|
|||
МикроортаМикроорта Нарықтың өзгермелі жағдайына бейімделу үшін фирма үнемі маркетингтің макроортасын қалыпты түрде бақылап отыруы қажет. Бірақ олардың барлығы бірдей кәсіпорын қызметіне әсер етпейді. ¥йым өз тарапынан макроортаның қандай факторлары қызметке зор әсер ететінін, ал қандай факторлары оның дамуына қауіп төндіретінін анықтауы қажет. 1. Тұтынушылар. Микроорта факторларының ішінде -тұтынушылар ерекше орын алады. Тұтынушыларды зерттеу арқылы фирма олардың қажеттіліктері мен қалауын, тауарлар мен сату көлеміне деген сұранысты біле алады. Олардың елеулі өзгерістері байқалған жағдайда, маркетинг бағдарламасына қажетті түзетулер енгізу керек. 2. Ф. Котлер фирма тұтынушыларын 5 түрге бөледі. Тұтынушылар нарығы - тауарлар мен қызметтерді өзі тұтынуы үшін алатын жеке тұлғалар мен үй шаруашылықтары. 3.Бәсекелестер. Фирма бәсекелестері оның маркетингтік стратегиялары мен нарықтағы табысына тікелей әсер етеді. 4. Жабдықтаушылар дегеніміз - фирманы тауарлар өндіру мен қызмет көрсету үшін қажетті материалдық ресурстармен қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен ұйымдар. 5. Маркетингтік делдалдар. Оларға кәсіпорын мен әр түрлі компаниялардың тауарларын сатуға көмектесетін фирмалар жатады. 6. Бұл көтерме және бөлшек сауда саласындағы дел-далдар, қоймалар, транспорттық ұйымдар және маркетингтік қызмет көрсететін агенттіктер. * Қаржы ұйымдары - фирманы қаржымен қамтамасыз ететін банктер; инвестициялық қорлар және басқа да қаржылық-несиелік мекемелер. * Бұқаралық ақпарат құралдары - баспасөз, теледидар, радио және т.б. * Мемлекеттік мекемелер. Фирма заңдарды, жарлықтар мен үкімет қаулыларын және басқа да нормативтік актілерді бұлжытпай сақтауға тиіс. * Жұртшылық. Тұтынушылардың әр түрлі қоғамдары, көпшілік қауым және басқа да әр қилы қоғамдастықтар.Фирманың міндеті барлық байланыс аудиторияларымен тиімді өзара қарым-қатынастарды нығайту, олардың алдында өз беделін көтеру және өзінің қызметіне тиімді қатынастарды құру болып табылады.
|
|||
|