Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Сараптама жүргізу реті



2. Сараптама жүргізу реті

Авариялар мен өрттердің салдарларын зерттеуді техникалық комиссиялар ұйымдастырады.

Техникалық комиссияның міндеттері:

• құрылыс ғимараттарына от әсерінің параметрлерін зерттеу;

• өрт пен авариялар кезінде және олардан кейін құрылымдардың бұзылу себептерін анықтау;

• құрылыстық құрылымдарға от ықпалының әсерін бағалау және өрт пен авария кезінде ғимараттар мен имараттардың қирауы нәтижесіндегі материалдық шығынды анықтау;

• өрт, авариялардың салдарларын залалсыздандыру бойынша және ұқсас құралдарды ескерту бойынша іс-шараларды жетілдіру.

Жергілікті комиссия ұйымдастырады:

1) жарақаттанғандарды құтқару қажет болған кезде қираған құрылымдар мен оның бөліктерін жедел жетілдіру;

2) ғимараттар мен имараттарды қарау, құрылыс құрылымдарының қауіпті аймақтарын қоршау, авариялық жұмыстар жүргізу;

3) ғимараттар мен құрылыстық құрылымдардың қираған және авариялық бөліктерін куәландыру (өрттен кейінгі құрылыстық құрылымдардың жағдайы туралы актіге);

4) жалын әсері кезінде құрылыстық құрылымдардың әрекетін сипаттайтын материалдар жмиынтығы және өрттен кейінгі олардың жағдайы (қираған құрылымдардың өзара байланысты орналасуын суретке түсіру, суреттеу және эскиздеу, өрт ошағын, қираған және қатты құртылған құрылымдардың орналасу орындарын орнату, өрт, жүктемелер, атмосфералық және басқа да жағдайлар кезінде құрылымдар жұмысының сипатын анықтау).

Жұмыс нәтижесін жергілікті комиссия өрт туралы техникалық актымен рәсімдейді. Техникалық актыге өрттен болған шығындар туралы анықтамаларды, құрылымдарды қайта өңдеуге жұмсалатын шығындар туралы; құрылыс және өрт-техникалық сараптаушылардың қорытындыларын: куәгерлердің сауалдары бар мәліметтер және міндетті тұлғалардың түсініктемелері; өрттен зардап шеккен ғимараттың жағдайы туралы акт, өрт немесе оттың әсерінен құрылымның бұзылуының себептерін алдын-ала зерттеу туралы акт (егер бұл құжаттар комиссияның этапты жұмыстарынан бұрын құрылған болса) жатқызады.

Жеке объектілердiң (өндiрiстiк цехтардың, учаскелердiң, қондырғылардың, қоймалардың, қонақ үйлердiң) өрт қауiпсiздiгi үшiн жауапкершілiктi ұйым басшысы өз бұйрығымен жауапты адамдар танысқаны туралы қол қойғаннан кейiн анықтайды. Құрылымдық бөлiмшелердегi өрт қауiпсiздiгi үшiн жауапты адамның мiндетiне мыналар кiредi:

1) өндiрiстiң технология процесiндегі өрт қауiпсiздiгiн бiлу және қарамағындағы адамдардан объектiдегi өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң орындалуын талап ету;

2) өндiрiстiк және әкiмшiлiк үйлерi мен ғимараттарында, сондай-ақ объект территориясында өртке қарсы тәртiптi қатаң сақтау, шылым шегетiн жерлердi жабдықтау;

3) қарамағындағы адамдарға өртке қарсы нұсқау берiп, өрт-техникалық минимум бойынша сабақ өткiзу. Өртке қарсы нұсқау алмаған адамдарды жұмысқа жiбермеу;

4) қолда бар барлық өрт сөндiретiн алғашқы құралдарды және өрт автоматикасы қондырғыларының дұрыстығын, дайындығын және қайта зарядталуын тұрақты түрде тексерiп тұру, бұл құралдардың орынсыз пайдаланылуына жол бермеу;

5) белгiленген тәртiп бойынша жасалмаған жазба түрiндегi рұхсат қағазсыз мекемеге қарасты объектiлерде дәнекерлеу және басқа да от шығатын жұмыстарға жол бермеу;

6) белгiлi бiр бөлiмшеге бекiтiлiп берiлген территорияны таза ұстау, жүретiн жерлердi, баспалдақтарды және өртке қарсы құралдарға баратын жерлердi үйiндiмен ыбырсытпау, осы территориядағы үйлерге, ғимараттар мен су ағатын жерлерге баратын жолдарды жақсы қалыпта ұстау;

7) рұхсат етiлмеген жерлерде шылым шегуге, от жағуға тыйым салу;

8) жылыту құралдарын, желдеткiштер мен электр жабдықтарын тексерiп, дұрыс жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

9) мемлекеттiк өрт қадағалау органдарынын келiсiмiнсiз немесе өртке қарсы нормалар мен ережелер талаптарын ұстанбай, үйлер мен өндiрiс орындарында қайта жабдықтап (қайта жоспарлап) құрылыс жүргiзуге жол бермеу;

10) өрт немесе апат (авария) жағдайында дереу өртке қарсы қызметтi шақырып, адамдарды тезiрек эвакуациялап, қолда бар күшпен және құрал-жабдықтармен өрттi сөндiрiп, зардап шеккендерге қажеттi медициналық көмек көрсету керек.

