Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Халықаралық PISA тестілеуіне дайындаудың теорялық және әдістемелік негізі



1. Халықаралық PISA тестілеуіне дайындаудың теорялық және әдістемелік негізі

1.1 Халықаралық PISA тестілеуінің ерекшелігі

 

PISA халықаралық зерттеуі барлық білім беру ұйымдарындағы 15-жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстанудан білім жетістіктерін анықтауды мақсат етіп қояды. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, ол оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған. Зерттеу оқушылардың заттың терең мағынасын түсінуі мен себепсалдардың байланысын, жан-жақты оқу әрекеттерін мен оқудың негізін құрайтын: шығармашылық тапсырмаларды шешу мен табу дағдылары, мәліметтерді талдауы және түсіне білуі тексеріледі. Оқушылар өмірлік жағдайларда кездесетін проблемаларға қатысады. Олар кешенді ойлануды талап ететін жоспарлау мен бағалауды, проблемаларды шешуді, дәлелдемелер келтіруді және шешімдер қабылдауды және т.б.қажет ететін тапсырмаларды орындайды. PISA халықаралық зерттеуінің негізгі міндеті – білім беру саясатында ғылыми дәлелденген және жасампаздық шешімдерді шығару үшін білім беру саласындағы әлемдік басымдықтарды сипаттайтын зерттеу құралдарының негізінде объективті өлшеулер арқылы алынған айқын нәтижелерді талдау болып табылады. Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеу негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асырылады: «математикалық сауаттылық», «жаратылыстану сауаттылығы» мен «оқу сауаттылығы». Зерттеу оқушылардың оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын және интеллектуалдық қабілеттерін қолдана білу ептіліктерін бағалауға басым көңіл бөлінген. Зерттеудің әрбір кезеңінде үш зерттеу бағыттарының біріне ерекше көңіл (тесттің үштен екі бөлігі) бөлінеді. 2000 жылы зерттеудің негізгі бағыты «оқу сауаттылығы», 2003 жылы – «математикалық сауаттылық», 2006 жылы – «жаратылыстану сауаттылығы», 2009 жылы – «оқу сауаттылығы» және 2012 жылы - білім жетістіктерін бағалаудың негізгі аймағы «математикалық сауаттылығы» болды. PISA зерттеуінің кезекті 2015 жылы зерттеудің «жаратылыстану сауаттылығы» бағытына басым көңіл бөлінеді. PISA зерттеуінің әрбір кезеңіндегі бағалаудың басым аймағындағы өзгеріс зерттеудің негізгі бағыты бойынша толық ақпарат алуға және осы бағыттағы жетістіктеріне салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік береді [].

 

Қатысушылардың осындай құзыреттері үш бағытта – математикалық, оқу және жаратылыстану ғылымдарының сауаттылығы бойынша бағаланады. PISA-2015 бағалауының талдамалы құрылымы жаратылыстану ғылымдарының сауаттылығын ойшыл азаматтардың ғылым мен ғылыми бастамалармен байланысты мәселелермен айналысу қабілеті ретінде анықтайды. Сауатты адам ғылыми тұрғыдан ғылым және технологиялар туралы дәлелді талқылауға қатысуға дайын, ғылыми зерттеуді жобалау, деректер мен фактілерге түсінік беру дағдылары бар, ғылыми құбылыстар мен заңдылықтарды құзыретті түсіндіре алады. Оқу сауаттылығы білім алушының жазбаша мәтіндерді түсіну, пайдалану, ойлану және өз мақсаттарына жету үшін олармен жұмыс істеу, өз білімін және әлеуетін дамыту, сонымен қатар қоғам өміріне қатысу қабілеті ретінде анықталады. Математиканы әртүрлі жағдайларда тұжырымдау, қолдану және түсіндіру қабілеті математикалық сауаттылық ретінде анықталады. Бұл - математикалық талқылау және математикалық ұғымдарды, рәсімдерді, фактілерді және құралдарды, құбылыстарды сипаттау, түсіндіру және болжамдау үшін пайдалану дағдылары. PISA зерттеуі үшжылдық кезеңмен 2000 жылдан бері өткізіліп келеді. Осылайша, мемлекеттерге талдау жасау және білім беру саласында басқару шешімдерін қабылдау үшін уақтылы ақпарат беріледі. Бағалауды жиірек өткізген жағдайда, қабылданған шешімдердің тиімділігін анықтауға мүмкіндік болмайды. Әр кезеңде үш бағыттың біреуі анағұрлым егжей-тегжейлі талдау жасау үшін негізгі болып анықталады. Негізгі бағыт бойынша тесттік тапсырмалар «PISA-2015 халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері» Ұлттық есебі 7 барлық тапсырмалардың тең жартысын құруы мүмкін. Назарды кезеңдік ауысымы әр тоғыз жыл сайын бағыттың біреуіне егжей-тегжейлі талдау жасап, өзерістердің үрдісін анықтауға мүмкіндік береді.

