Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ПӘННІҢ СИПАТТАМАСЫ



3. ПӘННІҢ СИПАТТАМАСЫ

       Мақсаты: «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың жаңғыруы» мемлекеттік бағдарламасында айқындалған қоғамдық сананы жаңғырту міндеттерін шешу мәнмәтінінде (контекстінде) білім алушылардың психологиялық дүниетанымын қалыптастыру болып табылады.

       Пәнді оқыту міндеттері:

- негізгі психологиялық, гуманитарлық ұғымдарды, қоғам мен оның кіші жүйелерін зерттеуге арналған теориялар мен тәсілдерді меңгеру;

- қазіргі қоғамның және оның әлеуметтік институттарының жұмыс істеуінің негізгі принциптері туралы идеяларды қалыптастыру;

- заманауи қоғамның психологиялық мәселелерін сипаттау және талдау дағдыларын дамыту, психикалық процестер мен механизмдердің мәнін өзара байланысын қалыптастыру;

- студенттердің психологиялық ақпарат алудың негізгі көздері мен әдістерін игеру;

- психологиялық білімді кәсіптік қызметте пайдалану дағдыларын үйрету;

- сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру және оны практикада қолдану мүмкіндігі.

6В04101-Учет және аудит; 6В04103-Экономика; 6В04102-Қаржы; 6В11322- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, 6В11325-Логистика (бағыттар бойынша), 6В06104-Ақпараттық жүйелер; 6В06105-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; 6В06266-Радиотехника, электроника эәне телекоммуникацияларбілім беру бағдарламасы шеңберінде пәндер бойынша қалыптасатын оқытудың негізгі нәтижелері (РО):

НН 1 – Әлеуметтік және кәсіби маңызды тәжірибені талдау және сыни тұрғыдан түсіну, мәдениетаралық ортада ауызша және жазбаша түрде тиімді қарым-қатынас жасау, мемлекеттік және орыс тілдерінде, сондай-ақ шет тілдерінің бірінде көпшілік алдында сөйлеу қабілеті, кәсіби мәселелерді шешуде гуманитарлық ғылымдар туралы білімдерін қолдану, физикалық, рухани және адамгершілік қасиеттерін дамыту.

НН 2 – әлеуметтік-экономикалық, саяси, тарихи, ұлттық-мәдени, психологиялық, құқықтық факторларға, әлеуметтік процестер мен құбылыстарға талдау жүргізу және оларды ұйымдастырушылық-басқарушылық, жобалық-аналитикалық, ғылыми-зерттеу іс-әрекеттерінде қолдану, психологиялық білімдерді кәсіби мәселелерді шешуде пайдалану және өзін-өзі оқытуға, өзін-өзі дамытуға қабілеті.

НН 14 – әлеуметтік маңызды мәселелер мен процестерді талдай білу және әлеуметтік, кәсіби қызметтің әртүрлі түрлерінде гуманитарлық, әлеуметтік ғылымдар әдістерін практикада қолдана білу. Қоғамдағы, оның ішінде кәсіби қоғамдағы жанжалды жағдайларды шешу бағдарламаларын әзірлеуге қабілетті. Әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дұрыс білдіру және дәлелді қорғау дағдыларын меңгерген, жан-жақты әлеуметтік-гуманитарлық білімі мен мүдделері бар тұлғаның өзін-өзі жетілдіруге және кәсіби өсуіне қабілеті.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.