Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Кәсіпорындағы маркетингті ұйымдастыру



Кәсіпорындағы маркетингті ұйымдастыру

Маркетингтің ұйымдастыру қызметі - маркетинг бойынша өздеріне жүктелген міндеттер мен қызметтерді орындайтын бөлімдер мен бөлімшелердің жиынтығы. Маркетингті ұйымдастырудың әр түрлі формалары бар, оларды таңдауға кәсіпорын мақсаттары, ресурстардың болуы, басқарудың қалыптасқан құрылымы, өндірілген өнімнің, нарықтың және маркетингтік ортаның ерекшеліктері сияқты факторлар әсер етеді. Маркетингтік қызметті ұйымдастыру төменде көрсетілген белгілер бойынша құрылады.

Функциопалдық ұйым. Тауарлары мен нарық мөлшері аз кәсіпорындарда қолданылады. Бұл қағида еңбектің функ-ционалдық бөлінуіне негізделген.

Басқарылатын процестердің мамандануы, кадрлар құзіретінің нақты түрде анықталуы, тауар ассортименттерінің аз мөлшерде тұрақты өндірілуі маркетингті ұйымдастырудың осы формасының тиімділігін анықтайды .

Сұрақтары:

1. Макроорта және оның факторлары

2. Микроорта және оның факторлары

3. Кәсіпорындағы маркетингті ұйымдастыру

Әдебиеттер:

3;4;5;8;9 (36-бет); 11 (29-бет); 12 (81-бет); 13 (203-бет); 14 (147-бет); 19; 20; 26.

 

3. Тұтыну нарықтарындағы сатып алушылардың мінез-құлқы.

1. Сатып алушы мінез-құлқының үлгісі

2. Сатып алушының мінез-құлқына әсер ететін факторлар

3. Сатып алу туралы шешім қабылдау процесі

Дәріс мақсаты - маркетингтің түсінігін беру және мазмұнын ашу. Негізгі маркетиг түрлерін қарастыру және олардың Қазақстанда даму тенденцияларын зерттеу.

 

Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуіне байланысты адамдардың әлеуметтік жағдайларында тауарлар мен қызметтерді таңдау жағынан психологиялық және жеке тұлғалық өзгерістер пайда болды.Қоғам табыс деңгейіне қарай жіктеле бастады, қазақстандықтардың өмір сүру жағдайы мен стилі өзгерді. Егемендік тек қазақ халқының ғана емес , сондай-ақ Қазақстанда тұратын басқа да ұлт өкілдерінің ұлттық санасын көтерді, адамдардың тілі (минталитеті) , дінге , тарихқа және мәдениетке көңіл қоюы өзгерді . Қазақсьанның Еуропа мен Азияның тоғысында орналастыру оның территориясында тұратын 130-дан астам ұлт өкілдерінің өмір сүру қалпына және тауарлар мен қызметтерді сатып алу барсына әсер етеді. Маркетологтар осы жағдайларды өздернің маркетингтік бағдарламаларын жасау кезінде ескертуі қажет.

Нарықтық әкономикаға өткенге дейін республика халық үнемі тауар жетіспеушілігін сезініп отырды, сұраныс жалпы тауарлар ұсынысынан жоғары болады. Бұл әсіресе тауар асартиментінің аздығынан байқалды. Қазіргі кезде нарық коньюнктурасы (жай-күйі) жедел өзгеруде, көптеген тауарлар ұсынысы оған деген сұраныстан жоғары. Тұтынушылардың мінез-құлқы нарықтың әр түрлі тауарлармен толығу мөлшеріне қарай өзгеріп тұрады, сондықтан оларды мақсатты түрде зерттеп отыру керек. Тұтыну тауарлары нарығының ерекшелігі өздерінің талаптары , талғамдары, сұраныстары,дәстүрлері, мәдени өзгешеліктері, төлем қабілеттілігіне байланысты шектелген сұранысы бар белгілі бір сатып алушылар категорияларынан тұратын сегменттерге бөлінуінде.

Тұтынуылар түпкі тұтынушылар және тұтынушы ұйымдар деп үлкен екі топқа бөлінеді.

Түпкі тұтынушылар- тауарларды өздері жеке қолдану үшін алатын тұтынушылар, яғни жеке тұлғалар, отбасылар, неке немесе қаны бір туыстыққа негізделген шағын қауым, үй шаруашылықтары (Бір немесе ортақ шаруашылыққа біріккен бірнеше отбасы).

Тұтынушы ұйымдар- тауарларды өндіріс процесінде пайдалану үшін сондай-ақ , қайта сату үшін алатын көтерме тұтынушылар. Олардың мінез-құлқы түпкі тұтынушылардан:

* тауарларды сатып алу мақсаттармен;

* алу себептерімен;

* сатып алу туралы шешім қабылдау әдістерімен;

* тауарды сатып алғаннан кейінгі қызмет көрсетуге қойылатын талаптарымен;

* сатып алу жиілігіменелеулі түрде ерекшеленеді.

Тұтынушы нені, қашан, қай жерден сатып алу керектігі туралы шешім қабылдай отырып, қандай тауар өндіру керектігін анықтайды. Қазіргі кезде сатып алушылардың тауар таңдау еркіндігі жарнама , БАҚ, Интернет желісі көмегі арқылы жақсы ақпараттануының арқасында күшейе түсті. Нарықты зерттеушілер сатып алу туралы шешім қабылдау кезіндегі тұтынушылардың мінез-құллқына әсер ететін көптеген факторларды зерттейді.

Қазіргі кезенде қоғамның әлеуметтік құрылымы қарқынды дамуда, әлеуметтік топтар саны үнемі өсу үстінде. Бұл тұтынушылардың жаңа сұраныстарының пайда болуына әсер етеді. Адамдар бір-бірінен жасы, жынысы, табыс деңгейі мен мәдениеті, қалыптасқан саот-дәстүр, әдет-ғұрпы, өмір сүру қалпы жағынан ерекшеленеді. Осы сипаттамалар негізінде олардың әр түрлі тауарларға деген ықтимал реакциясын анықтауға болады.Бұл тауарды сатып алу процесіндегі тұтынушының мінез-құлқын зерттеуді керек етеді. Өндірушілер адамдардың сатып алу себептерін білуі қажет, оларда тауар, оның бағасы, ынталандыру формалары және жарнама туралы ақпарат болуы керек. Сатушы тауарды түйсікпен қабылдауға ғана әсер етпейді, сатып алу туралы шешімге ықпал етеді.Сондықтан да сатып алу актісіне жағымды әсер ету үшін тұтынушының тауарларды қалай қабылдауын зерттеу қажет.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.