 

PISA зерттеуінің құралдары:

Ø Тест тапсырмалары бар буклеттер;

Ø Білім беру ұйымының әкімшілігіне арналған сауалнама;

Ø Білім беру ұйымы оқушыларына арналған сауалнама;

Ø Тест өткізу туралы нұсқаулық;

Ø Білім беру ұйымының үйлестірушісіне арналған нұсқаулық;

Ø Тест тапсырмаларын бағалау, мәліметтерді енгізу және өңдеу жөніндегі нұсқаулықтар.

PISA зерттеуінің құралдары Консорциумның басшылығымен, жетекші халықаралық ұйымдарының сарапшылары мен қатысушы елдердiң мамандарымен өңделедi. Тест тапсырмалары бар буклеттер сұрақ-кітапша болып келеді, әрбір тапсырма бір мәселені суреттеген мәтінді қамтиды және мәтінмен қатар бірден алтыға дейінгі нұсқада жауабы бар сұрақтар, немесе таңдау бойынша қатар екi жауабы болуы мүмкін жорамалдар мен нақты бекiтулер қалыптарында көрсетiлген қиындық дәрежесі әртүрлі бірден алтыға дейін сұрақтар кіреді. Сұрақтардың қалған бөлімдеріне оқушылар өз жауаптарын құраулары керек, олардың кейбiрi қысқа жауапты, қалғаны толық жауаптарды талап етедi. Соңғысы тест тапсырушылардан жеке өзіндік пiкiрді талап етедi және өз көзқарасын айқындауға мүмкiндiк бередi. Өзге кейбір сұрақтар оқушылардан шеңберде шектелген жауаптар нұсқаларын таңдауын талап етеді, дұрыс немесе бұрыс болып бағаланады (жабық құрастырылған жауаптар). Тест жұмыстары аяқталған соң, әрбір оқушы жарты сағаттың ішінде білім алатын мекемесi, отбасы, араласатын ортасы, өз мүдделері туралы сұрақтарға жауап беріп, сауалнама толтырды. Қосымшабiлiмұйымдарыәкiмшiлiгiнен де сауалнамаларжүргiзiлдi.

 

 

PISA зерттеуі 15-жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстану бағытындағы пәндерден білім жетістіктерін мынадай мазмұн бойынша тексереді:

Оқу пәні бойынша:

 - «бірыңғай» мәтін (прозалық туындылар, мысалы, сипаттама, әңгіме, түсіндірме, дәйектеме);

- «бірыңғай емес» мәтіндер (графиктер, пішіндер, ақпараттық беттер және т.б.).

Математика пәні бойынша:

- мөлшер; - кеңістік және форма;

- өзгеріс және қатынас;

- белгісіздік.

Жаратылыстану пәні бойынша:

- заттың құрылысы және құрамы;

 - атмосфералық өзгерістер;

 - физикалық және химиялық өзгерістер;

 - қуат өткізу;

 - күш және қозғалыс;

- физиологиялық өзгерістер;

- генетикалық бақылау;

- экожүйе;

 - әлемдегі жер;

 - географиялық өзгерістер.