Өрт туралы техникалық актіге мәліметтерді зертханалық жұмыстар, құрылымдар бөлшектері, құрылымдардың тексерілген есептеулері жатқызылуы мүмкін. Өрт туралы техникалық актілерті құру барысында Мемлекеттік өрт басқармасымен ғимаратты жергілікті комиссия мен құрылыс сараптамасымен тексеруден бұрын құрастырылған акт мәліметтерін және өрттің сипаттамасын пайдалануды ұсынады.

Өрт  жағдайында орналасқан құрылымның жарамдылығын бағалау және ғимарат бөлімдерінің бұзылу себептерін анықтау үшін құрылыс сараптамаларын пайдалануға жүгінеді. Олар ғылыми-зерттеу институттары мен құрылыс құрылымдарының отқа төзімділігін зерттейтін зертханаларының тәжірибелі мамандары болуы мүмкін.

 

Құрылыстық сарапшы:

- жеке құрылымдар мен от әсері кезінде және өрттен кейін жалпы ғимараттың жұмысының артықшылықтарын зерттейді;

- ғимараттардың немесе имараттардың құртылған жерлерінің шекараларын анықтайды;

- өрт кезінде құрылымдардың қирау себептерінің сараптамасын жүргізеді;

- қауіпті аймақтың жөнделмейтін құрылымдарының бұзылу себептері мен құрылымдарды әрі қарай пайдалануға қиындық туғызатын себептерді орнатады;

- әр түрлі құрылыстық құрылымдардың, олардың элементтерінің және жеке түйіндерінің кемшіліктері мен артықшылықтарын анықтайды;

- түйіндердің өрт кезінде және одан кейін ғимарат құрылымының жұмысына әсерін зерттейді;

- өрттен кейін жөнделген темірбетонды құрылымдардың әрі қарай пайдалануға жарамдылығын анықтайды;

- қауіпті аймақтың темірбетонды құрылымдарының пайдалану сипатын қайта қалпына келтіру бойынша ұсыныстарды жетілдіреді.

Құрылыстық сарапшы оперативті тексеру үрдісінде техникалық комиссия мүшелерімен бірге немесе (сирек) өз бетінше жұмыс істеуі мүмкін.

Ғимаратты бөлшектік тексеру кезінде құрылыстық сарапшы (сараптық топ) техникалық комиссия қойған сұрақтарды шешуде өз бетінше жұмыс істейді.

Ғимарат құрылымының сараптамасын жүргізу уақытын техникалық комиссияны тағайындаған орган анықтайды. Техникалық комиссия өртті зерттеу бойынша жеке сұрақтарын бөлшектік зерттеуге арналған жұмыскерлер комиссиясын ұйымдастыруға және комиссияда жұмыс істеуге жергілікті ұйымдар мен кеңселердің сарапшылары мен өкілдерін қызықтыруға құқығы бар.

Сараптамалардың, зертханалық жұмыстар, сынақтар мен басқа да ғимараттар мен имараттардың құрылыстық құрылымдарына өрт салдарларын зерттеумен байланысты жұмыстардың төлемі мен ұйымдастырылуын, сонымен қатар зерттеу материалдарын рәсімдеуді құрылыстық-монтаждық ұйым немесе кәсіпорын қамтамасыз етеді.

Техникалық комиссия құрған өрт туралы техникалық акт екі апта мерзімінде

комиссияны құраушы органның бекітуіне жіберіледі. Ал бұл орган өрт туралы техникалық бекітілген актті осы актте белгіленген ұсыныстар мен өрттің салдарын жоюға шаралар қолдану үшін қызығушылық танытқан ұйымдарға жібереді.

Өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi нұсқауда мыналар көрiнiс табуы тиiс:

1) территорияның, үйлер мен ғимараттардың, оның iшiнде эвакуация жолдарының тазалығын талап ету;

2) технологиялык процестердi орындау құрал-жабдықтарды пайдалану өрт қауiптi бар жұмыстарды жүргiзу кезiнде өрт қауiпсiздiгiн оқып-үйрену жөнiндегi шаралар;

3) жарылыс және өрт қауiпi бар заттар мен материалдарды сақтау және жеткiзу тәртiбi мен нормалары;

4) шылым шегетiн, ашық отпен және отпен байланысты жұмыстар жүргізу орны;

5) тұтанғыш заттар мен материалдарды жинау, сақтау шығару;

6) бақылау-өлшеу аспаптары (маномертлер, термометрлер) көрсеткiштерiнiң шегінде болуы, ауытқыған жағдайда өрт немесе жарылыс шығуы мүмкiн;

7) өрт жағдайында нысанға қызмет көрсететiн адамдардың iс-қимылы оның iшiнде;

- өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн шақыру ретi;

- технологиялық құрал-жабдықтарды апаттық тоқтату тәртiбi;

- желдеткiштер мен электр жабдықтарын ағыту тәртiбi;

- өрт сөндiру құралдары мен өрт автоматикасы қондырғыларын қолдану тәртiбi;

- адамдарды, тұтанғыш заттар мен материалдық байлықтарды эвакуациялау тәртiбi;

- ұйымның (бөлiмшелердiң) барлық үй-жайларын қарау және өрт пен жарылыстан қауiпсiз жағдайға келтiру тәртiбi.

Өрт шығуының техникалық себебін дәл анықтау үшін, өрттің басталған орнын дәл анықтау қажет.Өрт ошағының қандай көлемде болғанын елестете де алмай турып, өрттің себебін анықтау қиын, көбінесе мүмкін емес. Өрттің пайда болу себебін және орнын анықтау, оқиға болған жерге уақытылы және сапалы тексеріс жүргізу нәтижесінде пайда болады.

Өрт ошағын анықтау үшін міндетті түрде барлық деректердісараптамадан өткізіп, олардың бір-бірімен байланысын және өзара шарттастығын анықтау қажет. Мұнда қай фактордың өрттің себебі, ал қайсысының нәтижесі болағаынын анықтау керек (мысалы, қысқа тұйықталу нәтижесінде немесе электр желілерін қайта құру кезінде сымдарының жанып кетуі).

Өрттің шығу орнын көбінесе тұтану орнымен және қираумен байланыстырады. Қатты өртену ұзақ уақыт өшіруді, күш жұмсауды қажет етеді және өте жоғары температурада болады. Бірақ өрт ошағын бұлай анықтау жаңылысуға әкеледі. Өрт шығуының барлық факторларын қарастыру керек, оның ішінде, өрт қарқындылық сипатын, жану жылдамдығын және өрттің туындауына әкелген жағдайды. Өрт ошағын анықтауға өрттің өршу заңдылықтарын білу көмектеседі.

Өрт-техникалық сарапшы қабырға, еден, қалда шымылдырық, құрылғылар, жиһаз немесе басқа заттар мен материалдардың қайсысы бірінші тұтанып жанғандығын анықтап бекіте білуі қажет.

Егер өрт қабырғадан немесе төбеден басталған болса, онда оған жабысып тұрған заттар еден жанып бастағанға дейін құлауы керек.

Толық объектінінің және жеке бөлімшелердің өрттің нәтижесінде қирауын анықтау кезінде ғимараттың және имараттардың жеке бөлшектерінің немесе құрылымдарының архитектура-құрылыстық жобалануы да қарастырылады; Құрылыстық элементтердің күштік салмағы мен таралуы; Өрттің жалғасуы, жоғары температура және жалынның жану ұзақтығы; жану аумағындағы температуралық режим (газ алмасу деңгейі; өртті сөндіруге бағытталған іс-шаралар және т.б)

Нақты шарттарға қарамастан өрт кезінде жану масштабы мен ерекшелігіне қарай өрт ошағын анықтау нәтижесі жеке бөлімшелерде өрттің таралу аумағына дұрыс баға беруге бағыттайды. Әртүрлі бөлімшелерде қираудың ерекшеліктері мен салыстырмалы деңгейі.

Өрт-техникалық сарапшылар және оларды тағайындау реті        Техникалық сараптау ұйымдары, басқа да ұйымдар секілді (криминалдық, медициналық, химиялық, бугалтериялық және т.б) қылмыстық іс қозғалғаннан кейін және соттың немесе прокурордың, мүмкін тергеуші органдарының да қабылдаған шешімінен кейін ғана күшіне енеді, бұл сараптама нәтижесімен келіспеген жағдайда техникалық сараптама ұйымдары қайта тексеріс жүргіздіртуге құқылары бар.

Міндетті түрде қайта тексеріс жүргізу керек болған жағдайда тергеуші органдар сынақ жүргізетін және басқа да арнайы зертханаларды ғылыми-техникалық бөлімше қызметкерлеріне жіберуге ғана құқылы.

