Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





рт орнын зерттеу



3. Өрт орнын зерттеу

Техникалық эксперттің оған сот-зерттеу органдары қойған сұрақтарды шешуі зерттеу жұмыстары болып табылады. Оның қазіргі қызметінің пунктері өрт орнын зерттеу кезінде алынған заттық айғақтар мен қылмыстық істің материалдарын зерттеу болып табылады. Бұл сатыда эксперт алынған ақпараттарға сүйеніп өрттің шығу себептері мен орны туралы болжам-нұсқалары жасайды. Естен сақтайтын бір жайт, эксперттің болжамы ғылым мен техниканың саласы бойынша ғылыми білімдерге қатаң түрде сүйенуі қажет. Эксперттің нұсқасы – бұл зерттелген фактінің шығуы мен қасиеттерін, сипаттамасын түсіндіретін фактілік материалдар мен арнайы түсіндірмелерге негізделген эксперттің ғылыми болжамы. Нұсқалар – бұл сұрақтарды шешу жолында эксперттің ғылыми зерттеулерінің сатылары. Олар эксперттің ғылыми жұмысының мазмұнын, сипаттамасын және бағытын анықтайды. Эксперт нұсқаны терең логикалық талдаудан кейін береді.

Эксперттік нұсқаны беру және тексеру үрдісі бірнеше кезеңдерден тұрады:

- зерттелетін фактілердің шығуын, сипатын және мінездемесін ғылыми түсіндіретін мүмкін болжамдардың пайда болуы;

- осы болжам белгілерін шығару мен талдау;

- алынатын белгілерді зерттеу үшін құралдар мен әдістерді тағайындау;

- берілген нұсқаларды тексеру.

Өрттің шығу себебінің нұсқасын шығару кезінде өрттің шығу кезіндегі жерді (объектінің өрт-техникалық сипаттамасы, өрт зонасындағы материалдардың саны, сипаты мен агрегаттық күйлері, электрқондырғылардың, өндірістік құрылғылардың техникалық күйі және т.б.) зерттеуге үлкен мән беріледі.

Бастапқыда нұсқаның анықталған сипаты зерттеу барысында алынған жаңа қосымша мәліметтерге байланысты өзгеруі мүмкін.

Нұсқаның бір-бірімен байланысқан фактілер мен жағдайларды түсіндіруіне байланысты ол жалпы немесе жергілікті болуы мүмкін. Зерттеуге кіретін барлық сұрақтарды қамтитын нұсқалар жалпы нұсқа ретінде қарастырылады. Істің кішкене техникалық жағымен байланысқан нұсқа жергілікті нұсқа ретінде қарастырылады.

Өндірістегі өрт-техникалық сараптамалар бойынша тәжірибелер көрсеткендей, өрттің шығу себебін тағайындаған кезде ерекше әдіс қолданылады. Уақытында бұл бойынша берілген ұсыныстар өрттерді зерттеу практикасында кең талдауға ие болды. Өрттің шығу себебінің нұсқасын жасаған кезде максималды мүмкін санына келтіру керек. Өрттің шығуының нақты себебін барлық нұсқаларды салыстыра отырып келтіреді. Бірақ, өрттің шығу себебінің қорытындылары мен нұсқаларын жан жақты тексеру үшін мәліметтердің нақты көлемі қажет. Егер де өртке дейінгі өрт орны толық белгілі болмаса, ерекше әдіс нақты дұрыс жауапты бермеуі де мүмкін.[3]

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.