Оқушылардың білім жетістіктері мынадай құзыреттіліктер бойынша тексеріледі:

Оқу пәні бойынша:

- ақпаратты табу;

 - мәтінді талдауы;

- мәтін мазмұнына немесе формасына және оны бағалауына рефлексиясы. Математика пәні бойынша:

 - елестету (стандартты қабылдаулар мен әдістер, белгiлi алгоритмдарды қолдану; таныс өрнектермен жұмыс; қарапайым математикалық амалдарды орындау);

- байланыс орнату (тапсырманың бір түрінен екінші түріне өтуі, математикалық модельдер жасауы, есептердің шартын шешуде әртүрлі тәсілдерді қолдана білуі, тапсырма шешімін интерпретациялау);

 - пікір (күрделi мәселелер; ойлау және тұжырымдау; шығармашылық тәсілдер, шешу тәсілдерін өңдеу; жалпылау; дәлелдеу; математикалық икемділіктің кең спектрі).

Жаратылыстану пәні бойынша:

– жаратылыстану құбылыстарын сипаттай алуы, түсіндіре білуі және болжай алуы;

 – құбылыстарға ғылыми түсінік бере білуі;

 – ғылыми дәлелдерді пайдалануы және тұжырымдауы.

Зерттеу тапсырмалары мынадай жағдаяттарға сәйкес болады:

Оқу пәні бойынша:

– жеке мақсатта оқу (мысалы, жеке хат);

– қоғамдық мақсатты көздей отырып оқу (мысалы, ресми құжаттар);

– кәсіби қызметте оқу (мысалы, есептер);

– білім алу мақсатында оқу (мысалы, оқулықтар). Математика пәні бойынша: – жеке өмір; – оқу және кәсіби қызмет;

– қоғамдық. Жаратылыстану пәні бойынша:

– өмірдегі жаратылыстану;

– денсаулық;

– жер және қоршаған орта;

– жаратылыстану және техника.

Әрбір тапсырма бір мәселені суреттеген мәтінді қамтиды және мәтінмен қатар төрт немесе бес нұсқада жауабы бар сұрақтар, немесе таңдау бойынша қатар екi жауабы болуы мүмкін жорамалдар мен нақты бекiтулер қалыптарында көрсетiлген қиындық дәрежесі әртүрлі бірден алтыға дейін сұрақтарды қамтиды. Сұрақтардың қалған бөлімдеріне оқушылар өз жауаптарын құрастырулары керек, олардың кейбiрi қысқа жауапты, қалғаны толық жауаптарды талап етедi. Соңғысы тест тапсырушылардан жеке өзіндік пiкiрді талап етедi және өз көзқарасын айқындауға мүмкiндiк бередi. Өзге кейбір сұрақтар оқушылардан шеңберде шектелген жауаптар нұсқаларын таңдауын талап етеді, дұрыс немесе бұрыс болып бағаланады (жабық құрастырылған жауаптар).

Тест жұмыстары аяқталғаннан соң, әрбір оқушы жарты сағаттың ішінде білім алатын мекемесi, отбасы, араласатын ортасы, өз мүдделері туралы сұрақтарға жауап беріп, сауалнама толтырады. Қосымша бiлiм ұйымдары әкiмшiлiгiнен де сауалнамалар жүргiзiледi. Жауаптардың бағалануы халықаралық жауаптарды кодтау нұсқауының қатал орындалуы бойынша жүргiзiледi, әрбiр жауап өз кодына сәйкестелініп, бiлiктi мамандармен iске асырылады. Кейбір тапсырмалардың жауаптары дұрыс немесе бұрыс деп бағаланады, ал жартылай дұрыс немесе оңай жауаптар жартылай дұрыс деп бағаланады.

Нәтижелер қалай бағаланады Әрбір оқушының тесті орындауы, әр жеке зерттеу бағытына (математика және жаратылыстану) байланысты халықаралық 1000 балдық шкаламен бағаланады. Сонымен қатар, әрбір тапсырманың қиындық деңгейіне, нәтижелі орындау мүмкіндігіне байланысты сол шкалаға сәйкес жеке балдар беріледі. Зерттеуге қатысушы елдер оқушыларының 2/3 бөлігіне жуығы 400 бен 600 аралығындағы балл нәтижесін көрсеткен. Бұл стандартты ауытқуы 100 болатын орташа мәні 500 балға тең халықаралық 1000 балдық шкала сипаттына сәйкес. Қатысушы елдің оқушыларының тапсырмаларды (ең қиын) орындай алуы әрбір ел үшiн орта балл көрсеткіші болып табылады.

 

 

1.2 Pisa зерттеуінің негізгі бағыттары



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.