (мысалы, Еуропалық одақнегізіндегі Еуропалық Конфедерация) тиімді рөл атқарды немесе атқаруы мүмкін. Тарихта Рейн Конфедерациясы (1254 – 1350 жылдары), Ганей лигасы (1367 – 1669), Швейцария (1291 – 1798 және 1816 – 1848), Нидерланд (1579 – 1795), АҚШ (1781 – 1789),Германия Конфедерациясы (1816 – 1848), Америка конфедерациялық штаттары болды. Сондай-ақ, Конфедерация федеративтікмемлекеттің құрылуына алғышарттар қалыптастырады. 1918 – 1922 ж., КСРО құрылғанға дейін, ұлттық республикаларды біріктірудің бастапқы кезеңінде Конфедерация және федерация элементтерінің үйлесуі орын алды. Сонымен қатар “Конфедерация” термині кейдеодақ мағынасында әр түрлі ұйымдардың атауы ретінде де қолданылады (мысалы, Франциядағы Жалпыға бірдей еңбек Конфедерациясы, Британия өнеркәсібінің Конфедерациясы, Италиядағы Конфиндустрия, т.б.).
|
|||
|