Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



№15 ЛЕКЦИЯ. ҰРШЫҚСЫЗ ИІРУ. ИІРУДІҢ БАСҚА ӘДІСТЕРІМЕН САЛЫСТЫРҒАНДАҒЫ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ. ПНЕВМОМЕХАНИКАЛЫҚ ИІРУ МАШИНАЛАРЫ

Қазіргі кезде жүн өнеркәсібінде иірудің жаңа әдістері де көбірек қолданылады: жүнді аппаратты иірімжіп алу үшін пневмомеханикалық, роторлы – иіру өндірісінің қалдықтарынан аппаратты иірімжіп өндіру үшін. Тарақты иірімжіп өндіру үшін, өзінен ширатылу әдісі, меңгеру кезеңінде. Иірудің бұл әдістердің жоғары тиімділігі, иірімжіпті шығару жылдамдығы 2-10 есеге жоғарылауымен және шикізатты үнемдеумен шартталынады.

Өздігінен ширатылымы бар иіру машиналары, тарақты өздігінен ширатылатын иірімжіп өндірісіне арналған жүннен екі қабатталатын, жүннің химиялық талшықтармен қоспасында және химиялық талшықтардың таза күйінде. Өндірілетін иірімжіптің сызықтық тығыздығы 22,2 текс×2,  31,2 текс×2, 41,8 текс×2.

 

 

Сурет 1.Өзіндік ширатылымды машинасының технологиялық сызбасы  

 

Созба 1 катушкалардан тарқатылып, созу аспасбына 2 келіп түседі. Созу аспабы үш цилиндрлі, екі белдемшелі, жалпы созбасы 10-30. Созу аспабынан шығатын мычкалар вихрлы камера блогына 3 келіп түседі. Машинада 4 блок орнатылған және 8 созбадан 4 өзіндік ширатылған жіптер өндіріледі.

 

 

Сурет 2. Аэродинамикалық ширату қондырғыларының сызбасы

 

Дайын иірімжіп 4 білікшелерінің тартпалы буымен шығарылады ( 2-сурет ), үзілу датчигі арқылы өтеді және 5 бұранда жырасы бар 6 бұрама барабаншасымен бобинаға оралады. Иірімжіптің машинада шығарылу жылдамдығы 200 м/мин. дейін.

Пневмомеханикалық иіру машинасы

ППМ-240-Ш пневмомеханикалық иіру машинасы (50% дейін) жүнмен химиялық талшықтар қоспасынан алынған72-330 тексті аппаратты жартылай жүнді иірімжіпті өндіруге арналған.

Машинаның жұмыс істеу принципі, мақта талшығына арналған БД-200 пневмомеханикалық иіру машинасына ұқсас болып келеді. Иірудің аппаратты жүйесінде қолданылатын талшық қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты машинаның жұмысшы бөлшектерінің құрылымы өзгертілген. Қоректендіру және дискреттеу аймағында диаметрі 40 мм инелі қоректендіргіш білік орнатылған. Тісті дискреттейтін барабанның диаметрі үлкейтілген (140 мм), оның айналу жиілігі 4000-6000 мин-1 диаметрі 120 мм, иіру камерасы 10000-14000 мин-1 жиілікпен айналады, бұл иірімжіптің 28-50 м/мин шығу жылдамдығын қамтамасыз етеді.

Иірімжіп сызықтық тығыздығы 8-15 ктекс таспадан өндіріледі, машинадағы жалпы созу 40-150, иірімжіптің ширатылымы 200-500 ширату/м.

ППМ-240-Ш машинасында алынған иірімжіп құрылымы жағынан сақиналы иіру машинасынан алынған иірімжіптен айырмашылығы бар, яғни бұл иірімжіптің үзілмелі салмағы төмен және жоғары ширатымда өндіріледі.

 

 


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Карабасов Ю.С. Новые материалы.- М.: МИСИС, 2002г.

2. Бузов Б.А. Управление качеством продукции. М. Издательский центр, «Академия», 2006г.

3. Маханбеталиева К.Т., Мухамеджанова С.Н. Текстиль материалдарының жалпы технологиясы. Тараз университеті» баспасы, 2009 – 160б.

4. Маханбеталиева К.Т., Мухамеджанова С.Н. Текстиль материалдарының жалпы технологиясы бойынша зертханалық практикум. Тараз университеті» баспасы, 2007 – 220б.

5. Маханбеталиева К.Т., Мухамеджанова С.Н. Маталар ассортименті, қасиеттері және айқаспа түрлері. Тараз университеті» баспасы, 2016ж.

6. А.Г. Севостьянов, Н.А. Осьмин, В.П. Щербаков и др. Механическая технология текстильных материалов – М.: М:Легпромбытиздат, 1989г.

7. Бадалов К.И. и др. Проектирование технологии хлопкопрядения. Учебник для вузов – М.: МГТУ им. А.Н. Косыгина ООО «Совъяж Бево»,Москва 2004г.

8. Маханбеталиева К.Т., Шардарбек М.Ш. Жаңа текстильді материалдар. Тараз университеті баспасы, 2016.-139б.

8. Шалов И.И и др. Технология трикотажа.-М М: Легпромбытиздат,1986-376с.

9. Протасова В.А. Прядение шерсти и химических волокон. – М.: Легпромбытиздат, 1987г.

10. Справочник по хлопкопрядению. М.: Легкая и пищевая промышленность, 1985г.

11. www.textilmach.com



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.