Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Оқу сауаттылығы



Оқу сауаттылығы

 PISA зерттеуiнде оқу сауаттылығы ұғымын оқушылардың жазбаша мәтіндерді ұғына оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдануы, бiлiмдері мен дағдыларын қоғамның белсендi өмiріне араласуы үшiн дамытуы деп түсінуге болады. Оқу сауаттылығын тексеру оқу техникасы немесе мәтiннің мазмұнын нақты түсiнуін бағалауға емес, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған. Оқу сауаттылығын бағалау барысында үш аспекті есепке алынады: оқу материалдарының форматы, тапсырманың түрi, мәтiннiң қолдану жағдайы немесе мақсаттары. Зерттеу барысында мәтiнді толық түсiнгенін дәлелдейтін машықтары мен меңгере білу деңгейлері бағаланады: мәлiметтi табу, мәтiнді түсіндіріп беру, мәтiннiң мазмұнына немесе оның формасына рефлексия және олардың бағасы. Мәтіннен мәлімет таба білуді бағалау үшін, мәтінді қарап шығып, оның негізгі элементтерін анықтау және сұрақтан гөрі қажетті (синонимдiк) форманы бейнелеген мәліметті іздестіру үшін тапсырмалар қолданылады. Оқушылардың мәтінді түсіндіріп беру қабілетін бағалау барысында мәтінде берілген әртүрлі мәліметтерді салыстыру, автордың сипаттаған ойларынан қорытынды жасау немесе мәтiннiң мәнiн түсіну ұсынылады. Рефлексияны бағалау барысында мәтіннің мазмұны немесе формасына, оқушы тапсырманы орындау барысында мәтіндегі мәліметті өзге де ақпарат көздерінен алған білімдерімен байланыстыра білуі, мәтінде берілген бекітулерді өмір туралы өз көзқарастарымен байланыстырып, дәлелдеулеріне көңіл бөлінеді.

 

Мен биология пәнінің мұғалімі болғандықтан, мен өз сабақтарымда оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыруым керек, яғни алған білімдерін практикалық жағдайда тиімді қолдана білуге ​​және оны әлеуметтік бейімделу процесінде сәтті қолдануға үйретуім керек. Ол үшін алдымен PISA тапсырмаларының құрылымымен танысу керек. PISA ғылыми сауаттылық тестілері келесідей құрылымдалған:

Мәтінмән: жеке; жергілікті / ұлттық; ғаламдық;

(Студенттерден құзыреттілікті көрсетуді талап етеді)

Құзыреттілік: құбылыстарды жаратылыстану ғылымы тұрғысынан түсіндіре білу; ғылыми зерттеулерді бағалау және жобалау; деректер мен дәлелдемелерді ғылыми тұрғыдан түсіндіру.

 (Оқушы мұны қалай жасайтынына білім мен көзқарас әсер етеді)

Білімдер: жаратылыстану білімдері; ғылым туралы білім.

Қатынастар: ғылым мен технологияға қызығушылық; ғылыми зерттеулердің ғылыми тәсілдерінің маңыздылығын мойындау; экологиялық проблемалар туралы хабардар болу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.