Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Оқушыларды биология пәнінен халықаралық PISA тестілеуіне дайындау



Оқушыларды биология пәнінен халықаралық PISA тестілеуіне дайындау

ЖОСПАР

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі

Дипломдық жұмыстың мақсаты,міндеті

Болжамы,әдістері,жаңалығы

1. Халықаралық PISA тестілеуіне дайындаудың теорялық және әдістемелік негізі

1.1 Халықаралық PISA тестілеуінің ерекшелігі

1.2 Pisa зерттеуінің негізгі бағыттары

2. Оқушыларды биологя пәні бойынша халықаралық PISA тестілеуіне дайындау әдістемесі

2.1 Оқушыларды тестілеуге дайындаудың моделі

2.2 Оқушыларды халықаралық PISA тестілеуіне дайындау бойынша жүргізілген тәжірибе жұмысы және оның нәтижесі

 

Кіріспе

Қазіргі таңда заманауи экономикаға академиялық білімді және дағдыларды жоғары кәсіптік деңгейде қолданатын адамдар керек. PISA құралнамасы осы дағдыларды өлшеу, зерттеудің қатысушылары алған білімді тарату және өмір жағдайында қолдану дәрежесін анықтау мүмкіндігін ұсынады.

Қазақстандық білім беру модернизациясының тиімділігі көбінесе мониторингтік зерттеулер мен бағалау технологиясының аясында алынған объективті мәліметтерді пайдалану деңгейіне тәуелді болып отыр. Алынған кең көлемді ақпарат жоспарланған және қол жеткізген нәтижелердің арақатынасын белгілеуге, шешімдер шығаруды талап ететін аса маңызды мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеулер нәтижесінде алынған мәліметтер әлемдік білім беру жүйесінде қазақстандық білім сапасын анықтауға қатысты болжамдар жасауға бағыттайды. Көптеген елдерде бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері болып білім алушылардың математика, жаратылыстану және оқу бағыттарындағы білімдерінің жоғары деңгейі негізгі ғылым мен заманауи технологияның дамуы арқылы қарастырылады. Қазақстанның халықаралық салыстырмалы зерттеулерге қатысуы елдің білім сапасын дамытуда стратегиялық маңызы зор. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011- 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясындағы нысаналы индикаторлардың негізгі бағыттары болып Қазақстанның білім сапасын халықаралық зерттеулердің (TIMSS, PISA, PIRLS) нәтижелері бойынша жасалған рейтингтегі орны көрсетілген [.111]. Әлемнің жетекші білім жетістіктерінің сапасын бағалау саласындағы мамандармен дайындалған педагогикалық өлшеулердің заманауи технологияларын қолдану, Қазақстанның білім сапасын мониторингілеу жүйесін неғұрлым экономикалық тиімді әлемдік стандарттар деңгейінде құруға мүмкіндік береді. Бұл әдістемелік құралда PISA халықаралық зерттеуі туралы мәліметтер, математика мен жаратылыстану сауаттылығын анықтау мақсатындағы бірегей құралдары ұсынылған. Әдістемелік құралды 15 жастағы оқушыларға математика мен жаратылыстану сабақтарында көмекші құрал ретінде мұғалімдерге пайдалануға ұсынылады. Ұсынылып отырған әдістемелік құрал PISA-2015 халықаралық зерттеуінде қазақстандық білім алушылардың білімін жоғары деңгейде көрсетуіне мүмкіндік береді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.