|
|||
ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫРЛАР ЖҮЙЕСІШҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫРЛАР ЖҮЙЕСІШҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ Атқаратын функциясына және күрылыс жағынан қарағанда жұмсақ биологиялық тіндердің ішінде жүрек күлақшалары мен қан тамырла-рының алатын орны ерекше. Морфологиялықтұрғыдан карағанда қан тамырларын эластикалык, аралас және бұлшык еттік (тегіс бұлшық ет ұлпалары басым болғандыктан) болып үшке бөлінеді (сурет). Үлкен артериялықтамырлардың кабырғалары үш қабатты болады: 1 — ішкі, 2 — орта және 3 — сыртқы қабаттар. Ішкі кабат құрамына эндотелий, астыңғы эндотелий және ішкі эластикалық мембраналар кіреді. Тамырдың ішкі бетін жауып тұрған эндотелиальді жасушаның гемодинамикалық маңызы аса зор: олардын бүтіндігінің бүзылуы тром-балардың пайда болуына әкеп соқтырады. Астыңғы эндотелий — жіңішке эластикалық және коллагендік талшықтардан, байламдық — ұлпалык жасушадан және негізгі заттан тұрады. Ішкі эластикалық мембрана коллагендік талшықтармен оралған эластиндік талшықтан тұрады.
https://tineye.com/query/a7f71500e7735581e442290dcece920c40b1a07c?size=160 -сурет. Қан тамырларының негізгі бөліктерінің құрылысы: 1 — ішкі кабат (интима); 2 - ортаңғы қабат (медия); 3 - сыртқы қабат (эдвеитиция); 4, 5 —ішкі және сыртқы эластикалық мембраналар; 6 — веналық қақпаша; 7 — капиллярлар Ортаңғы қабат жиырылу бағыттары басқарылатын көптеген элас-тикалық мембраналардың құрылымынан тұрады. Тегіс бұлшық ет талшықтары эластикалық мембранаға бекітілген. Ішкі және сырткы қабатка жабысқан, көлденең коллаген әсерінен бір құрылымда орналаскдн шеңбер бойымен коллагендік фибрилла-лардан және тізбек бойымен бағытталған жуан эластикалық талшық-тардан тұратын сыртқы эластикалық мембрана (70-сурет, 4, 5) бар. Веналардың құрылысы — артериялардың құрылысына үқсас. Бірақ веналар қабырғаларын ішкі, ортаңғы және сыртқы қабаттарға бөлу өте қиын, тіпті кейде бөлуге мүмкіншілік болмайды. Артериялық тамыр-ларға карағанда вена тамырларының ішінде қан қысымының өзгеруі үлкен болады. Артерия тамырына қарағанда вена тамырларының қабырғалары жүқа және эластикалық ұлпалары да аз болады, вена та-мырларының сыртқы қабаты қалың және коллагендері көп болады. Мысалы, венада коллаген эластиннен үш есе көп болса, кеуде жасу-шасында екі есе ғана көп болады. Пульстік қысымның әсерінен қан тамырларының қабырғалары-на кезеңі өзгермелі жүктеме әсер етеді. Қан тамырлар қабырғалары сызықты — тұтқыр-серпімді болғандықтан, қорытынды деформация фазасы бойынша Аф бүрышына кейін калады. Ол бұрыштың мәні зерттелінетін материалдық қасиетіне байланысты болады. Осындай материалдар үшін серпімділіктің динамикалык модулі былай анық,- талады: Е = Е' + Е", мұндағы Е' — серпімді модулі; Е" — шығын модулі. Е' = EcosA(p. Мұндағы Е — серпімділік модулі. https://tineye.com/query/b17db2c088c8f54033e541eec18bacccc4a019d9?size=160 -сурет.Вена артериясының деформациясына кан қысымының өзгерісініңтәуелділігі: 1 - жүктеме; 2 - жеңідцену; 3 - статикалықжүктеме; 4 - калыпты жағдайдагы жүктеме (80-120 мм сынап бағанасы)
Динамикалық серпімділік модулі 1—2 Гц жиілікте көп өзгеріске үшырамайды. Ол төменгі жиіліктер кезінде өседі. Кешігу бүрышы (Дср) аз, мөлшерімен 10° шамасында болады. Егер жүрек соғысының жиілігі 2 Гц болса, Е"/Е' < 0,123 бЬлады, ' Осы нәтиже сол ортада серпімді компоненттерге қарағандатүткыр компоненттердің аз болатынын көрсетеді. Егер кан қысымының өзгерісі 20—120 мм. сынап бағанасы мөлшеріңде (2,5—15,0 кПа) болса, онда қантамырлар кабырғаларының тұтқыр - серпімді касиеті көрінеді. Ол қасиет гистерезис бұғалығына ұқсайтын болады. Артерия тамырлары қабырғаларының жарылу мүмкіншілігі әсер етуші ішкі қысымғажәне деформацияғатәуелді болады. Деформация-лаушы күштің жылдамдығы арткан сайын тамырлардың жарылу мүм-кіншілігі де артады. Артериялық тамырлардың созылғыштық қасиеті адамның жасына байланысты болады. Мысалы, 60 жасқа келген адам-ның артериялық қан тамырларының жарылу мүмкіншілігі 20 жастағы адамға қарағанда 2-3 есе көп болады.
|
|||
|