|
|||
тәжірибелік сабақ. Ылғалды ауаның I-d диаграммасы. тәжірибелік сабақ. Ауамен жылыту жүйелерін есептеу⇐ ПредыдущаяСтр 14 из 14 №14 тәжірибелік сабақ Ылғалды ауаның I-d диаграммасы Жылу алмастырғыштарды есептеу ауадан түсетін ылғалдың мөлшерін және суықтың шығынын анықтайды. Шығыны L = 11400 м3/сағ мөлшеріндегі параметрлері t = 30°С және салыстырмалы ылғалдылығы φ = 50% ауа t = 13°С дейін салқындатылады, осыған сәйкес ылғалдылығы φ = 90% дейін көтеріледі. Ауаның ылғалдылығының i-d диаграммасын қолданамыз. Ауаның параметрлеріне сәйкес i-d диаграммаға параметрлердің бастапқы (1) және соңғы (2) нүктелерін қойдық. I-d диаграммасына сәйкес (1) ылғалдылық = 13,3 г / кг, энтальпия = 64 кДж / кг. (2) нүктеде ылғалдың мәні = 8,8 г / кг, = 33 кДж / кг болады. Ауа салқындатқыштың бетіне түскен ылғал мөлшері мына өрнектен анықталады: W=L×( - ) =11400×(13,3 - 8,8)=51300 г/ч. (1) Суықтың шығын теңдіктен анықталады: Q=L×( - ) =11400×(64 – 33) = 353400 ккал/ч. (2)
№15 тәжірибелік сабақ Ауамен жылыту жүйелерін есептеу Ауамен жылыту жүйелері бөлінеді: 1) бастапқы жылу тасымалдағыштың түрі бойынша - бу-ауалық, су-ауалық, газ-ауалық және электр-ауалық; 2) жылытылатын ауаны жылжыту әдісіне сәйкес – мехъаникалық желдеткіш көмегімен жүзеге асырылатын және табиғи жылытқышқа дейін және одан кейінгі ауаның температуралық және көлемдік массаларының ауытқуы салдарынан ауа қозғалысымен; 3) жылытылатын ауаны дайындау орнына сәйкес – орталықтандырылған бір орталықтан бірнеше бөлмеге және орталықтандырылмаған - жергілікті жылыту және жылыту-желдету қондырғыларымен ауамен қамтамасыз етілген; 4) үй-жайға берілетін ауаның сапасы бойынша - тек сыртқы ауада жұмыс жасайтын тікелей ағынды; рециркуляциялық - сол ауаның қозғалуымен - және ішінара рециркуляциялық. Ауаны жылыту жүйесі үшін Q, кДж / сағ жылу шығыны формулалар бойынша анықталады: Толық ауа айналымымен Q1 = с хGpх(tбер –tі ) Сыртқы ауамен жұмыс жасағанда Q2 = с хGсх(tбер –tс ) Ауаның ішінара рециркуляциясы кезінде Q3 = с хlGрх(tбер –tі ) + Gсх(tбер –tі )l Мұндағы Gр, Gс - рециркуляциялық және сыртқы ауаның мөлшері, кг / сағ; tбер - берілетін (беріс) ауаның температурасы,; tі - ішкі ауаның есептелген температурасы; tс - есептелген сыртқы температура,; C - ауаның массалық жылу сыйымдылығы 1 кДж / (кг К). Ауа ағындарының саны n формуламен анықталады: Олардың параллель бағытымен қозғалғанда n = V/B×H×lағ Олардың веерлік бағытымен қозғалғанда n = V/0,4×R2ағ×Н мұндағы - V - үй-жайдың ішкі көлемі, м3; B, H - бір ағынмен қызмет етілетін бөлме аймағының ені мен биіктігі, м; lағ, Rағ - ағынның қашыққа жеткізуі және радиусы, м.
|
|||
|