Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тәжірибелік сабақ. Ішкі кәріз жүйесі мен схемасын таңдау



№9 тәжірибелік сабақ

Ішкі кәріз жүйесі мен схемасын таңдау

Қарастырылып отырған ғимарат үшін біз ҚНж ережелеріне сәйкес K1 ішкі тұрмыстық кәріз жүйесінің құрылғысын таңдаймыз [1].

Ғимараттың ішкі кәріз жүйесіне келесі элементтер кіреді: ағынды суларды қабылдағыштар, гидравликалық қақпалар, кең қоңыш тәрізді байланыстырушы бөліктер мен құбырлардан бекітілген ішкі кәріз желісі.

Семестрлік жұмыста кәріз жүйелеріне арналған құбырлардың материалын таңдап аламыз [1] және ГОСТ 6942-98 сәйкес шойын кәріз құбырларын қабылдаймыз.

Кәріз желісінің учаскелері қысқа учаскелерге тік бағытталып, иілу нүктелерінде және құбырлардың басталу нүктелерінде тазартқыштар орнатылуы керек. Төбенің астында, жертөлелерде және техникалық еден астында орналасқан бұрылатын (шығатын) құбырларға тұрақтар қосылу үшін, қиғаш (қисық, шәлкес) крестовина (тетік) мен үштік (үш тармақ) қарастырылған.

Егер санитарлық құрылғылар шегіністердің астына бекітілген болса, кәріздік тұрақтарда шегініс құрылғыларына жол берілмейді.

Ванналардан тұраққа тармақталған шығару құбырларды бірдей белгімен қосуға тек қиғаш (қисық, шәлкес) крестовина (тетік)қолдану арқылы рұқсат етіледі.

Бір қабаттағы әртүрлі пәтерлерде орналасқан сантехникалық құрылғыларды бір тармақ шығаратын құбырына қосуға жол берілмейді.

Біз санитарлық құрылғыларды гидравликалық қақпа (сифондар) көмегімен қосамыз. Шығаратын кәріз құбырларын еденнен жоғары тұрақтарға саламыз.

Ағынды сулардың аз шығыны кезіндегі құрылғылардың аз санынан шығару құбырлары әдетте теңгерімсіз (есептелмейтін) болып жіктеледі және олардың диаметрі қосылған құрылғылардың ең үлкен шығу диаметріне байланысты белгіленеді.

Пәтерлердің шығатын түтіктерін конструктивті түрде (есептеместен) 0,02 еңістікпен дәретханалардан диаметрі 100 мм, раковиналардан, жуғыштар мен ванналардан 0,03 еңістікпен диаметрі 50 мм тағайындаймыз [1, 18.2 пункты].

Кәріз тұрақтарын - тік құбырларды біз сарқынды (ағынды) қабылдағыштардың (сантехникалық құрылғылардың) жанына орналастырамыз. Егер сантехника кабиналары  қолданылса, онда тұрақтарды монтаждық шыхталарда дәретхана сияқты бірдей оське орнатылады. шығаратын құбырларының ұзындығы минималды болуы керек. Кәріз құбырлары мен тұрақтарды сыртқы қабырғаларға және тұрғын үй-жайларға салынбауы керек. Барлық жоспарларда, қималарда, схемаларда тұрақтармен сарқынды су қабылдағыштары көрсетілуі керек. Мысалы: Тұрақ К-1-1шаруашылық-тұрмыстық кәріз тұрағы, тұрақ -К -2-1 жауын-шашын суын төгетін түтік.

Барлық тұрақтар шатырдың үстіне көтерілетін шығатын бөлігінен тұрады,  олар пайдаланбайтын жайпақ шатыр (жабын) болса жабыннан 0,3 м биік, құламалы шатырлы болса-0,5 м және пайдаланатын төбесі болса -3 м [1, 17.18 пункты.].

Тұрақтың шығатын бөлігінің диаметрі тұрақтың диаметріне тең алынады [1, 17.20 пункті].

Вакуумдық клапандарды орнату кезінде шатырдың үстіне тұрақ орналастыру қажет емес (біздің жағдайда мұндай клапан қолданылмаған).

Үстіңгі және бірінші қабаттардағы тұрақтарда және биіктігі бойынша кемінде әр үш қабатта тазартуға арналған нұсқаларды (ревизия) орнатамыз. Тұрақтың түбінде қатаң негізі болуы керек.

Кәріздік тұрақтың диаметрі 1-ші кестеге сәйкес ағынды сұйықтықтың есептік ағымының мәніне, әр қабаттық шығаратын құбырдың ең үлкен диаметріне және оны тұраққа қосу бұрышына байланысты қабылдануы керек.

Кәріз жүйесін орнатудың ерекшелігі - ол кең қоңышты қосылыстармен жиналады, ал құбыр бұрылыстары мен бүйірлік қосылыстар фасонды бөліктерді қолдана отырып реттеледі.

Тұрғын үйлерде, әдетте, үйдің бір секциясына бір шығыршық алуға болады.

Ғимараттың сыртқы қабырғасының алдындағы аула суларының жақын орналасқан бақылау құдығының осіне дейін тұрақтан немесе тазартқыштан қабылдайтын шығыршық ұзындығы кем дегенде 3 м, бірақ 8 м аспау керек және шығыршықтың диаметрі 50 мм болғанда, егер диаметрі 100 мм болса-12м және диаметрі 150 мм болса-15 м.

Ғимарат ішіндегі бірнеше тұрақтарды шығару  құбырларымен біріктіріп, бір шығыршыққа қосуға болады. Ғимарат ішінде кәріз тұрақтарынан және шығыршықтан шығару құбырлары жертөле қабырғаларына оның төбесінің астына, жертөле еденінің үстіндегі кірпіш бағаналарға немесе қажет болған жағдайда жертөле еденінің астына немесе топыраққа салынуы мүмкін.

Ішкі кәрізінің құбырларында ревизия немесе тазартқыш қондырғы қарастырылуы керек [1, 17.23 пунктіне сәйкес]:

- шегінісі болмаған кезде тұрақтарда - төменгі және жоғарғы қабаттарда, ал шегініс болған жағдайда - шегіністен жоғары тұрған қабаттарда;

- биіктігі 5 немесе одан көп қабатты тұрғын үйлерде - кем дегенде үш қабаттан кейін - желі бұрылыстарында - егер су құбырларының учаскелері басқа учаскелер арқылы тазалана алмайтын болса, ағынды сулардың қозғалыс бағыты өзгерген кезде;

Кәріз желісінің көлденең учаскелерінде тазартқыштар үшін құрылғылар арасындағы рұқсат етілген ең үлкен қашықтықты ескеру қажет: D = 50 мм, тазартқыштар 8 м-ден, ал ревизия 12 м-ден; D = 100 және 150 мм болғанда жағдайда –тазалауға 10 м, , ал ревизия 15 м .

Шығыршықтың диаметрі есептеу арқылы анықталуы керек, бірақ ол осы шығыршыққа қосылған ең үлкен тұрақтың диаметрінен кем болмауы керек.

Шығыршықтар аула желісіне судың бағыты бойынша кем дегенде 90 ° бұрышта қосылуы керек. Шығыршықтарды аула желісіне ең қысқа қашықтықта сыртқы қабырғаларға перпендикуляр орналастырылады. Шығарылымдарды ғимараттың негізгі қасбетіне бағыттау ұсынылмайды. Шығарылымдар жертөленің қабырғаларын немесе ғимараттың іргетасын кесіп өткенде, су қабылдайтын кіріске ұқсас шараларды қарастыру қажет.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.