Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ



ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

МОРФОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

СӨЖ: Бұлшықеттер биомеханикасы

Орындаған: Жаксылыкулы Жандаулет

Топ: 1-001 ЖМ

Қабылдаған: Ахметова Гүлбану Жарасқанқызы

 

Қарағанды-2017

    Бұлшықеттердің биомеханикасы

Жоспар

І кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Жүрек-қан тамырлар жүйесінің құрылысы және механикалық касиеттері

2. Бұлшықеттер құрылысы және биомеханикасы

3. БҰЛШЫҚ ЕТ ЖҮЙЕСШІҢ ЭЛЕКТРЛІК МОДЕЛІ. РЕОГРАФИЯНЫҢ НЕПЗІ

Қорытынды

 

БҰЛШЫҚ ЕТ ЖИЫРЫЛУЫНЬЩ БИОМЕХАНИКАСЫ

ЖҰМСАҚ БИОЛОГИЯЛЫҚ ТІНДЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

Биологиялық тіндер: тері, бұлшық ет, қан тамырлар, тыныс алу жүйесі, жүрек клапандарының жапырақшасы және ішкі органдардың (өкпенін, мидың, сіңірдің) және т.б. бездерінің механикалық қасиеттері қатты тіндермен (сүйектер) салыстырғанда ерекше болады. Жұмсақ биологиялық тіндердің басты қасиеті — олардың аса үлкен шамада (200%-ге дейін) деформациялануы болады. Сонымен қатар олардың механикалық бастапқы және соңғы күйі, сығылғыштығы және ани-зотропиялығы бір-біріне өте үқсас келеді.

Жұмсақ биологиялық тіндердің құрылысына (сурет) мынадай компоненттер кіреді: жасушалар, 1 - каллогендік талшықтар, 2 -эластиндік талшықтар, 3 — негізгі құрылым және жасушалар. Әр компоненттің механикалық, биологиялық және иммунологиялық қасиеттері олардың өздеріне тән ультра құрылымдарына тәуелді болады. Бірақ сумен әсерлесуі және сумен байланысты компоненттерінің қасиеттері ерекше. Осы биополимерлерді бес топқа бөлуге болады (68-сурет): (4) коллаген, (5) эластин, (6) гликозаминогликандар, (7) гликопротеиндер және (8) еритін протеиндер.

https://tineye.com/query/88bb05ae6179814ad7fe60ba29a4abeabd42c354?size=160

Байлам тіндерінің ішіндегі ең негізгісі — коллаген, оның құрылымдық пішіні әртүрлі. Коллагеннің ерекшелігі — ол спиральді полипептидті тізбектен спиральдық талшыққа дейінгі барлық деңгейдегі спираль құрайды. Механикалық жүктеме кеп болатын тіндердің негізгі функциясы үшін осындай құрылыс элементтердің бір-бірінің бетімен салыстырмалы сырғанауын шектейді. Коллаген элементтері — тропоколлаген молекулаларынан күралады. Олардын бастары мен үштары қосылып диаметрі 20—40 нм коллагендік фибриллаларды құрайды. Фибриллалардыңдиаметрлері тін мен сүтқоректілердіңтүрлеріне байланысты болады. Фибрилл шоқтары диаметрі 0,2-12 мкм арасындағы талшықтар түзейді. Созылған кезде коллагендік талшықтар және олардың талшықтық құрылымдар шоғы, аз да болса деформацияланады. Кернеу мен деформация бір-бірімен сызықтық. емес байланыста бо-лады. (сурет). Коллагендік тіндердің созылғандағы беріктігі 50-100 МПа болса, серпімділік модулі 1000 МПа болады. Бұл коллагендік тіндердіңаса берік болатындығын көрсетеді.

 

https://tineye.com/query/4672f02f4e5cc0c2ecb5a07989bfa6028d502c5b?size=160

Эластинніңтабиғаты – ол гидрофобты және белгілі бір аралыкта қатаң химиялық қосылыстағы амин қышқылдарының тізбегінен тұрады. Созылған кезде сызықтық қасиеті (сурет) байқалады. Жұмсақ биологиялык тіндерде элас-тикалык күрылым талшықты (тері, вена, шеміршек) және мембрана-дан (артериялар) тұратын екі түрлі морфологиялық пішінді болады.

Талшықтық эластинде бір-бірімен байланыстағы екі жіптен есілген арқан сияқты компоненттер бар. Эластиннің осындай құры-лымы олардың талшықтарының созылу деформациясына (мөлшерімен 150—200 %) төзімді етеді. Сонда эластиннің серпімділік модулі небәрі 0,6 МПа болады.

Эластин мен коллаген талшықтарынын. өзара әсерлесуі жұмсақ биологиялықтіндердің беріктігін және деформациялык касиетін анық-тайды. Мысалы, артерия және өкпе паренхима тіндерде эластин серпімділік қасиет береді. Коллагендік талшықтар бұл тіндерде хаос-ты және толқын тәріздес болып созылып, содан кейін ғана түзіледі.

Негізгі затта коллагендікталшықтар жасушалармен және жасуша-лар ішіндегі затпен біртүтас болады. Байлам тығыз тіндердін негізінде фибробластан тұратын жасушалардан құралады. Жасуша ішіндегі затта коллаген талшығы эластин, ретикулин және гидрофильді гель болады. Негізгі заттың құрамы тіннің түріне байланысты болады. Глюкоза аминогликандар (мукополисахаридтер) мен тін сүйықтары жасушаның негізгі құраушылары болып табылады.

Механикалық тұрғыдан карағанда төменгі модульді негізгі зат мынадай үш функцияны атқарады: бір талшықтан екінші талшықка таралатын күшті реттеу; бір талшықтан екінші талшыққа күш тарал-ғанда олардын, үзіліп кетпеуін қамтамасыз ету; талшықтар босаған кезде олардың арасындағы үйкеліс күшін азайту.

Жұмсақ механикалық ұлпалардың механикалық қасиеттері тіндердің құрамындағы талшықтың, жасушаныңжәне негізгі заттың өзара әсерімен анықталады. Коллагендік талшықтүрғысынан қарағанда талшықтары бағыттас сіңірлер мен байлам құрылымдары ең қарапайым құрылымдар болады. Бұл құрылымдар күшті бір бағытта — бұлшық еттен сүйекке, немесе бір сүйектен екінші сүйекке таратады. Коллаген талшықтары босаған кезде сіңір талшықтары толқын тәріздес болады. Күш бұлшық еттен сүйекке өткенде коллаген талшықтары түзу болады.

Қан тамырларының коллагендік талшықтары эластин талшықта-рымен тегіс бұлшық еттердің жасушаларымен байланысты күрделі құрылым. Кезеңі өзгеретін күштің әсерінен қолқа қақпақшаларының жапыракшаларының құрылысы ерекше болады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.