Сараптаманың нәтижесінің мақсаттылығын әр уақытта тергеуші, тергеуші орган, прокурор немесе сот бекітеді. Егер осындай немесе басқа да жағдайларды сараптама жүргізбей-ақ анықталса, (мысалы, куәгерлерге сұрақ қою арқылы, мамандармен консультация жүргізу арқылы және т.б),  онда ол мақсатты емес болып бекітіледі. Егер оқиға орны материалдармен толық дәлелденген болса, онда техникалық сараптама жүргізудің қажеті де жоқ, тек қана аварияны немесе өртті бірінші көрген куәгерлерден өрттің неден пайда болғанын сұрап анықтайды.

Техникалық сараптама жүргізуді аса қажет екеніне көз жеткізген кезде ғана тағайындау керектігін есте сақтау қажет.

Техникалық сараптаманы бекітудің аса маңызды сәтіне сараптама жүргізуге тән тергеушінің қолындағы мәліметтер және қызықтырған сұрақтарға қанағаттанарлық жауап алу жатады.

Техникалық сараптама жүргізу шұғыл тергеу әрекетін қажет етпейді және тергеудің кез келген кезеңінде тағайындала береді.

Көбінесе техникалық сараптаманы өртті өшіргеннен кейін немесе аварияны оқшаулағаннан кейін дереу тағайындайды. Мұндай жағдайда сарапшы тергеушімен бірге «өрт ізімен» оқиға орнына шолу жасап шыға алады.

Авария немесе өрт орнына шолу жасап шығуға тергеушімен қатар көмек көрсете алатын білікті маман қатыстырылуы мүмкін.

Техникалық сараптаманың негізгі мәселесі аварияның немесе өрттің пайда болу себебін анықтау болғандықтан, сараптаманың бұл түрін басқа сараптамалардан кейін жүргізеді (соттық-медициналық, химиялық, электротехникалық және т.б). Өрт-техникалық сарапшы басқа да сараптама қорытындыларымен таныс болуы керек.

Сараптаманы белгілеуде тергеуші таңдап алған зерттелетін объектілер, тіпті қажетті жағдайда салыстырмалы зерттеу жүргізу үшін үлгілері алынады. Үлгілерді немесе объектілерді алу қиынға соққанда бұл істі жүргізуге қызығушылық танытпаған маман қатыстырылады. Бұған көбінесе жағдайды, техникалық тісілдерді және объектілер мен үлгілерді алу ретін, сонымен қатар оларды таңдауда нақты практикалық әрекеттер жасау керектігін туралы тергеушіге ұсыныстар жасаған адам қатыстырылады.

Өндірістік сараптама жүргізу үшін сарапшыға барлық қажетті құжаттарды көрсетеді. Ол құжаттар келесідей болуы мүмкін: авария жөніндегі акт; орган инспекторлары және т.б; объектіге техникалық тексеріс жүргізу нәтижесі жөніндегі акт немесе күні бұрынғы шығарылған шешім; оқиға орнын шолу жөніндегі хаттама, тергеу эксперименттік хаттамалары, сонымен қатар сызбалар, фотосуреттер және т.с.с.

Алғашқы кезеңдегі тергеу ісі сараптамасын бекіту арнайы қаулы бойынша рәсімделеді.

Егер өндірісті сараптамадан өткізуді сарапшы бөлім штатының құрамына кірмейтін тәуелсіз тұлғаға тапсырса, онда тергеуші оны өзіне шақырып, оның жеке куәлігін, мамандығы мен біліктілігін тексеріп, көбінесе сарапшымен, айыпталушымен (немесе күдіктімен) және жәбірленушімен ара қатынасын анықтайды. Тергеуші сарапшыға оның міндеті мен құқығын түсіндіріп, оған сараптама бекітілген қаулыны тапсыра отырып, жауап беруден бас тартса немесе қорытындыны бұрмаласа, сонымен қатар сарапшының қолы мен белгілеулері болатын қорытындыны жалған етіп берсе қылмыстық жауапқа тартылатынын ескертеді. Егер өндіріске қажетті зерттеу материалдарын сараптау мекемелеріне жіберсе, онда сарапшының міндеттерін сол мекеменің басшысы ескертеді. Сарапшының қолхаты қорытындының бастапқы бөлігінде немесе қорытындыға қосымша арнайы бланкіде рәсімделеді.

Сараптау қаулысы белгілегеннен кейін осы үрдіске қатысатын болғандықтан тергеуші айыпталушының құқығын түсіндіруге, таныстыруға міндетті.

Сараптама бекітілген қаулы, сарапшының қорытындысы немесе оның қорытындыны беру мүмкін еместігін хабарлау, сонымен қатар сарапшының тергеу хаттамасы сараптама бекітілгеннен кейін де айыпталушы есебінде болған тұлғаларға да беріледі.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.