Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Математикалық сауаттылығы



Математикалық сауаттылығы

PISA халықаралық зерттеуінің математика сауаттылығы бойынша тест тапсырмалары оқушының жеке ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Ол математикалық ойлаудан және құбылыстарды сипаттауға, түсіндіруге және болжау үшін математикалық тұжырымдамаларды, рәсімдерді, айғақтарды және құбылысты қолданудан тұрады. PISA тестіндегі математикалық тапсырмалар сонымен бірге, оқушыларға математиканың олардың өмiрiнде қандай рөл атқаратынын түсінуге көмектеседi. PISA тестіндегі математикалық тапсырмалар оқушыларға сандық, кеңістік, ықтимал болатын және басқа да математикалық тұжырымдамалары бар математикалық мәселелерді талдауға, ойластыруға, шешуге және түсінік беруге мүмкіндік туғызады. Сонымен, PISA зерттеуінде 15-жастағы оқушылардың күнделiктi өмiрде туындайтын көптеген мәселелердi шешу үшiн алған білім және біліктілік қабілеттерін анықтау және бұл қабiлеттiлiктiң даму тенденцияларын айқындау басым сипатта болып табылады. 15-жастағы оқушылардың математикалық дайындықтарын тексеру мазмұны математикалық сауаттылық түсінігіне негізделген, ол «адамның өмір сүретін әлемде математиканың рөлін анықтау және түсіну қабілеті, жақсы қисынды математикалық пікірлерді айту, қазір және келешекте мүдделi, саналы азамат жасайтын қажеттiлігін қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу» деген түсінікті береді. Математикалық сауаттылық деген ұғымға оқушылардың келесі қабiлеттiлiктері жатады: Ø қоршаған ортада пайда болатын және математика арқылы шешуге болатын Ø мәселелерді тани білу; Ø бұл мәселелерді математика тiлiнде құрастыру; Ø бұл мәселелердi математикалық айғақтар мен әдiстерді қолдана отырып шешу; Ø шешiмдерде қолданылған әдiстерді талдау; Ø қойылған мәселелерді есепке ала отырып нәтижелерді түсiндiру; Ø шешiмдердің нәтижелерiн құрастырып жазу. 12 PISA зерттеуiнде оқушыларға қазақстандық мониторингтік зерттеулерге тән типтік математикалық есептер ұсынылмайды. Бұл зерттеудегі математикалық тапсырмалар нақты өмірлік мәселелерге жақын, қоршаған өмірдің түрлі аспектілерімен байланысты және өз шешiмдерi үшiн математикалық талдауды талап ететiн, мектептiң өмiрi, қоғам, оқушының жеке өмірі, кәсiби қызметi, спорт және т.б. туралы мәлiметтер ұсынылады. Зерттеу тұжырымдамасына сәйкес, әрбір тапсырма математиканың мазмұнды бөлімдерінің біріне сәйкес келеді: - сандар; - кеңiстiк және форма; - өзгерiстер мен қатынастар; - белгісіздік. Оқушылардың математикалық сауаттылығының деңгейі, осы аталған мазмұнды бөлімдермен қатар «математикалық құзыреттiлiктiң» даму деңгейімен сипатталады. Оқушылардың математикалық құзыреттiлiгi зерттеуде «тұлғаның математикалық бiлiмдерінің, біліктілігінің, тәжірибесінің және қабілеттерінің үндесуімен» анықталады. Зерттеуде үш математикалық құзыреттiлiктiң деңгейлерi қарастырылады: елестету деңгейi, байланыс орнату деңгейі, ойлау деңгейi.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.