|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бес қабаттық панельдік үйде технологиялық процессті ұйымдастыру.1.Бес қабаттық панельдік үйде технологиялық процессті ұйымдастыру. Көпсекциялы бес қабатты панельді тұрғын үйлердің сериясы, индустриалды тұрғын үй салудың алғашқы серияларының бірі, яғни 60, 70, 80- інші жылдары болған жаппай тұрғын үй құрылысы кезінде салынып, бүгінгі күнге дейін қызмет етіп келе жатқан үйлердің сериясы. Бұл үйлердің ерекшілігі балкондар тіреуіктерге тіреп орналастырылған, олар фундаменттен соңғы қабатқа дейін барады. Үй 3 подъездден тұрады. Бір қабатта 1,2 және 3 бөлмелі, жекелеген және аралас санузелді үш, төрт пәтерден болады. Төбенің биіктігі – 2,60 м. Фасадтың сыртқы қабырғалары вибро-кірпішті 320 мм қалыңдықты (екі кірпішті) үлкен кеуекті кладит бетоннан жасалған. Ішкі қабырғалар – бір кірпішті вибро-кірпішті панельдер. Жабылатын және сыртқы қабырғалар – темір-бетонды панельдер. Ғимарат өлшемдері 58х13 м және биіктігі 15 м. Темір-бетонды және шиферлі жабынысы бар шатырлы, тақтайлы едендер, крагиспен төселген және қабырға бойымен ағаш бордюрлары бар ғимарат; ғимарат периметрі бойынша терезелерге арналған тесікті типті ені 1,3 м және биіктігі 1,4 м. Ғимарат қабырғаларының бар периметрі бойынша 1,5 м интервалмен әдейі тігінен орналасқан вентиляциялы каналдар орналастырылған. Осы каналдардың бөлменің ішінде төбе деңгейінде орналасқан тасымалдау нүктелерінің өлшемі 20х15 см. Лифт және қоқыс құбырлары мұндай үйлерде жоқ. Жылу жүйесі – сулы; жылы және суық сумен қамтамасыздандыру – орталықтандырылған; газқұбыры; ауа тасымалдау – табиғи. Үйдің әр қабатында электр тақтасы қарастырылған, оның ішінде қауіпсіздік патрондары немесе пышақ қосқыштары бар әр пәтерге арналған электр санауыштар орналасқан. Әр подъезд 200 В қыздыру шамдарымен жарықтандырылады. Үй тұрғындары алуан түрлі электрқыздырғыш құрылғыларын, ауа тасымалдағыштарды, электрқозғалтқыштарды, электршәйнектерді, майлы электррадиаторларды, тэндерді, электр плиталарын, тоңазытқыштарды, кір жуғыш машиналарын, микротолқынды пештерді, аудио және видео қондырғыларын, газ плиталарды, компьютерлерді және т.б. қолданады. Бұдан бөлек әрбір пәтер жиһаздандырылған: есіктер, шкафтар, орындықтар, жұмсақ орындықтар, үстелдер, дивандар, кітап қоятын сөрелер, төсектер және т.б.
Осындай үйде болатын өрттің себептері мен оның мүмкін болатын мінездемесін анықтау үшін, үйдің өрт қауіптілігі және өртке төзімділік категориясын білу қажет. Тұрғын үйдің өрт қауіптілігі және өртке төзімділік категориясын 1 кесте бойынша анықтаймыз.
Конструктивті өрт қауіптілігі мен өртке төзімділік дәрежесі. Кесте 1.
Тұрғын үй бес қабатты болғандықтан көпқабатты үйлер қатарына жатады, соған байланысты ғимараттың өртке төзімділік дәрежесі III, ал өрт қауіптілік категориясы С1. Тұрғын үйде өрттің пайда болу себептері: электр сымдарының қысқа тұйықталуы, газ плитасын абайсыз қолдану, өшпей қалған темекі немесе т.б. күнделікті қолданыстағы объектілерді деп айтуға болады. Өткізілген талдау бойынша көп жағдайларда өрт бір қабатты жеке орналасқан үйлерде пайда болатынын айтуға болады. Күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі ережелерін білмегендіктен және оларды сақтамағандықтан, өрттің пайда болу себептерінің негізгісі отты абайсыз қолдану болып табылады. Осы себептен жалпы санынан 40,6% (7756) өрт пайда болды. Сонымен қатар мас күйінде темекі шегу өрт кезінде адам өліміне әкеледі (жылына 260 адам немесе 51,9%). Өрттің жалпы санынан отты абайсыз қолданумен қатар электр құрылғыларын орнату және эксплуатациялау (17,1%) және пешті жылыту жүйесін (10,9%) орналастыру кезінде өрт қауіпсіздігін бұзу салдарынан өрт шығады. Тұрмыстық электр қыздырғыш құрылғыларды экспуатациялау барысында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан 516 өрт болды.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|