Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тәжірибелік сабақ. Су құбырлар желісін гидравликалық есептеу.



№5 тәжірибелік сабақ

Су құбырлар желісін гидравликалық есептеу.

Сумен жабдықтау желілерін гидравликалық есептеудің келесі әдістері бар: Лобачев-Кросс әдісі (кейбір әдебиеттерде итерация әдісі, жақындату  әдісі деп аталады), Андрияшев әдісі, Белан әдісі.

Гидравликалық есеп өткізуден бұрын алдын-ала жұмыстар жүргізіледі. Сумен жабдықтау желісін трассалау қағидаларын сақтай отырып, территория жоспарында айналмалы (сақиналы), тармақталған , құрастырылған (аралас) сумен жабдықтау желісін алуға болады. Су мұнарасын ауыл маңында жер бетінен биік жерде орналасуын жоспарлап, желінің көректену схемасын таңдаймыз.

Есептік учаскінің максималды ұзындығы 800 метрден аспауы керек. Жоспар бойынша салынған сумен жабдықтау жүйесінің барлық негізгі сызықтары есептеу үшін жеке учаскілерге бөлінген.

Әр есептеу учаскісінің басталу және аяқталу нүктелері түйіндер деп аталады және сериялық нөмірлермен белгіленеді. Түйіндер суды көп тұтынатын барлық жерлерде, сондай-ақ желілердің қиылысу нүктелерінде тағайындалады.

Түйіндер тағайындалғаннан кейін, желі учаскілерінің масштабқа сәйкес ұзындығы анықталады және суды алу схемалары жасалады. Есептеулерді семестрлік жұмыста жеңілдету үшін тек 2 жағдайда ғана қарама-қарсыі-резервуарлық желіні есептеуге рұқсат етіледі: ең жоғарғы сағаттық (максималды секундық) шығынды өткізуге және сол уақытта өрт болған жағдайда тексеру үшін(qmaкс.сек + qөрт.). Қарама-қарсы резервуары бар желі дегеніміз- бұл желі ең жоғарғы тұтыну сағаттында екі жағынан сумен көріктенеді.

Судың меншікті шығыны тарату желісінің  ұзындығының 1 метрге алынуына формула бойынша есептеледі:

 л/с.м.                                                                          (1)

qравр -мұндағы- желі бойынша біркелкі таралған шығын оны  судың максималды шығыны сағатында суару мен елдің тұтыну шығыны деп қабылдауға болады; L - үйлермен салынған учаскелердің ұзындығының қосындысы (бұл сантехникалық учаскелерді, игерілмеген аумақтардан өтетін учаскелер мен су өткізгіш өтетінді учаскілер ұзындығы есептелмейді).

Жолшыбай (жолдық) шығынды келесі формуладан табуға болады

=  ,                                                                                      (2)

Мұнда  - желі учаскісінің ұзындығы, м. Жеңілдету мақсатында жолшыбай шығынды түйіндіге алмастырып және есептеуді келесі формула бойынша анықтауға болады:

л/с                                                                          (3)

Мұндағы  - жинақталған шығын, немесе ірі су тұтынушылардың шығыны (өндірістік және мал шаруашылық сектор).

Түйіндік шығындар жобалық сызбада көрсетіледі және ағындарды бөлу принципін сақтай отырып, алдын ала шығындар анықталады.

Мөлшерленген есептік шығындар бойынша учаскілердегі экономикалық қубырлардың тиімді диаметрлері анықталады, ол үшін Н.А.Карамбиров формуласын, Ф.А.Шевелев кестесін, В.Г.Лобачев номограммасын қолдануға болады.

ҚНжЕ бойынша тарату желісіндегі құбырдың минималдық диаметрін 100 мм (қалалық жүйелерде) және ауылшаруашылық жүйеде 75 мм қабылданады.

Желі үйлесуін Лобачев-Кросс (итерация) тәсілімен жүргізеді. Учаскідегі арын шығыны (жоғалуы) келесі формуламен анықталады:

Мұндағы  - V=1m/c кезінде құбыр материалы мен диаметрлерге тәуелді меншікті кедергі;  - жылдамдығына түзету коэффициенті; L – желі учаскісінің ұзындығы, м ; q – желі учаскісі бойынша шығын, л/с.

Гидравликалық есептеу жүргізген кезде жеке (0,5м дейін) және контур бойынша (1м дейін) айналма (сақина) бойынша арын шығынының мүмкін байламдары (үйлесімсіздігі) қабылданады. Сонымен сақина бойынша түзету шығындары келесі формуламен анықталады:

Мұндағы  - үйлесетін сақина бойынша арын шығынының байламы, м;

Бақылау сұрақтары;

1. Егерде меншікті шығыны 0,025 л/с және учаскі ұзындығы 500 м болғанда жолшыбай (жолдық) шығын қанша болғаны?

2. Шойын құбырларының қосылыстары

3.Ауылшаруашылық су құбырларының минималдық диаметрі?

4. Судың меншікті шығыны дегеніміз не?

5. Гидравликалық есептеу жүргізген кезде айналма (сақина) бойынша арын шығынының мүмкін байламдары (үйлесімсіздігі).

6.Су құбырлар желісінің гидравликалық есептеу кестесінің авторы?

7. Қарама-қарсы резервуары бар желі дегенді қалай түсенесіздер?

8.Түзету шығынын анықтау формуласында арын шығынының байламы келтірілген, қай көрсеткіш көрсетілмеген?

9. Су өткізгіштердің учаскелерін босату үшін не қолданылады?

10. Меншікті шығын өлшемі.

11. Ұзындығы 750 м учаскідегі жол бойы шығынын анықтаңыз, 8500 м бойы бірқалыпты тараған шығыны 17 л/с болса.

12. Итерация әдісінен Лобачев-Кросс әдісінің артықшылығы?

13. Егерде магистральдық желінің жалпы ұзындығы 4000 м және коммуналдық сектордың сағаттық шығыны 75,6 м3/сағ, шоғырланған шығын 3,6 м3/сағ тең болғанда меншікті шығын қанша болғаны?

14. Қарама-қарсы резервуары бар желіде су тұтынудың жоғарғы сағатында желінің ең бастапқы нүктесіне келетін шығын?

15. Мұнара арқылы көректенетін сумен қамту жүйесінде бастапқы нүктеге келетін өтім

16. Стендер дегеніміз не?

17. Вантузды орналастыруға не қажет?

18. Егерде шоғырланған шығыны 5 л/с, жоғарғы секундалық шығыны 35 л/с және жалпы учаскілер ұзындығы 8000 м болған жағдайда меншікті шығыны қаншаға тең?

19. Желіні гидравликалық есептеуде Кирхгоф заңын қолдану шарты.

20. Егерде тау жиегінде орналасқан елдімекенге су төбе жағынан берілсе су құбырлар желісінің қай көректену схемасы қабылданады?

21. Егерде тау жиегінде орналасқан елдімекенге су төмен жағынан берілсе су құбырлар желісінің қай көректену схемасы қабылданады?

22. Егерде кішігерім елдімекен кең көлденең жазықтықта орналасса су құбырлар желісінің қай көректену схемасы қабылданады?

23. Су құбырлар желісінің контуры бойынша арын шығынының (жойылуының) шекті мәні?

24. Су алу колонкалары қалай орналасады?

25. Су құбырлар желісіндегі өрт гидранттардың өз ара арақашықтығы?

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.